Мұнай мен газ өндіретін аймақта автогаз тапшы. Жүргізушілер бірнеше күннен бері жанар-жағармай бекеттерін торуылдап жүр. Қазір газ құю бекеттерінде «газ жоқ» деген жазу ғана ілулі тұр.
Кейбіріне сұйытылған отын келе қалса, ұзын-сонар кезек пайда болады. Сенделген көлік жүргізушілері мұнайдың үстінде отырып, мұндай мәселемен бетпе-бет келеміз деп ойламадық дейды.
Өңірде газ тапшылығы өткен аптада басталды. Муны пайдаланган, кейбір бекеттер осы уакытка дейын 50-53 тенгеден сатылған сұйық отынның бағасын 65 теңгеге дейін көтеріп жіберді.
Мәселенің анық қанығын білу үшін АМӨЗ жанындағы жанар-жағар май мен суйытылган отынды сақтап, бекеттерге тарататын орталыққа бардық. Ондағылар сұйытылған отынның АМӨЗ- нан келетінін айтты. Ал, зауыттагылар мұны сонгы кездеры жарыктын жии сонуи салдарынан болды дейді. Өндірістегі ірі құрылғылар жиырма бір рет сөніп, ақау пайда болған. Сондықтан ондирис мәжбүрлі түрде тоқтатылған.
Әзірге жүргізушілер үшін бұл қиынға соғайын деп тұр. Сондықтан, әкімдіктегілер өзге өңірлерден көмек сұрап жатқандарын айтты. Айта кету керек, өңірде 50-ден астам газ құю бекеті бар. Олардын кызметін 13 мыңдай жүргізуші пайдаланады.