Автор: Сайт әкімшілігі

Қаңтар айында туған адамдар шыдамды әрі жігерлі келеді. Тағдырдың қандай тәлкегі болса да, жақындарына салмақ түсірмей бәрін өз мойнымен көтереді.Бұл айда туылған әйелдер ұяң, бірақ «ер» мінезді болып келеді. Олар тәкаппар болғандықтан, еркіндікті сүйеді. Қай салада болсын, биіктен көрінгенді қалайды. Мінездері отбасыларына кейде жайсыздық танытқанымен, күйеулерін өлердей сүйеді және әрқашан, қандай жағдай болса да, көмектесуге дайын. Тәтті тағамдар жасауға әуес. Ал қаңтарда туған ерлер әділ, әрі жігерлі болғандықтан, оларға қиын сәттерде иек артуға болады. Олар тіпті тәуекелшіл, шешімді тез қабылдайды. Өзінен әлсіздерге мейірімділікпен қарайды. Әйелдерге құрмет пен инабаттылық танытады. Өте тәкаппар және ерік-жігері мықты, отбасына жайлы. Ақпанда туғандар тік мінезді, бірақ…

Read More

Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болып Мұханбеталиев Әлібек Максимұлы тағайындалды. Мұханбеталиев Әлібек 1984 жылы туған. 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітіріп, «Инженер-құрылысшы» мамандығын, 2017 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап, «Құқық бакалавры» мамандығын алған. Еңбек жолын 2003 жылы бизнес саласынан бастаған. 2007 жылдан бюджеттік мекемелерде басшы лауазымдарда жұмыс жасаған. 2020 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасаған.

Read More

Өңірде өрт  көбейген. Биыл болған 45 өрт оқиғасының басым бөлігі жеке тұрғын үй секторларында тіркелді. Осы себепті  куткарушылар тілсіз жаудың алдын алмақ мақсатта қалаға қарасты ауылдарды  аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Жылыту маусымы басталғалы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 130 дан астам арнайы курылгы немесе датчик орнатылды. Сала қызметкерлерінің сөзінше, айтып келмейтін апат көбіне тұрғындардың қауіпсіздік іс-шараларын сақтамайтындығынан болады. Жантөре ДЕМЕШОВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы Жыл сайын жылыту маусымы қарсаңында облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі.  2020 жылы 15 тамыздан бастап, биылғы жылыту маусымы айлығы өткізіліп жатыр. Осы аралау барысында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жасап, жаднамалар тараттық. Мамандар тұрғын үйлерде болатын…

Read More

Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетсе, 2023 жылға қарай 561 мың теңгені құрайды Қазақстанда 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді. «Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда», — деді ол. Осылайша, Цойдың айтуынша, биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетеді. 2023 жылы 561 мың теңгені құрайды. «2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», — деді министр. Ол президент биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын…

Read More

Атырау облысындағы Мақат және Доссор кентінде өткен ғасырдың 60-жылдары салынған перрон ешқашан жөндеу көрмеген. Бүгінде нысанның аты бар да заты жоқ. Әбден мүжіліп біткен. Тоғыз жолдың торабында тұрған елдімекен тұрғындары үшін пойыз перроны аса қауіпті болып тұр.Бұл туралы Ұлттық арна жаңалықтары хабарлайды. Теміржолшылар уәдеге әбден тойған. Өйткені, мәселе жылда аяқсыз қалып келеді. Тозығы жетіп, тек қаңқасы қалған ескі перронның қиындығын әсіресе жолаушылар көріп келеді. Талап былай тұрсын қарапайым қағидалар ескерілмеген темір жол өткелі адам өмірі үшін өте қауіпті болып тұр. Әсіресе. ауа райының қолайсыз күндері оқыс оқиғалар жиі болады. Қадырхан Орынбаев, жолсерік:  Көп жерлерде перрондар мүгедек жандарға, үлкен кісілердің мініп…

Read More

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады: Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз. Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Мен баршаңызға Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз.…

Read More

Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып Аманғали Нұрдаулетов тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Аманғали Сүлейменұлы 1981 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. 2000 жылы Ақтау шет тілдер колледжінде ағылшын тілі мұғалімі, реферант – аудармашы, 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Ақтау қаласы әкімі аппаратының іс жүргізуші мамандығынан бастаған. Кейін қалалық әкім аппаратында бас маман, жетекші мамандығы бойынша жалғастырған. 2010 жылы Мунайлы ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік–құқық бөлімінің бастығы, 2012 жылы Ақтау қаласы бойынша судан кұтқару кызметінің басшысы, 2016 жылы Форт-Шевченко қаласының әкімі, 2018…

Read More

Ақтауда екі адам химиялық заттан улану салдарынан көз жұмды. Тағы 6 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Құзырлы органдар анықтағандай, Ақтау қаласының тұрғыны «Квикфос» препаратымен (жәндіктерге қарсы препарат) көршілерін ескертпестен өз пәтерін дезинфекциялайды. Пәтерін залалсыздандырып болған соң, үйін кілттеп басқа шағынауданға кеткен. Кейін көршілерінің денсаулығы нашарлай бастаған. Салдарынан көрші әйел мен оның қызы көз жұмды. Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факт Ақтау қаласының полиция басқармасына ҚР ҚК 304 бабы 3-бөліміне сәйкес тіркелді. Қазіргі таңда Ақтау қаласының полиция басқармасы пәтерін дезинфекциялаған тұрғынның жеке басын анықтады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Read More

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді. Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлайды. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын. Содан бері шетелдік қандастарымыз ел аумағына кіргізілген жоқ. Үкіметтің қолдауымен бүгін барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, Қазақстанға көшіп келуге өтініш тастаған қандастарымыз өз еріктерімен тарихи Отанына қоныс аударды. Оларды Қазақстан-Түрікменстан шекарасындағы «Болашақ» станциясынан Қарақия ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен Қарақия орталық аудандық ауруханасының медбикелері Ермағанбетова Марал және Унгарбаева Ляззат, өздерінің көмегін көрсетіп, ағайындарды қарсы алды. Қоныс аударушылардың ПТР тест сынамасының нәтижесі мен тиісті құжаттары тексеріліп, «Қазақстан Темір Жолы» «Жолаушылар тасымалы»» АҚ-ның демеушілігімен арнайы дайындалған пойызбен…

Read More

Атырауда тергеу изоляторының шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандары 1 наурыз «Алғыс айту» күнін атап өтті. Сотталғандар Skype арқылы ата-аналарына, туған-туыстарына өз алғыстарын жеткізді. Есірткі сатқаны үшін сотталған Асылбек (есімі өзгертілді) өзінің 60-тан асқан анасымен Skype арқылы бейнеқоңырау шалып, кешірім сұрап, қиын-қыстау кезінде қасында болғаны үшін алғысын білдірді. — Сіз мені тоғыз ай құрсағыңызда, өмір бойы жүрегіңізде көтеріп келесіз. Шалыс бассам да апта сайын түрмеге келіп, бар тәттіңізді алып келесіз. Тіпті түрмеге дейін жаяу келген кездеріңіз болды. Сол үшін сізге алғысым шексіз. Бұл жерден шыққаннан кейін сіздің жаныңызда болып, қолымнан келген бар жақсылығымды сізге арнаймын,-деді Асылбек. Ұлының сөзін естіген анасы көз жасына…

Read More