Маңғыстауда бүтін бір отбасы қара жамылды. Әулет айдың-күннің аманында тұңғышы Дастан ұлынан айырылып қалды. Қан жұтқан отбасы бүгінде перзентін жер қабіріне тапсырды.
Жантүршігерлік қайғылы оқиға 22 күн бұрын Жетібай аулында орын алған. Әкесінің айтуынша, аталған елді-мекеннің ауыл жастары ұлын аяусыз ұрып- соққан. Ол, ауыр халде ауруханаға түсіп , тілге келместен қайтыс болды. Отағасы кінәлілер тиісті жазасын алса екен деп қалайды.
Сайлаубай ҚАЛИЕВ, марқұмның әкесі
Қазіргі уақытта бес бала ұсталды деп жатыр. 5 бала қамауда отыр дейді. Олар енді әлі де көп. 20-30 бала дейді. Тергеушілер енді тергеп жатыр. Енді сол әділдігін беретін шығар деп өзім солай деп ойлаймын. Менің айтатыным жастарға не боп барады. Қатігездік. Қазақпыз ғой бір туған. Қанымыз бір жанымыз бір. Неге бір-бірімізді анандай қылып қатігездікпен адады бір аяушылық болу керек қой. Былай жалғаса берсе ертең жастармыз қандай болады.
Көзі тірісінде пысық, нағыз еңбекқор жас жігіт еді дейді ата-анасы. Көрші-қолаңға көмектесіп, қол ұшын беріп, қолда барын аямайтынды. Тіпті, еріктілер қатарында болып, қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. Ол, небәрі 23 жасында бұ фәнимен қош айтысты. Тұңғышынан көз жазып қалған анасы, өзін қоярға жер таппай зар еңіреп отыр. Марқұмның арманы көп еді. Осы көктемде шаңыраққа келін түсіріп, ата-анасын қуынтқысы келді. Алайда, бала арманы орындалмай кетті.
Ауыл жұртының айтуынша, бұл топтық төбелес болған. Онда марқұм Дастаннан бөлек, тағы 3 бала пышаққа түскен деседі. Тергеушілердің мәліметінше кісі өліміне қатысты күдіктілер қамауда.
Төбелеске қатысы бар күдіктілердің туған-туыс ағайындары отбасының қайғыларына ортақтасып көңіл сұрамаған. Ал, марқұм Дастанның артында қарындасы мен інісі қалды. Ал, енді ата –анасы ұл-қызының амандығын тілеп отыр.