Автор: Сайт әкімшілігі

Полицейлердің жедел-іздестіру шарасы барысында қаланың әр жерінде есірткі жасырған 27 жастағы күдіктіні ұстады. Тінту кезінде азаматтың уақытша тұрып жатқан үйінен ұнтақ зат пен есірткі дозаларын жасауға қажетті құралдар тәркіленген. Кейін, күдікті қала аумағында жасырылған есірткі дозаларының қайда екенін көрсеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Марат ТАҒАНИЯЗОВ, Атырау облыстық ПД басқарма бастығы Тінту кезінде Атырау тұрғынының уақытша тұрғылықты жерінен ұнтақ тәрізді зат пен түрлі өлшеу құралдары табылып, тәркіленді. Тергеуден кейін күдікті қаладағы барлық 3 орынды көрсетті, онда ол 60 дозадан астам есірткіні жасырған. Зерттеу нәтижелері бойынша дәрілік зат-пиралерон анықталды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Айта…

Read More

Ковидке қарсы вакцинацияның келесі партиясы 4 наурызда келеді. Денсаулық сақтау басқармасындағылар алдымен медицина қызметкерлерін вакцианациялауды аяктайтындықтарын айтып отыр. Кейін мұғалімдерге сонымен қатар, санақ жүргізетін интервьюерлер де вакцинация алатын болады дейді олар. Бұл жоспарлар орындалғаннан кейін ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кезек учаскелік полицейлер мен студенттерге келмек.  Нина ОСПАНОВА, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы  Осы 4 наурызға 2000 доза келу жоспарланып отыр. Одан кейін 15 наурыздан бастап 3600, одан әрі қарай қосымша келе береді. Қазіргі уақытта 2000 вакцинаны күтіп отырмыз. Бірінші кезекте медицина мамандарын аяқтағаннан кейін барып, педагогтарға бастаймыз. 

Read More

Жоғары оқу орны студенттері дәстүрлі оқу режиміне қашан көшетіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Студенттердің қашан дәстүрлі оқу режімінде оқитынын құзіретті органдар шешеді. Бәрі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Ал өз атымнан айтар болсам, Білім және ғылым министрлігі де, жоғары оқу орындары да дәстүрлі режімде оқуға дайын», — дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, алдымен аралас, одан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшетінімізді, яғни бәрі кезең-кезеңімен болатыны алдын ала ескертілген. «Мұндай жағдай еліміз бойынша да, әлем бойынша да…

Read More

Кешкі 11-де 102 операторының пультіне Нұрсая ықшамауданының 32 жастағы тұрғынынан қоңырау түсті. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болып жатқанын хабарлады. Бұл туралы azh.kz хабарлайды. Сол жерге барған полиция қызметкерлері пәтерде өзін аспақшы болған мас күйдегі ер адамды көрді. Әйел өзара ренжісу кезінде күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын түсіндірді. Учаскелік инспекторлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адам мұндайды қайталамауға уәде берді. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Read More

Белгілі жұлдызнамашы наурыз айының әр күніне болжам жасады, айтуынша, адамдар бір ай бойы энергиясын бос әңгіме мен дау-жанжалға жұмсауы мүмкін  Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова көктемнің алғашқы айына болжам жасады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.. Құпия істер уақыты «Наурыз айының алғашқы жартысында саяси белсенділік көше митингтерінен заңсыз жолдарға ауысады. Айдың екі онкүндігі саяси авантюралар мен құпия істердің уақыты», — дейді жұлдызнамашы. Оның болжамынша, бұл аралықта адамдар романтикаға ұмтылады, махаббат пен түсіністік іздейді. Алайда, астролог ішкі сезімге мұқият болуға кеңес берді. Кей кезде адам өзі қалаған образға ғашық болып, алданып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл кезеңде көбі оңаша қалғысы келеді және игі…

Read More

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ресейлік инвесторларды қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Олар жазға қарай тоқыма полипропилен және геосинтетика өндіру цехына қатысты құны шамамен 3,6 млрд теңге болатын екі жобаны Атырау өңірінде жүзеге асыра бастайды. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов елімізде инвесторлар үшін ерекше жағдай жасалғанына жан-жақты тоқталды. «Инвестициялық климаттың заманға сай қолайлы болуы үшін жылдар бойы құқықтық тұрғыдан ауқымды жұмыстар жасалып келеді. Біз де өңіріміздің инвестициялық мүмкіндігін арттыру үшін бар жағдайды қарастырудамыз. Өйткені, өндіріс қай кезеңде де аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, Атыраудың дамуына ықпала ететін инвестициялық жобаларды қолдауға дайынбыз»,- деді өңір басшысы. Ал өз…

Read More

1 наурыздан бастап «Нейрон» емханасында мұғалімдер коронавирусқа қарсы екпе ала бастады. Бұл туралы  mangystaumedia.kz хабарлайды. МО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцина алатын адамдардың тізімі жасалды. Вакциналау үшін емханаларда арнайы егу бөлмелері дайындалған. «Бүгін педагогтарға екпе салуды бастап кеттік. Екпені өз еріктерімен алып жатыр. Алдымен дәрігердің тексеруінен өтіп, жағдайларын анықтағаннан кейін екпеге рұқсат қағазы беріледі. Содан соң, егу кабинетіне барып, вакцина алады. Екпе алғандар арнайы тынығу бөлмесінде 30 минут отырады. Ол жерде арнайы мамандар кеңес береді. Қазіргі уақытта 11 адам вакцина алды. Кері әсері болған жоқ. Жағдайлары жақсы және бірқалыпты», — деді «Нейрон» емханасының бас дәрігері Нина Самаликова. Мамандардың айтуынша, бүгін…

Read More

Brent баррелі шамамен 65 долларға саудаланып жатыр. АҚШ-тың өкілдер палатасы президент Джо Байден ұсынған экономиканы ынталандыру шарасын мақұлдағаннан кейін, мұнай бағасы өсті. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлайды. Бірақ Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы белсенділіктің ақпан айында баяулауы шикізат нарығының оңалуын тежеп отыр. Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,63%-ға артып, 65,47 доллар болды. WTI баррелі 1,61%-ға қымбаттап, 62,49 долларға дейін жетті. Еске сала кетсек,бұған дейін өкілдер палатасы экономикаға 1,9 триллион доллар құю туралы құжатты мақұлдады. Кей сарапшылар бұл бастамадан кейін ең төменгі жалақы мөлшері көбеймейді деген пікірде. Инвесторлардың назары 4 наурызда өтетін ОПЕК+ альянсының отырысында. Тараптар жиын кезінде сәуірдегі өндіріске қатысты…

Read More

Бүгін Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшіге сағат 09:00-де қоңырау түскен. «Жаңаөзенде жеке тұрғын үйде улы газбен уланудан оқиға орнында 1965 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйел адам қайтыс болды», — делінген хабарламада. ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамаму себеп болған. Еске сала кетейік, 11 ақпанда Форт-Шевченко қаласында екі адам газдан уланып зардап шеккен болатын.

Read More

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе көп болатынын айтты, деп хабарлады ORDA. – 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін өсіп, шамамен 320 мың теңгені құрайды. Орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 2021 жылы 173 мың теңгені құрап, 2023 жылы 210 мыңға жетеді, – деді Алексей Цой. Денсаулық сақтау министрі Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары болады деп болжануда. Республикалық бюджетте 247000 медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін 2021 жылы 222 миллиард, 2022…

Read More