Ақтауда жоғалып кеткен қыздың денесі 4 а шағынаудандағы «Жартасты соқпақ» маңынан табылды. Бұл туралыМаңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында мәйітте зорлық-зомбылықтың белгілері болмаған. «Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», — дейді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, 25 ақпан күні әйел Ақтау қаласының полиция бөліміне қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау облысында 9 наурызда мұғалімдерді вакцинациялау басталады. Нақтырақ айтқанда, 2000-ға жуық ұстазға өз қалаулары бойынша ковидке қарсы «Спутник-Ви» егіледі. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, вакцина ертең Ақтөбеден жеткізіледі. Екпе әуелі бұрын алмаған дәрігерлерге,сосын пеадгогтарға, кейін түрлі санаттағы азаматтарға салынады. Бүгінге дейін шамамен 800-ге жуық медицина қызметкері екпенің екінші дозасын қабылдаса, қалған 200-і бекітілген кесте бойынша қабылдайды. Асхан БАЙДУВАЛИЕВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 4 наурыз күні Атырау облысына қосымша 2000 доза вакцина келеді. Содан 15-наурыз күні тағы да 3500 доза жоспарланып отыр әкелуге.Соның барлығы біздің Атырау облысының мұғалімдер осы,білім беру саласындағы қызметкерлерге, студенттерге және жергілікті полицейлік қызметкерлерге салуға жоспарланып жатыр.
Енді зейнетақы жинағының бір бөлігін тісті протездеу және имплантациялау үшін пайдалануға болады. Атыраулықтардың алды мұндай кызметті алып та үлгерді. Солардың бірі — Әсет Ерекенов. Ол тісіне имплантация жасатуды біраздан бері жоспарлап жүр екен, бірақ қымбат болуы себепті бұл қалауы кейінге ысырыла беріпті. Міне енді жақында ғана енгізілген жаңашылдықтың арқасында бұл қызметке қолы жетіп отыр. 25 ақпаннан бастап «Отбасы Банкі» зейнетақы жинағын денсаулығын нығайту үшін пайдаланғысы келетін азаматтардан өтініш қабылдай бастады. Айта кетейік, зейнетақы жинақтарын алу алгоритмі бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады. Алдымен, сіз БЖЗҚ-нан жеткілікті сома туралы анықтап аласыз. Кейін тіркеліп тұрған емханаңызға және өзіңіз қалаған стоматологиялық клиникаға жүгінуіңіз қажет дейді…
Жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұған дейін жылжымайтын мүлікті уақтылы тіркемегені үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 20 АЕК молшерынде айыппұл салынатын еді. Тіпті өткен жылдың өзінде дәл осындай дерек бойынша 69 әкімшілік іс қозғалған. Бүгінде бұл норма толығымен алынып тасталды. Дегенмен бұл жылжымайтын мүлікті тіркеудин қажеттілігі жоқ деген сөз емес. Жылжымайтын мүлікті тіркеу ушин ХҚО-на бару керек немесе egov.kz сайты аркылы жузеге асырылады. Сондай-ақ, сүрілуге жататын нысандарға қатысты да өзгериістер бар.
Атырауда тұрғын үй бағасы қымбаттады. Былтыр елімізде пәтердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 3,5 процентке өскен. Ал Ақтаудағы тұрғын үй бағасының 13 процентке өсуі тұрғын үй нарығындағы айтарлықтай рекорд десе де болады. Осылайша, мұндағы пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 217 мың теңгеге жетті. Екінші орында Орал қаласы, ондағы өсім 8 процентке жуықтап, шаршы метрдің орташа бағасы 246 550 теңге болды, бұл, соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ал Атырауда бір шаршы метрдің орташа құны 5 процентке өсіп, 297 мың теңгеге жетті. Бұл да Қазақстан тұрғын үй нарығындағы ең жоғарғы баға. Қала тұрғындарының айтуынша, тұрғын үй бағасы халықтың орташа жалақысына қарамастан…
Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Мәжілісмен соңғы бір ай ішінде әр жерде мемлекеттік шенеуніктердің ел азаматтарының мобильдік ақша аударымына салық салу туралы бірнеше қарама-қайшы мәлімдеме жасағанын және бұл бастама кәсіпкерлердің кірістерін жасыруға қарсы күрес ретінде ұсынылғанын атап өтті. Сонымен бірге, «Ақ жол» парламенттік фракциясы кәсіпкерлердің бұл арада салық төлеу міндетінен қашып отырмағанын баса айтты. Фискальдық органдар тағы да сау басқа сақина тілегеннің күйін келтіріп отыр. Алаяқтарды мақсатты түрде анықтаудың орнына олар «кең ауқымды» әдіспен әрекет етуді жөн көреді, яғни барлығын бірдей мөлшерде: адал кәсіпкерлерді де,…
Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының жабдықтары мен бөлшектерін жасайтын зауыттың жұмысшылары бес айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Бұл туарды mangystaumedia.kz хабарлайды. Ақтау машина жасау зауытының 208 қызметкері жалақыларын алмағалы бес айдың жүзі болған. Осы уақыт бойы несиелері төленбей, таныстарынан қарыз алып күнелтіп келген. Бұрын бір-екі ай ғана кешігетін жалақы енді тіпті сағым болып барады, дейді олар. Шыдамы таусылған бір топ жұмысшы «бұдан әрі айлықсыз жұмыс істемейміз, деп отыр . Былтыр қарашадан бері жалақы алған жоқпыз. Бір жарым жылдан бері жалақымыздан зейнетақы қорына ақша ұсталады, бірақ БЗЖҚ-ға түспеген. Ақшамыз қайда кетіп жатыр? Медициналық сақтандыру қорына да ақша түспегендіктен, дәрігерге барып емделе алмаймыз,…
«Бұл туралы «30 игі іс» республикалық қайырымдылық марафонының ресми ашылуы кезінде белгілі болды». Игі іске Атырау қалалық мәслихатының және аудандық мәслихат депутаттары атсалысқалы отыр. Мәселен, Атырау қалалық мәслихатының 18 депутаты 18 аз қамтылған отбасын жыл бойы азық-түлік себетімен қамтамасыз етіп отырады. «Си Си Компаниясының» өкілі, жылыойлық Орақ Әнуарбекұлы 100 отбасын қамқорлығына алып отыр. Ол осынша жанұяға жыл бойына тұрақты түрде азық-түлік жеткізіп отырмақ. Индерлік жергілікті мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы 100 отбасын азық-түлікпен жыл бойына қамтамасыз етпек. Жалпы, қала және аудандарда жыл бойына 1000 мұқтаж отбасы жыл бойына азық-түлікпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық датасы аясындағы қайырымдылық…
Биыл елордада Халықаралық әйелдер күніне орай 23,8 мың адам 2,5 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек алды Нұр-Сұлтанда Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға 7 293 теңгеден (17 доллар) берілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады. Айта кетейік, жыл сайын елордада 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) мерекесіне орай көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға 2,5 АЕК (7293 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Мұндай шешімді Астана қаласының мәслихаты 2017 жылдың 12…
Қазақстанда 2020 жылы сүт бағасы 9 пайызға көтерілді. Сарапшылар елдегі сүт өндірісінің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлайды. Зерттеушілердің айтуынша, республика бойынша қаңтарда сүт 0,4 пайыз, ал 2020 жылы 9 пайыз қымбаттаған. Қазақстан 2020 жылы 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірді. Бұл былтырмен салыстырғанда 7,5 пайызға көп. Ал 2021 жылдың қаңтарында республикада сұйық сүт пен кілегей өндірісі 49,7 мың тоннаға артты, былтырғыдан 10,5 пайыз көп. «Өңірлер бойынша барлық сүт өндірудің үштен бірі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі: 16,2 мың тонна. Одан кейін Алматы және Ақмола облыстары тұр», — деп жазды мамандар. 2021 жылдың қаңтарында сиыр сүті былтырғы осы кезеңмен…
