Атыраулық кәсіпкерлер онлайн төлемдер жасау кезінде салық салуға қарсы.
Айта кетейік, қазақстандық депутаттар онлайн банкинг арқылы жасалған төлемдерге салық салуды ұсынған болатын. Бірақ, бұл заң күшіне енсе кәсіпкерлердің басына қара бұлт орнамақ. Расымен қазір барлық сауда-саттық онлайн төлемге көшті десек артық айтқандық емес.
Себебі, телефон немесе карта арқылы аударым тез әрі ыңғайлы. Бірақ, бұның бәрі қолма-қол ақшасыз жүзеге асатындықтан кәсіпкердің кіріс-шығысы туралы нақты ақпарат қолжетімсіз болады. Депутаттардың мұндай ұсынысына қарсылық білдіргендердің бірі кәсіпкер – Бибігүл Шайхиева. Оның сөзінше, қосымша салық бірінші кезекте кәсіпкердің, екіншіден, тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді.
Бибігүл ШАЙХИЕВА, бизнес-жаттықтырушы
Қазіргі уақытта адамдардың барлықтары онлайнға көшіп жатыр. Онлайн болғандықтан көп нәрселердің құны аз. Мысалы, мен өзім сабақ беретін тренингтерге байланысты айтатын болсам, офлайн құны 5 мың теңге тұратын тренинг, ол 3-5 мың теңге халыққа қол жетімді бағада береміз. Ал ол берген суммадан біз 10 процент төлейтін болсақ, әрине біз бағасын көтеру керек боламыз. Ал ол біздің қарапайым халыққа тиімсіз.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі экономиканы тұрақтандыру мен бизнесті дамыту мақсатында шағын кәсіпкерлік субьектілері табыс салығынан 3 жылға босатылған еді. Әр тиынды үнемдеп үйренген кәсіпкерлер үкімет тарапынан косымша қолдау бола ма деп жүрсек бізге тағы салық салмақшы деп ренжулі.
2023 жылдан бастап онлайн есептескен кәсіп иелеріне салық салына бастауы мүмкін. Бірақ ең алдымен қосымша салыққа арнайы шот ашылу керек. Кейін екінші деңгейлі банкттермен кәсіпкер келісімге отырады. Қалай десек те, бұл кәсіпкерлерге қолайсыз болғалы тұр. Сондықтан, бизнесмендер өздерінің пікіріне жоғардағылар құлақ асады деген үмітте.