Өңірде өрт көбейген. Биыл болған 45 өрт оқиғасының басым бөлігі жеке тұрғын үй секторларында тіркелді.
Осы себепті куткарушылар тілсіз жаудың алдын алмақ мақсатта қалаға қарасты ауылдарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жылыту маусымы басталғалы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 130 дан астам арнайы курылгы немесе датчик орнатылды.
Сала қызметкерлерінің сөзінше, айтып келмейтін апат көбіне тұрғындардың қауіпсіздік іс-шараларын сақтамайтындығынан болады.
Жантөре ДЕМЕШОВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы
Жыл сайын жылыту маусымы қарсаңында облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. 2020 жылы 15 тамыздан бастап, биылғы жылыту маусымы айлығы өткізіліп жатыр. Осы аралау барысында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жасап, жаднамалар тараттық.
Мамандар тұрғын үйлерде болатын өрттен бөлек, электр құралдарын монтаждау ережесін бұзу, отты дурыс қолданбау, дәнекерлеу кезіндегі қателіктер тилсиз жаудын шығуына себеп, дейды. Жалпы, дәл осындай түсіндіру жұмыстарын жургизу максатында төтеншеліктер былтырдан бері 25 мыңға жуық үйді аралап, жаднама тартқан.