Бүгін облыстағы Республикалық маңызы бар жолдар тағы жабылды.
Аймақта қарлы бұрқасын үдей түсті. Ауа температурасы ертеңгілік -30 градусқа дейін төмендеді. Ал күндіз ауа бағамы -24 болады дейді метеорологтар. Сондықтан, Атырау – Индер, Атырау – Астрахань, Доссор – Бейнеу мен Мақат – Сағыз бағытындағы тасжолда көлік қозғалысы уақытша шектелді.
Еске салайық, ауа райының қолайсыздығына байланысты, төменгі сынып оқушылары мектепке бармайды, тіпті кей мектептер жоғары сынып оқушыларының да сабақтарын тоқтатты.