Автор: Сайт әкімшілігі

Бұл жайында фейсбуктегі жеке әлеуметтік желідегі парақшасында елге белгілі азамат Естай Жайлыбай ағамыз жазба қалдырып, қазақ халқынан сүйінші сұрады. Естай ағамыздың жазбасында былай делінген: «Сүйінші, Қазақ Елі! Тап қазір еліміздегі халық саны 19 млн. жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халық саны және әлеуметтік департаменті, дүние жүзі және әрбір елдің халқы санын секундына дейін бақылап, арнаулы Countrymeters. info сайты арқылы жария етіп отырады. Біздің елдің осы санға жетуін таң ертеңнен бері қадағалап, түсіріп алдым. 19 млн. -шы болып дүниеге келген қыз бала екен, тілекші сәбиіміз бақытты болғай. Тарихи, айтулы оқиға деп бағалаймын. Өсе бер, ҚАЗАҚ ЕЛІ!»

Read More

«Атырау облысында коронавирус жұқтырған 46 адам анықталды» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі. Инфекция жұқтырғандардың ішінде 15 адам Атырау қаласының тұрғындары. Скринингтік зерттеу кезінде Теңіз кенішінде 30 адамнан қауіпті инфекция расталды. Жылыой ауданынан 1 адамнан коронавирус анықталды. Ауру 11 науқаста симптомды түрде өтуде. 35 науқас инфекцияның симптомсыз түріне шалдыққан. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 21 адам сауығып шықты. Қазіргі таңда үй жағдайында 126 науқас ем алуда. Облыстық инфекциялық стационарда 60 адам, аудандардағы инфекциялық стационарларда 14 науқас ем қабылдауда. Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.

Read More

Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, ал халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту қайта басталады. Оқу бітіретін 9, 11, 12-сыныптарды аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат етіледі. Пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту форматына көшеді. Сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы керек. 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша, бір уақытта мектепте адам саны 30 пайыздан аспай, санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға…

Read More

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту қайта басталады. Оқу бітіретін 9, 11, 12-сыныптарды аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат етіледі. Пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту форматына көшеді. Сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы керек. 1 сынып — 1 кабинет қағидаты бойынша, бір уақытта мектепте адам саны 30 пайыздан аспай, санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс…

Read More

Nur otan партиясы азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермей, ауылдықтардың тұрмыс жағдайын жақсартпақ. Ол үшін  бес жыл бойы әр аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерін сатуға арналған нысандар ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, депутаттар биылдың өзінде  азық-түлік құнын өсірмеуге міндеттелген 260 кәсіпкермен  келісімге отырмақ. Олар жиылыста жауапты тұлғалардан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер туралы толық мағлұмат сұрады. Жиында жұмыртқа бағасының тым қымбаттап кеткендігі жөнінде де айтылды. Ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл мәселені пандемиямен байланыстырады. Дегенмен олар  алдағы уақытта бұл мәселе түбейгейлі шешіледі деп отыр. Себебі жергілікті құс фабрикалары бірнеше партия тауық сатып алыпты. Олардың алғашқы легі жұмыртқа бере бастаған. Балық шаруашылығы саласында да алға қойған…

Read More

Ақылы жол жүйесі Атырауға да жетті. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қоғамдық тыңдау өткізді. Іс-шара тұрғындар үшін өткізілсе де, оған қатысушылардың қарасы аз болды. Айта кетейік, бұл жаңашылдық «Атырау-Доссор- Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолында басталмақ.  Онда төлем қабылдаудың «ашық» жүйесі енгізілетін болады. Яғни, көліктерден жүріп өткен жолы үшін ақы алу – бақылау аркаларына бекітілген арнайы камера және тиісті құрылғылардың көмегімен жүзеге асады. Дегенмен 1 шақырым үшін төленетін ақы мөлшері қоғамдық тыңдаулардан кейін белгілі болады, — дейді Казавтожолдықтар. Мамандар ақылы жүйені енгізу  арқылы жол апатын азайтып, жол инфрақұрылымының дамуына ықпал етеміз деп сендіріп отыр. Айта кетейік, ақылы учаске Атырау қаласынан басталып,  Мақат, Жылой…

Read More

2021 жылдың наурызында қазақстандықтарды 12 демалыс күні мен 19 жұмыс күні күтіп тұр. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Наурыз – Көктем мен табиғаттың жаңаруы (21-23 наурызда тойланады) 8 наурыздың демалысы Биыл 8 наурыз дүйсенбіге түседі, сол себепті бұл мерекені қазақстандықтар 3 күн тойлата алады – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса). Аптасына алты күн жұмыста жүргендер 7 және 8 наурызда демалады. Наурыздың демалысы Наурыз мерекесінің бірінші күні жексенбі екен, сол себепті бұл демалыс күні сәрсенбіге, 24 наурызға ауыстырылады. Сонда Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалып қалады – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес…

Read More

Астролог бірқатар жұлдыз белгілері денсаулықтарына, рухани дамуына және жоспарларын жүзеге асыруына уақыт бөлуі керектігін айтады. Тоқты Өміріңіздегі шиеленіс азая түседі, шамамен 20 наурызға дейін жан дүниеңізді танып-білуге, ішкі жан тыныштығын сезінуге мүмкіндік болады. Соның арқасында өзіңізді әлемге таныта аласыз. Егер тыныштығыңызды қажетсіз әбігермен бұзбасаңыз, мұның бәрі осылайша жүзеге асады. Жалпы, бұл айда тыныштықта болуға кеңес беріледі.

Read More

Әлемдік БАҚ-та ресейлік «Sputnik V» вакцинасын салдырғаннан кейін 15 адамның көз жұмғаны туралы мақала жарияланды. Дерек көздері қайтыс болған науқастардың өлім себебі басқа екенін жазған. Осы орайда еліміздің министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлайды. Еліміздің министрлік өкілдері ақпаратты түбегейлі жоққа шығарды. «Вакцина шығараушы компанияларының тарапынан біздің министрлікке ресми түрде осы вакцинаға қатысы бар өлім-жітім тіркелгені туралы ақпарат келіп түскен жоқ», – дейді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева. Одан бөлек, енді 65 жастан адамдарға дәрі салуға рұқсат етілгені және 1 наурыздан бастап коронавирустың «жасыл» және «сары аймағына» енген облыстарда карантин жеңілдетілетіні белгілі болып…

Read More

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кадр даярлау мәселесіне жекелей тоқталды. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды. Атап айтқанда, ол медицина мен білім беру саласындағы кадрларды даярлау мәселесіне тоқталды. Бүгінде біз бұл кадрлардың тапшылығын ерекше сезініп отырмыз. Бұл – жедел шешімді қажет ететін маңызды және күрделі мәселе. Біз дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын көтеріп жатырмыз. Бұған дейін біз мұғалімнің оқуын оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын көбейту туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам оң нәтиже берді. Сондықтан медициналық оқудың студенттерінің де шәкіртақысын арттыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар ол білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тақырыбына тоқталып, олардың рөлі өте маңызды және…

Read More