Автор: Сайт әкімшілігі

Ата-ана атанғысы келетін атыраулықтар үшін жасанды ұрықтандыруға қажетті квота саны биыл 8 есеге көбейді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 232 квота бөлініп отыр. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, бұл кішкентайлы болуды аңсағандарға берілген үлкен мүмкіндік. Қазір облыста 800-ге жуық жұп балаға зәру. Аталған мемлекеттік бағдарламаны белгілі бір талапқа сай келетін жұп қана квотаны иемдене алады. Ұрықтандыру процесіне шамамен 1,5 жыл уақыт кетеді. Мамандардың сөзінше, ерлі-зайыптылар ең алдымен репродуктолог мамандардың тексерісінен өтеді. Айгүл ЖӘНДІЛДАШЕВА, дәрігер-гинеколог Биыл Атырау облысы бойынша 232 квота бөлінді, ал өткен жылы бар болғаны 37 ерлі-зайыпты квотаға ие болған еді.Жолдама бірнеше критерийге сәйкес беріледі. Әуелі әйелдің жасы 18 жастан 42…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылық жерлерді сатуға және жалға беруге заң түрінде тыйым салуды тапсырды. Тоқаев бұл мәлімдемені жер сатуға қойылған мораторий мерзімі аяқталар тұста, қоғамда жер сатпау туралы лозунгтар жиі көтеріліп жатқан кезде жасады. — Жер мәселесі маңызды. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп айттым. Бұған қатысты қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынадай шешім қабылдадым, біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатыс бар. Мен мұны жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселеге қатысты тиісті заң жобасын…

Read More

Маңғыстау облысындағы Бейнеу және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан Тепке учаскесінен ТЗ- бірінші барлау ұңғымасынан мұнай бұрқағы атқылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. лынған сынамалар бойынша мұнай сапасы өте жоғары, жеңіл, күкірті жоқ. Бұл қуанышты хабарды облыс әкімі С.Трұмовпен кездескен Меридиан Петролеум компаниясының президенті Б. Қуандықов жеткізді. Оның айтуынша, Тепкедегі кен орны — еліміз тәуелсіздігін алғалы 30 жылда Маңғыстау облысында ашылған алғашқы ең ірісі болмақ. «2018 жылы басталған геологиялық барлау жұмысы нәтижесін берді. Алынған мұнайдың қысымы, дебиті, газдық факторы және басқа да параметрлері бойынша ірі кен орны болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір кенорнындағы мұнай қорын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.…

Read More

Ақтау қаласын 8 наурыз халықаралық әйелдер күні және 21 – 23 наурыз мерекесі қарсаңында безендіруге 4 699 856.00 теңге бөлінген. Бүгін «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің» тапсырыс беруімен басталған конкурс аяқталды. Жеңімпаз – «Phantom 1» ЖШС. Қаланы безендіру жұмыстарына өтінім қабылдау 17 ақпан күні басталды. Сегіз күнге созылған сатып алу конкурсына 4 мекемеден өтініш келіп түскен. Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметтеріне сенсек, ең төменгі баға ұсынған алматылық «Phantom 1» ЖШС жеңімпаз атанды. Яғни, ол мерекеге орай қаланы безендіруді 3 876 517 теңгеге бағалапты. Ал «Apple City 1» ЖШС 3 877 000 теңге ұсынып, екінші орын алған. Қаланы безендіру жұмыстарының…

Read More

     1 наурыздан бастап коронавирустың таралуы бойынша “жасыл аймақта” орналасқан барлық мешітте жұма намазы оқылады. Бұл туралы 24 ақпанда өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында белгілі болды. “ВАК отырысының қорытындысы бойынша 7 күн бойы “жасыл аймақта” тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жұма намазын өткізуге (30 пайызға дейін) және жерлеу рәсімін өткізуге (30 пайызға дейін, 50 адамнан артық емес) рұқсат” делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың таратқан ресми ақпаратында. Жақында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы астанада денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен, бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовпен кездесіп, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз “жасыл аймақта” орналасқан…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды: 1. 7 күн бойы «Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етілді: – цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысы – толымдылығы 30%-ға дейін; – спорттық іс-шараларды өткізуге (30% – ға дейін), жұма намазын өткізуге (30% – ға дейін) және жерлеу рәсімін өткізу (30% – ға дейін, 50 адамнан артық емес). 2. 7 күн бойы «Сары аймақта» орналасқан өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда…

Read More

Белгілі қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың немересі Абул Кекілбаев Бозжыра шатқалына қонақ үй салуды насихаттайтын «төленген» адамдардың есімдерін жариялауды ұсынды. Бұл туралы  ORDA. ақпарат агенттігі хабарлайды. – Мен Бозжыра бойында қонақ үйдің құрылысын ілгерілету үшін қомақты бюджет бөлетіндігін білдім. Сонымен, қарсыластар мен инвесторлардың «қолдау тобы» арасындағы ақпараттық соғыс басталды, деді Кекілбаев. Оның пікірінше, «халық өз батырларын білуі керек». Еске салсақ, 7 қарашада Бозжыра шатқалының жанында арнайы техниканың пайда болғаны белгілі болды. Ақтаудан 300 шқ қашықтықта орналасқан тау – «Рухани жағыру» бағдарламасы бойынша Қазақстанның қасиетті нысандарының бірі. Арнайы техниканың пайда болуы қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Кейін Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Маңғыстау облысындағы…

Read More

Айдың аяғына дейін Атырауға коронавирусқа қарсы 2000 доза вакцина әкелінеді. Мұны облыстың денсаулық сақтау басқармасындағылар хабарлады. Айтуларынша, Қарағанды фармевецтикалық кешенінде «Спутник-Ви» вакцинасының өндірісі қарқынды жүріп жатыр. Препарат қауіпсіздігіне кепілдік берілген. Аймақтарды вакцинамен қамтамасыз ету үшін мекеме өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жалпы Атырау облысындағы 650 мың азаматтың 60 мыңға жуығы осал топқа жатады. Басқармадағылардың айтуынша, екпе жұмыстарына қатысты мәселерді талқылау мақсатында облыс және аудан әкімдерінен құралған арнайы штаб жұмысын бастады. Теңіз кен орнында вахталық әдіспен еңбек ететін қызметкерлерге екпе салу мәселесі де қарастырылып жатыр. Ал, «Теңізшевройл» компаниясы вакцинаның 90 мың дозасын сатып алу үшін қажетті қаражатты бөлуге дайынбыз деп отыр.…

Read More

БЖЗҚ-дан жасына байланысты ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңгені құрады. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды. 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 167 423 алушыға төлемдерді жүзеге асырды. Жалпы 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 73,8 млрд теңгеге аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде: – біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд теңге – сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд теңге; – зейнетақы жасына жету бойынша төлемдер – 6,5 млрд теңге; – мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд теңге; – тұрғылықты мекен жайына қатысты – 2,1 млрд теңге; – жерлеуге төленетін…

Read More

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі өрттен 15 адам эвакуацияланды, оның бесеуі — балалар. Оқиға туралы азаматтық қорғау кіші лейтенанты, Ақтау төтенше жағдайлар басқармасының инженері Әлібек Әбілов мәлімдеді. Өрт 23 ақпанда болған. Бөлімге шақырту сағат 14:21-де түсті. Оқыс оқиға 28 ықшамауданының №25 үйінде басталды. Онда төртінші және бесінші қабаттардың арасында тұрған матрац өртенген. «Құтқарушылар келгенге дейін өртті сөндіріп үлгердік. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл ескі заттарды, жиһаздарды немесе қоқыстарды бірінші рет жағу емес. Жиі өрттердің себебі немқұрайлылық және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау болып табылады. Тұрғындарға кіре берістегі алаңды құрылыс материалдарымен және қоқыспен қоқысқа тастауға болмайтынын ескертеміз, себебі сөндірілмеген сіріңке немесе…

Read More