Атырауда пайдалануға және сатуға рұқсат етілмеген балық аулау құралдары ашық сатылып жатыр.
Осы саладағы мамандар бұған заңмен шектеу қойылғанмен, мәселе шешілмей тұр дейді. Мысалы, қытайлық ау-тор базарда 5 мың теңгеден саудалануда. Оны кез-келген адам сатып ала алады және қажет болмаса лақтыра салса да ештеңесі кетпейді. Бірақ, кесірі балық пен өзенге тиюде.
Мұның алдын алу үшін браконьерлік құрал-жабдықтарды сататын дүкендер мен сауда орталықтарына рейдтік іс-шараны үнемі өткізу керек, — деп отыр инспекторлар. Айтуларынша, былтыр 5 мыңға жуық заңсыз балық аулау және қолдан жасалған үш жүз суда жүзу құралдары тәркіленген.
Қытай ауларын ғаламтордағы түрлі сайттардан емін-еркін сатып алуға болады. Браконьерлік құралдардың құнын төлесеңіз тіпті қалаған жеріңізге жеткізіп те береді. Осындай сипаттағы жарнамаларға назар салсақ, қолдан жасалған қайықтардың да сатылатындығын көруге болады.
Заңсыздықтың жолын кесетін бір ғана амал бар, ол – тиісті органдармен біріге отырып рейдтік іс-шара жүргізу. Мысалы, мемлекеттік кірістер департаменті. Оның үстіне екіортада өзара жұмыс жоспары жасақталған. Нәтиже де бар. Соңғы кездері сауда нүктелерінде жүргізілген осындай іс-шараның нәтижесіне 100-ге жуық ау тәркіленген.