Автор: Сайт әкімшілігі

Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Мәжілісмен соңғы бір ай ішінде әр жерде мемлекеттік шенеуніктердің ел азаматтарының мобильдік ақша аударымына салық салу туралы бірнеше қарама-қайшы мәлімдеме жасағанын және бұл бастама кәсіпкерлердің кірістерін жасыруға қарсы күрес ретінде ұсынылғанын атап өтті. Сонымен бірге, «Ақ жол» парламенттік фракциясы кәсіпкерлердің бұл арада салық төлеу міндетінен қашып отырмағанын баса айтты. Фискальдық органдар тағы да сау басқа сақина тілегеннің күйін келтіріп отыр. Алаяқтарды мақсатты түрде анықтаудың орнына олар «кең ауқымды» әдіспен әрекет етуді жөн көреді, яғни барлығын бірдей мөлшерде: адал кәсіпкерлерді де,…

Read More

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының жабдықтары мен бөлшектерін жасайтын зауыттың жұмысшылары бес айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Бұл туарды mangystaumedia.kz хабарлайды. Ақтау машина жасау зауытының 208 қызметкері жалақыларын алмағалы бес айдың жүзі болған. Осы уақыт бойы несиелері төленбей, таныстарынан қарыз алып күнелтіп келген. Бұрын бір-екі ай ғана кешігетін жалақы енді тіпті сағым болып барады, дейді олар. Шыдамы таусылған бір топ жұмысшы «бұдан әрі айлықсыз жұмыс істемейміз, деп отыр . Былтыр қарашадан бері жалақы алған жоқпыз. Бір жарым жылдан бері жалақымыздан зейнетақы қорына ақша ұсталады, бірақ БЗЖҚ-ға түспеген. Ақшамыз қайда кетіп жатыр? Медициналық сақтандыру қорына да ақша түспегендіктен, дәрігерге барып емделе алмаймыз,…

Read More

«Бұл туралы «30 игі іс» республикалық қайырымдылық марафонының ресми ашылуы кезінде белгілі болды». Игі іске Атырау қалалық мәслихатының және аудандық мәслихат депутаттары атсалысқалы отыр. Мәселен, Атырау қалалық мәслихатының 18 депутаты 18 аз қамтылған отбасын жыл бойы азық-түлік себетімен қамтамасыз етіп отырады.  «Си Си Компаниясының» өкілі, жылыойлық Орақ Әнуарбекұлы 100 отбасын қамқорлығына алып отыр. Ол осынша жанұяға жыл бойына тұрақты түрде азық-түлік жеткізіп отырмақ. Индерлік жергілікті мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы 100 отбасын азық-түлікпен жыл бойына қамтамасыз етпек. Жалпы, қала және аудандарда жыл бойына 1000 мұқтаж отбасы жыл бойына азық-түлікпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық датасы аясындағы қайырымдылық…

Read More

Биыл елордада Халықаралық әйелдер күніне орай 23,8 мың адам 2,5 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек алды    Нұр-Сұлтанда Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға 7 293 теңгеден (17 доллар) берілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады. Айта кетейік, жыл сайын елордада 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) мерекесіне орай көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға 2,5 АЕК (7293 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек  көрсетіліп келеді. Мұндай шешімді Астана қаласының мәслихаты 2017 жылдың 12…

Read More

Қазақстанда 2020 жылы сүт бағасы 9 пайызға көтерілді. Сарапшылар елдегі сүт өндірісінің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлайды. Зерттеушілердің айтуынша, республика бойынша қаңтарда сүт 0,4 пайыз, ал 2020 жылы 9 пайыз қымбаттаған. Қазақстан 2020 жылы 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірді. Бұл былтырмен салыстырғанда 7,5 пайызға көп. Ал 2021 жылдың қаңтарында республикада сұйық сүт пен кілегей өндірісі 49,7 мың тоннаға артты, былтырғыдан 10,5 пайыз көп. «Өңірлер бойынша барлық сүт өндірудің үштен бірі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі: 16,2 мың тонна. Одан кейін Алматы және Ақмола облыстары тұр», — деп жазды мамандар. 2021 жылдың қаңтарында сиыр сүті былтырғы осы кезеңмен…

Read More

Депутаттар әлеуметтік төлемдер тұжырымдамасынан адам капиталына ақша салу жүйесіне көшу қажеттігін ерекше атап өтті Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізуді ұсынды. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдауға арналған бірқатар шаралар атқарылып келеді. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қарастырылған. Дегенмен, бұның барлығы ана мен баланың өмір сүру деңгейін көтеруге айтарлықтай ықпал жасап отырған жоқ. Оны ЮНИСЕФ-тің зерттеуі де растап отыр. Қазақстанда балалардың 15,6 проценті табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Ал 15 процент — ол 1 миллион бала. Басым бөлігі — көпбалалы отбасының мүшелері. Бұдан бөлек,…

Read More

Атырауда пайдалануға және сатуға рұқсат етілмеген балық аулау құралдары ашық сатылып жатыр. Осы саладағы мамандар бұған заңмен шектеу қойылғанмен, мәселе шешілмей тұр дейді. Мысалы, қытайлық ау-тор базарда  5 мың теңгеден саудалануда. Оны кез-келген адам сатып ала алады және қажет болмаса лақтыра салса да ештеңесі кетпейді. Бірақ, кесірі балық пен өзенге тиюде. Мұның алдын алу үшін браконьерлік құрал-жабдықтарды сататын дүкендер мен сауда орталықтарына рейдтік іс-шараны үнемі өткізу керек, — деп отыр инспекторлар. Айтуларынша, былтыр 5 мыңға жуық заңсыз балық аулау және қолдан жасалған үш жүз суда жүзу құралдары тәркіленген.  Қытай ауларын ғаламтордағы түрлі сайттардан емін-еркін сатып алуға болады. Браконьерлік құралдардың құнын…

Read More

Мұнай мен газ өндіретін аймақта автогаз тапшы. Жүргізушілер бірнеше күннен бері жанар-жағармай бекеттерін торуылдап жүр. Қазір газ құю бекеттерінде «газ жоқ» деген жазу ғана ілулі тұр. Кейбіріне сұйытылған отын келе қалса, ұзын-сонар кезек пайда болады. Сенделген көлік жүргізушілері мұнайдың үстінде отырып, мұндай мәселемен бетпе-бет келеміз деп ойламадық дейды. Өңірде газ тапшылығы өткен аптада басталды. Муны пайдаланган, кейбір бекеттер осы уакытка дейын  50-53 тенгеден сатылған сұйық отынның бағасын 65 теңгеге дейін көтеріп жіберді. Мәселенің анық қанығын білу үшін АМӨЗ жанындағы жанар-жағар май мен суйытылган отынды сақтап, бекеттерге тарататын орталыққа бардық. Ондағылар сұйытылған отынның АМӨЗ- нан келетінін айтты. Ал, зауыттагылар мұны сонгы…

Read More

«1 наурыздан бастап елімізде  барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттерінің бағасы 7 процентке көтерілді» .  «Тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады», – делінген «Жолаушылар тасымалы» компаниясы таратқан ресми хабарламада. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, республика бойынша 166 бағытта жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар жүреді. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар 106 пойыз мемлекет тарапынан судсидияланады.

Read More

 Маңғыстауда бүтін бір отбасы қара жамылды. Әулет айдың-күннің аманында тұңғышы Дастан ұлынан айырылып қалды. Қан жұтқан отбасы бүгінде перзентін жер қабіріне тапсырды. Жантүршігерлік қайғылы оқиға 22 күн бұрын Жетібай аулында орын алған. Әкесінің айтуынша, аталған елді-мекеннің ауыл жастары ұлын аяусыз ұрып- соққан. Ол, ауыр халде ауруханаға түсіп , тілге келместен қайтыс болды. Отағасы кінәлілер тиісті жазасын алса екен деп қалайды.  Сайлаубай ҚАЛИЕВ, марқұмның әкесі Қазіргі уақытта бес бала ұсталды деп жатыр. 5 бала қамауда отыр дейді. Олар енді әлі де көп. 20-30 бала дейді. Тергеушілер енді тергеп жатыр. Енді сол әділдігін беретін шығар деп өзім солай деп ойлаймын. Менің айтатыным…

Read More