Автор: Сайт әкімшілігі

Бүгінде кредитті уақытында төлемеген, бірақ қарызын жапқан жеке тұлғаларды оңалту тетіктері талқыланып жатыр  Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы кредиттердің шекті мөлшерлемесін реттеу және қарызға батқан адамдарды оңалту шаралары қалай іске асатынын түсіндірді. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. Адамның кредиттік тарихы бұзылмайды Ұйым басшысының бірінші орынбасары Ирина Кушнареваның айтуынша, бүгінде кредитті уақытында төлемеген, бірақ қарызын жапқан жеке тұлғаларды оңалту тетіктері талқыланып жатыр. Алдымен ондай адамдардың кредиттік тарихын түзету көзделген. Сонда қайта кредит алғанда қиындық болмайды. «Біріншіден, кредиттік тарихты сақтау мерзімін қазіргі 10 жылдан төмендету қарастырылып отыр. Ол үшін кредиттік бюро туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Осының арқасында, айталық, 5-7 жыл бұрын қарызын толығымен жапқан…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға шамамен 34 миллион теңге төлейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты. «Биыл 213 адамды марапаттауға бюджеттен 33 900 000 теңге бөлінді. Қаңтар айында аумақтық департаменттер 11 адамға 1 306 740 теңге сыйақы берді», — деді Данияр Биғайдаров.

Read More

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов көктемде коронавирусты қанша адам жұқтыруы мүмкін екенін болжады. «Жалпы, ақпан айындағы көрсеткіштерге қарап, наурыз және сәуір айларында 15 мыңнан 20 мыңға дейін науқас тіркеледі деген болжам жасап отырмыз. Бірақ тағы айтайық, барлығы өзімізге байланысты. Наурыз айында өзіміздің ұзақ мейрам-тойларымыз болады. Сол кезде барынша сақ болуымыз қажет», – деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Осы орайда вице-министр жаңа жылдағы жағдайды еске алды. «Мысалы, жаңа жылдан кейін екі апта өткен соң, бізде науқастардың саны көбейді. Сондықтан халыққа тағы ескерту жасағымыз келеді. Үлкен той жасамаңыздар. Тек өз отбасыңызбен ғана болыңыздар. Бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажет»,…

Read More

2021 жылғы 4 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. Барлық қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Read More

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының жабдықтары мен бөлшектерін жасайтын зауыттың жұмысшылары бес айдан бері жалақыларын ала алмай жүр,. Бұл туралы  mangystaumedia.kz хабарлайды. Ақтау машина жасау зауытының 208 қызметкері жалақыларын алмағалы бес айдың жүзі болған. Осы уақыт бойы несиелері төленбей, таныстарынан қарыз алып күнелтіп келген. Бұрын бір-екі ай ғана кешігетін жалақы енді тіпті сағым болып барады, дейді олар. Шыдамы таусылған бір топ жұмысшы «бұдан әрі айлықсыз жұмыс істемейміз, деп отыр . Былтыр қарашадан бері жалақы алған жоқпыз. Бір жарым жылдан бері жалақымыздан зейнетақы қорына ақша ұсталады, бірақ БЗЖҚ-ға түспеген. Ақшамыз қайда кетіп жатыр? Медициналық сақтандыру қорына да ақша ұсталып жатыр. Ол да қорға…

Read More

Ақтауда жоғалып кеткен қыздың денесі 4 а шағынаудандағы «Жартасты соқпақ» маңынан табылды. Бұл туралыМаңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында мәйітте зорлық-зомбылықтың белгілері болмаған. «Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», — дейді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, 25 ақпан күні әйел Ақтау қаласының полиция бөліміне қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.

Read More

Атырау облысында 9 наурызда мұғалімдерді вакцинациялау басталады. Нақтырақ айтқанда, 2000-ға жуық ұстазға өз қалаулары бойынша ковидке қарсы «Спутник-Ви» егіледі. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, вакцина ертең  Ақтөбеден  жеткізіледі. Екпе әуелі бұрын алмаған дәрігерлерге,сосын пеадгогтарға, кейін түрлі санаттағы азаматтарға салынады. Бүгінге дейін шамамен 800-ге жуық медицина қызметкері екпенің екінші дозасын қабылдаса, қалған 200-і  бекітілген кесте  бойынша қабылдайды. Асхан БАЙДУВАЛИЕВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 4 наурыз күні Атырау облысына қосымша 2000 доза вакцина келеді. Содан 15-наурыз күні тағы да 3500 доза жоспарланып отыр әкелуге.Соның барлығы   біздің Атырау облысының мұғалімдер осы,білім беру саласындағы қызметкерлерге, студенттерге және жергілікті полицейлік қызметкерлерге салуға жоспарланып жатыр.

Read More

Енді зейнетақы жинағының бір бөлігін тісті протездеу және имплантациялау үшін пайдалануға болады. Атыраулықтардың алды мұндай кызметті алып та үлгерді. Солардың бірі — Әсет Ерекенов. Ол  тісіне имплантация жасатуды біраздан бері жоспарлап жүр екен, бірақ қымбат болуы себепті бұл қалауы кейінге ысырыла беріпті. Міне енді жақында ғана енгізілген жаңашылдықтың арқасында бұл қызметке  қолы жетіп отыр. 25 ақпаннан бастап «Отбасы Банкі» зейнетақы жинағын денсаулығын нығайту үшін пайдаланғысы келетін азаматтардан  өтініш қабылдай бастады. Айта кетейік, зейнетақы жинақтарын алу алгоритмі бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады. Алдымен, сіз БЖЗҚ-нан жеткілікті сома туралы анықтап аласыз. Кейін тіркеліп тұрған емханаңызға және өзіңіз қалаған стоматологиялық клиникаға жүгінуіңіз қажет дейді…

Read More

Жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұған дейін жылжымайтын мүлікті  уақтылы тіркемегені үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 20 АЕК молшерынде айыппұл салынатын еді. Тіпті өткен жылдың өзінде дәл осындай дерек бойынша 69 әкімшілік іс қозғалған. Бүгінде бұл норма толығымен алынып тасталды. Дегенмен бұл жылжымайтын мүлікті тіркеудин қажеттілігі жоқ деген сөз емес. Жылжымайтын мүлікті тіркеу ушин ХҚО-на бару керек немесе egov.kz сайты аркылы жузеге асырылады. Сондай-ақ, сүрілуге жататын нысандарға қатысты да өзгериістер бар.

Read More

Атырауда тұрғын үй бағасы қымбаттады. Былтыр елімізде пәтердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 3,5 процентке өскен. Ал Ақтаудағы тұрғын үй бағасының 13 процентке өсуі тұрғын үй нарығындағы айтарлықтай рекорд десе де болады. Осылайша, мұндағы пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 217 мың теңгеге жетті. Екінші орында Орал қаласы, ондағы өсім 8 процентке жуықтап, шаршы метрдің орташа бағасы 246 550 теңге болды, бұл, соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ал Атырауда бір шаршы метрдің орташа құны 5 процентке өсіп, 297 мың теңгеге жетті. Бұл да Қазақстан тұрғын үй нарығындағы ең жоғарғы баға. Қала тұрғындарының айтуынша, тұрғын үй бағасы халықтың орташа жалақысына қарамастан…

Read More