Соңғы аптада жол-көлік оқиғасы екі есеге көбейді. Оған облыстағы қарлы дауыл себеп болып отыр,- дейді полицейлер.
17 ақпаннан бастап қар жауып, тазаланып үлгермеуі себебінен жолда мұздақтар пайда болған. Қала берсе, боран күшейіп, автокөлік жолдары көзге көрінбей қалып жатыр. Осының салдарынан бір жұмада қала ішінде 165-ке жуық жол апаты орын алды. Жолдағы көк тайғақтың кесірінен ұсақ жол-көлік апатының тәулігіне 20-35 жағдайы тіркелген.
Ондағы жүргізушілер мен жолаушылар дін аман. Ал осы аалықта республикалық маңызы бар тасжолдарда 3 ірі жол апаты болып, 8 адам жеңіл жарақаттармен ауруханаға түскен.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі
Соңғы екі тәулік ішінде 50-ден астам ұсақ жол-көлік апаты тіркелді. Айдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда қазір екі есеге көп болып отыр. Сондықтан, ауа-райының қолайсыздығына байланысты қала іші мен тасжолдарда көк тайғақ болуына орай, жүргізушілерге жолда жылдамдықты асырмай, автокөліктерін басқарған кезде мұқият болуға шақырамыз!