Атырау, Caspian Life. Оқиға Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында болған.
Атырау қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, 5 наурыз, сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөліміне Салықов көшесі бойындағы бір үйден төрт адамның мүрдесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Болжаммен қаза болу себебі — көмір қышқылгазына улану.
Оқиға орнына Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеткен кезде, 1974 және 1991 жылы туған ер азаматтар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыз баланың қаза болғандығы анықталды.
Қазіргі таңда аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция қызметі жұмыс жасауда.