Автор: Сайт әкімшілігі

«Атырау облысында өткен тәулікте облыс бойынша 46 сәби дүние есігін ашты», — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Сайлау өткен тәулікте дүниеге келген нәрестелердің 27-сі ұл, 19-ы қыз бала. Қазіргі таңда дәрігерлер: «сәбилердің де, жас аналардың да денсаулық жағдайлары қалыпты», — деп отыр. Атап өту керек, 1-9 қаңтар аралығында облыс бойынша 335 сәби өмірге келді. Еске сала кетелік, бұған дейін сайлау күні Атырау облысында 101 жас ана перзентханаларда дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.

Read More

Қауіпті астероид Жер ғаламшарына 13-нен 14 қаңтарға қараған түні барынша жақындайды деп болжанып отыр. Астрономдар алдағы екі күнде Жерден шамамен сегіз миллион шақырым қашықтықта 2020 WU5 астероиды ұшып өтетінін мәлімдеді. Аспан денесі орбитасының траекториясы НАСА реактивті қозғалыс зертханасының сайтында көрсетілген, деп хабарлайды РИА Новости. 2020 WU5 астероиды 2020 жылы 29 қарашада NEOWISE ғарыш телескопынан алынған суреттерді зерделеу барысында табылды. Ал 4 желтоқсанда ол Халықаралық астрономиялық одағының кіші ғаламшарлар электронды нұсқаухатына енгізілді. Аспан денесі «аполлондар» тобына – жер орбитасын сыртқы жағынан кесіп өтетін жер маңы нысандарына жатады. Ғалымдардың бағалауынша, оның диаметрі 0,5-тен 1,1 шақырымға дейін барады. Астероид Жерге 13-нен 14 қаңтарға қараған…

Read More

Twitter әлеуметтік желісі 8 қаңтар күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамптың 88 миллионнан астам оқырманы бар аккаунтын біржола бұғаттады. «@realDonaldTrump аккаунтындағы кейінгі твиттер мен солардың айналасындағы контекстіні, әсіресе олардың Twitter-де қалай қабылданғаны мен интерпретацияланғанын мұқият тексергеннен кейін біз бұл аккаунтты зорлық-зомбылыққа арандату қаупі үшін тұрақты негізде бұғаттадық» делінген Twitter компаниясының мәлімдемесінде. Компания сондай­-ақ Трамптың кейінгі твиттері мен желі қолданушыларының оған реакциясын сараптау нәтижесін жариялады. Осы сараптамадан кейін Twitter Трамптың твиттері жаңа зорлық-зомбылық әрекеттеріне түрткі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Демократтар мен кей республикашылдар Трампты 6 қаңтар күні жақтастарын зорлық-зомбылыққа арандатты деп айыптайды. Сол күні АҚШ президентінің ашулы жақтастары елдің жаңа сайланған…

Read More

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды. Мемлекет басшысы өз таңдауын елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде жасады. «Заңнама бойынша Үкімет отставкаға кетуі керек. Мен сайлау аяқталғаннан кейін фракция жетекшілерімен, Премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатурасы бойынша депутаттардың жаңа құрамымен кеңесу үшін Парламентке барамын», — деді Президент. Айта кетерлігі, Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия кандидаттары қатысып жатыр. Олар: «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы».

Read More

Сайлау күні Алматы облысында 94 сәби дүние есігін ашты. Саяси науқан кезінде туған сәбилердің көбі — ұл бала. Дәрігерлердің айтуынша, өңірде бала туу көрсеткіші жоғары. Облыс орталығы Талдықорған қаласында кеше 13 сәби дүниеге келген. Олардың 7-еуі ұл болса, 6-уы қыз бала. Елдегі саяси науқанмен тұспа- тұс туған балаларға Сайлау, Сайлаугүл, Сайлаубек сынды есімдер берілген. «Мереке» күні дүние есігін ашқан шақалақ пен аналарының қазіргі жағдайы жақсы. Жаңа туған балаларға Сайлау, Сайлаубек, Сайлаугүл сынды есімдер беріліп жатыр. Айта кетсек, бүгін 10-шы қаңтарда елімізде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.  Жалпы, жыл басынан бері Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6050-ден аса сәби дүниеге келді.…

Read More

Полиция оны телефон сигналы арқылы іздеп тапқан. 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева Анталияда өлі күйінде табылды. Ол жеті ай бұрын жоғалып кеткен. Бұл туралы  Azattyq Rýhy хабарлайды. Бойжеткен ормандағы ағашта асылып тұрған күйінде табылған. Болжам бойынша, бойжеткен өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта оның денесі Анталиядағы сот медицина Институтына жеткізілді. Арайлым Орынбаева жақындарымен сөзге келіп, жеті ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып, қайта оралмаған. Бойжеткеннің анасы Салтанат Орынбаеваның сөзінше, бірнеше ай бұрын ол Түркияға қызы және екі ұлымен бірге қоныс аударған. Отбасылық жанжалдан соң, 21 жастағы Арайлым не құжатын не ақша алмай үйден шығып кеткен.

Read More

«Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, электр қуатын өшіру жергілікті уақытпен 18:30-да басталған. Атырау қаласындағы шағынаудандар мен қала маңындағы Водников, Кеңөзек, Дамбы, Балықшы, Балауса, Лесхоз, Геолог, Бірлік, Тасқала елді мекендерінде жарық сөніп қалды. Сондай-ақ, Махамбет пен Индер аудандарында да электр қуатын беру тоқтаған. «KEGOC желісінде пайда болған ақау салдарынан Атырау қаласының кейбiр ықшамаудандары уақытша жарықтан ажыратылды. Қалыпқа келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Жарық біртіндеп қосылады», — делінген хабарламада. Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау процесіне электр энергиясын өшіру әсер еткен жоқ. Сайлау учаскелеріне алдын ала генератор орнатылған. Атырау облысында электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды. Маңғыстау облысының әкімдігі апаттық…

Read More

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 00:00-ден өте мәжіліс және мәслихат сайлауының экзитпол нәтижесі жарияланды. Сауалнама жүргізуге құқылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының есебінше, парламентке «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстанның халық партиясы» (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өткен. «Нұр Отан» — 71,97 пайыз; «Ақ жол» — 10,18 пайыз; Қазақстанның халық партиясы — 9,03 пайыз; «Ауыл» — 5,75 пайыз; ADAL — 3,07 пайыз. Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтеді. Сайлаудың нәтижесі 11 қаңтарда жариялануы тиіс. Қазақстанда сайлау алдында сауалнама жүргізуге ресми рұқсат алған жеті ұйым бар. Олар – «Қогамдык пікір» ұйымы, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясы, «Еуразиялық интеграция институты», «ШҚО анализ және болжау…

Read More

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз. 10 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР 06.00 – Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған учаскелердің ашылуы. 07.00 – Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берудің басталуы. 20.00 – Сайлау учаскелерінде Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихат депутатын сайлауда дауыстарды санаудың басталуы және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасалады. Алматы 11.30 – «Жаңа жылдық ертегі» балалар шоуы («Жас сахна» театры, Абай даңғылы 117). 17.00 – «Золушка» операсы Дж. Россини (Абай атындағы МАОБТ, Қабанбай батыр, 110). 18.00 –…

Read More

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында төртем дүниеге келді. Бұл туралы Маңғыстаулық журналист Гүлмира Әбішева өзінің Facebook парақшасында жариялады.  Әзірге анасының және нәрестелердің жағдайы қалыпты. Сәбилер күш жинағанша дәрігерлердің бақылауында болады.

Read More