«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ресейлік инвесторларды қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Олар жазға қарай тоқыма полипропилен және геосинтетика өндіру цехына қатысты құны шамамен 3,6 млрд теңге болатын екі жобаны Атырау өңірінде жүзеге асыра бастайды. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов елімізде инвесторлар үшін ерекше жағдай жасалғанына жан-жақты тоқталды. «Инвестициялық климаттың заманға сай қолайлы болуы үшін жылдар бойы құқықтық тұрғыдан ауқымды жұмыстар жасалып келеді. Біз де өңіріміздің инвестициялық мүмкіндігін арттыру үшін бар жағдайды қарастырудамыз. Өйткені, өндіріс қай кезеңде де аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, Атыраудың дамуына ықпала ететін инвестициялық жобаларды қолдауға дайынбыз»,- деді өңір басшысы. Ал өз…
Автор: Сайт әкімшілігі
1 наурыздан бастап «Нейрон» емханасында мұғалімдер коронавирусқа қарсы екпе ала бастады. Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлайды. МО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцина алатын адамдардың тізімі жасалды. Вакциналау үшін емханаларда арнайы егу бөлмелері дайындалған. «Бүгін педагогтарға екпе салуды бастап кеттік. Екпені өз еріктерімен алып жатыр. Алдымен дәрігердің тексеруінен өтіп, жағдайларын анықтағаннан кейін екпеге рұқсат қағазы беріледі. Содан соң, егу кабинетіне барып, вакцина алады. Екпе алғандар арнайы тынығу бөлмесінде 30 минут отырады. Ол жерде арнайы мамандар кеңес береді. Қазіргі уақытта 11 адам вакцина алды. Кері әсері болған жоқ. Жағдайлары жақсы және бірқалыпты», — деді «Нейрон» емханасының бас дәрігері Нина Самаликова. Мамандардың айтуынша, бүгін…
Brent баррелі шамамен 65 долларға саудаланып жатыр. АҚШ-тың өкілдер палатасы президент Джо Байден ұсынған экономиканы ынталандыру шарасын мақұлдағаннан кейін, мұнай бағасы өсті. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлайды. Бірақ Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы белсенділіктің ақпан айында баяулауы шикізат нарығының оңалуын тежеп отыр. Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,63%-ға артып, 65,47 доллар болды. WTI баррелі 1,61%-ға қымбаттап, 62,49 долларға дейін жетті. Еске сала кетсек,бұған дейін өкілдер палатасы экономикаға 1,9 триллион доллар құю туралы құжатты мақұлдады. Кей сарапшылар бұл бастамадан кейін ең төменгі жалақы мөлшері көбеймейді деген пікірде. Инвесторлардың назары 4 наурызда өтетін ОПЕК+ альянсының отырысында. Тараптар жиын кезінде сәуірдегі өндіріске қатысты…
Бүгін Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшіге сағат 09:00-де қоңырау түскен. «Жаңаөзенде жеке тұрғын үйде улы газбен уланудан оқиға орнында 1965 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйел адам қайтыс болды», — делінген хабарламада. ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамаму себеп болған. Еске сала кетейік, 11 ақпанда Форт-Шевченко қаласында екі адам газдан уланып зардап шеккен болатын.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе көп болатынын айтты, деп хабарлады ORDA. – 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін өсіп, шамамен 320 мың теңгені құрайды. Орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 2021 жылы 173 мың теңгені құрап, 2023 жылы 210 мыңға жетеді, – деді Алексей Цой. Денсаулық сақтау министрі Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары болады деп болжануда. Республикалық бюджетте 247000 медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін 2021 жылы 222 миллиард, 2022…
Қаңтар айында туған адамдар шыдамды әрі жігерлі келеді. Тағдырдың қандай тәлкегі болса да, жақындарына салмақ түсірмей бәрін өз мойнымен көтереді.Бұл айда туылған әйелдер ұяң, бірақ «ер» мінезді болып келеді. Олар тәкаппар болғандықтан, еркіндікті сүйеді. Қай салада болсын, биіктен көрінгенді қалайды. Мінездері отбасыларына кейде жайсыздық танытқанымен, күйеулерін өлердей сүйеді және әрқашан, қандай жағдай болса да, көмектесуге дайын. Тәтті тағамдар жасауға әуес. Ал қаңтарда туған ерлер әділ, әрі жігерлі болғандықтан, оларға қиын сәттерде иек артуға болады. Олар тіпті тәуекелшіл, шешімді тез қабылдайды. Өзінен әлсіздерге мейірімділікпен қарайды. Әйелдерге құрмет пен инабаттылық танытады. Өте тәкаппар және ерік-жігері мықты, отбасына жайлы. Ақпанда туғандар тік мінезді, бірақ…
Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болып Мұханбеталиев Әлібек Максимұлы тағайындалды. Мұханбеталиев Әлібек 1984 жылы туған. 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітіріп, «Инженер-құрылысшы» мамандығын, 2017 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап, «Құқық бакалавры» мамандығын алған. Еңбек жолын 2003 жылы бизнес саласынан бастаған. 2007 жылдан бюджеттік мекемелерде басшы лауазымдарда жұмыс жасаған. 2020 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасаған.
Өңірде өрт көбейген. Биыл болған 45 өрт оқиғасының басым бөлігі жеке тұрғын үй секторларында тіркелді. Осы себепті куткарушылар тілсіз жаудың алдын алмақ мақсатта қалаға қарасты ауылдарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жылыту маусымы басталғалы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 130 дан астам арнайы курылгы немесе датчик орнатылды. Сала қызметкерлерінің сөзінше, айтып келмейтін апат көбіне тұрғындардың қауіпсіздік іс-шараларын сақтамайтындығынан болады. Жантөре ДЕМЕШОВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы Жыл сайын жылыту маусымы қарсаңында облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. 2020 жылы 15 тамыздан бастап, биылғы жылыту маусымы айлығы өткізіліп жатыр. Осы аралау барысында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жасап, жаднамалар тараттық. Мамандар тұрғын үйлерде болатын…
Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетсе, 2023 жылға қарай 561 мың теңгені құрайды Қазақстанда 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді. «Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда», — деді ол. Осылайша, Цойдың айтуынша, биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетеді. 2023 жылы 561 мың теңгені құрайды. «2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», — деді министр. Ол президент биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын…
Атырау облысындағы Мақат және Доссор кентінде өткен ғасырдың 60-жылдары салынған перрон ешқашан жөндеу көрмеген. Бүгінде нысанның аты бар да заты жоқ. Әбден мүжіліп біткен. Тоғыз жолдың торабында тұрған елдімекен тұрғындары үшін пойыз перроны аса қауіпті болып тұр.Бұл туралы Ұлттық арна жаңалықтары хабарлайды. Теміржолшылар уәдеге әбден тойған. Өйткені, мәселе жылда аяқсыз қалып келеді. Тозығы жетіп, тек қаңқасы қалған ескі перронның қиындығын әсіресе жолаушылар көріп келеді. Талап былай тұрсын қарапайым қағидалар ескерілмеген темір жол өткелі адам өмірі үшін өте қауіпті болып тұр. Әсіресе. ауа райының қолайсыз күндері оқыс оқиғалар жиі болады. Қадырхан Орынбаев, жолсерік: Көп жерлерде перрондар мүгедек жандарға, үлкен кісілердің мініп…
