Автор: Сайт әкімшілігі

Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған. «Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді»,– делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.

Read More

Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ ақпаратқа қанық дерек көзіне сілтеме жасап. «Мұсайбековті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызмектерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу амалдарына қатысып жатыр», — деді дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері. ҚазТАГ ХАА редакциясы ақпарат алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінді. Мұсайбеков 2020 жылдың мамырынан бастап мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оған дейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған, ал оған дейін – 2015 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін қазіргідей мәдениет және спорт вице-министрі болған. .

Read More

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына сақтық керек. Өйткені, олардың телефонына алаяқтар тыным бермей жатыр. Бейтаныс жан өзін қор қызметкері ретінде таныстырып, деректемелерді нақтылау қажет деген желеумен банк картасының нөмірін білуге тырысады. Осылайша, шотыңыздағы ақшаны оңай олжалайды. Қазір мұндай факті облыста тіркелген жоқ. Сондықтан, мамандар аталған оқиғамен жолы :Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына сақтық керек. Өйткені, олардың телефонына алаяқтар тыным бермей жатыр. Бейтаныс жан өзін қор қызметкері ретінде таныстырып, деректемелерді нақтылау қажет деген желеумен банк картасының нөмірін білуге тырысады. Осылайша, шотыңыздағы ақшаны оңай олжалайды. Қазір мұндай факті облыста тіркелген жоқ. Сондықтан, мамандар аталған оқиғамен жолыққан жағдайда сауаттылық керектігін ескертеді.   …

Read More

Жанбай ауылында жаңадан салынған 300 орындық мешіттің ашылуы өтті. Бұл ауыл азаматтары мен жергілікті кәсіпкерлердің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тартуы. Құрылысына бір жыл уақыт кеткен Алла үйіне ҚМДБ Бас мүфтиінің ұйғарымымен Әйтеке бидің есімі берілді. Ондағы мақсат – халқымыздың тарихындағы дара тұлғалардың атын дәріптеу. Ашылу салтанатына қатысқан ауыл үлкендері мешіттің жас ұрпақтың бойына рухани азық қалыптастыратын орынға айналатынына сенім білдіріп отыр. Теміртас ИГІЛІКОВ, Жанбай ауылының тұрғыны Осы дінімізді насихаттауға үлкен мән берілген жоқ. Оны жасырмай – ақ қояйық. Тек сәтті болсын енді. Бәрімізге мынау мұсылмандық жолдағы жолымыз құтты болып, Алла соны сауапқа жазсын. Қазіргі кезде  облыс бойынша халыққа қызмет етіп…

Read More

Азғыр өңіріне интернет желісі тартылды. Осыған дейін жергілікті тұрғындар оны пайдалану үшін 300 шақырым жерде орналасқан аудан орталығына баратын. Ал, биылғы жылдың басында 1300-ден астам тұрғыны бар Асан ауылдық округіне қарасты 2 ауылға үш және алты метрлік   дербес қабылдау қондырғысы бар 2 мұнара орнатылды. Алайда шағын қондырғының тарату аумағы тек 3 шақырымды қамтиды. Дегенмен мамандар алдағы уақытта мұндағы интернет жүйесін жақсарту жұмыстары жүргізіледі деп отыр.

Read More

1 наурыздан бастап дербестендірілген көлік карталарын қайта шығарудың құны өзгереді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап «TRANSCARD» жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын қайта шығару бағасы 1000 теңге болады. Карталардың алғашқы шығарылымының бағасы бұрынғы деңгейінде – 500 теңге. Бұл шара валюта бағамы мен жеткізушілерден сатып алу бағасының көтерілуіне, көлік карталарын жасауға арналған операциялық және шығындардың өсуіне байланысты қабылданды. Атап айтқанда, орнатылған NXP чипі бар Mifare Plus EV1 стандартындағы байланыссыз микропроцессорлық смарт-карталардың бағасы артты. Сондай-ақ, аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсетудің құны жоғарлады, — делінген хабарламада. Сондықтан, қазіргі уақытта барлық шығындардың өсуін және пайданы есептемегенде, көлік картасын шығару…

Read More

Атырау облысында жыл басынан бері 17 өрт оқиғасы тіркелді,. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй секторында – 10, көлік құралдарында – 3, басқа да нысандарда 4 өрт жағдайы болған. «Өрттің дені электр құралын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан тұтанған. Пештің ақауынан улы газға 3 бала уланып, ауруханада емделіп шықты. Жалынның тұтануына басты себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сондай-ақ, мас күйінде темекі шегу, тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы да оқыс оқиғаға алып келеді», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Read More

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният COVID-19-қа қарсы вакцинациялау не үшін қажеттігін түсіндіріп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. «Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Көптеген азаматтарымыз өздерінің күнделікті ісімен айналысуға кірісіп, тіпті бұл инфекцияны ұмытып та кетті. Бірақ, елде инфекцияның таралуына, күн сайын ауруға шалдығудың 700-800 жағдайының тіркелуіне байланысты және жұқпалы ауру таралуының алдын алу үшін көптеген ел жаппай вакцинация жүргізіп жатыр. Қазақстанда вакцинация ақпан айында басталды», – деді Ажар Ғиният №6 емханада вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін. Сонымен қатар ол Денсаулық министрлігінің басшылығы вакцинаның екінші дозасын да неліктен жария түрде алғандығын түсіндірді.

Read More

Атырау облысында өткен тәулікте 24  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 15 жұмысшыдан, Жылыой-2, Исатай ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 13-інде  ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 29 адам  емделіп шықты. Қазіргі уақытта 110  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  69 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 20, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 215 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда. Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік…

Read More

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтар туралы ақпарат берді Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 22 ақпандағы мәліметтер бойынша «қызыл» аймақта әлі де Қазақстанның бірде-бір аймағы жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысы әлі де «сары» аймақта. ⠀ Қалған өңірлер — «жасыл» аймақта.

Read More