Автор: Сайт әкімшілігі

Кеше Өзбекстаннан Әзербайжанға бара жатқан Mercedes-bens жүк көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы  mangystaumedia.kz сайты хабарлайды. Оқиға Бейнеудегі «Ақниет» кафесіне қарсы жолда сағат 18:29 шамасында болған. Жүк көлігі Әзербайжанда тіркелген. Көлікте 22 тонна мата мен өзге де материал болған. «Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сағат 19:55-те өртті өшірді. Сондай-ақ қалған 5 тонна жүкті жалыннан сақтап үлгерді. Өртті сөндіруге 14 адам және екі техника, «Қуаныш-Бейнеу» мұнай-газ станциясының 4 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», — дейді МО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Read More

Қазақстандықтар Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды. Бұл туралы  Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген және тіркеу шарттары дұрыс 20 мыңнан аса көлік есепке қойылған. Көлігін тіркей алмаған мыңнан аса жүргізуші де бар. Мұның бірқатар себебі аталды. «Күрделі эпидемиологиялық жағдай мен карантин шектеулерінің ұзаққа созылуына байланысты енгізілген мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінен автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады. Кейбір автокөлік иесі де карантинге байланысты қайта жабдықталған автокөлігін зертханаларда уақытылы сынақтан өткізе алмады, себебі олар кей өңірде жұмыс істемейді», — делінген Қазақстан ІІМ хабарламасында. Үкімет мұндай көліктерді тіркеу…

Read More

  Тұрғын үйдегі мәйітті көршілері тауып, кешкі 18.35-тер шамасында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарласқан. Бұл туралы  inbusiness.kz хабарлайды. Белгілі болғаны, үй ішінде кәмелет жасына толмаған төрт баланың және олардың анасының мәйіті табылды. Олар: 1980 жылы дүниеге келген анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары. Олар иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған. Оқиға орнына барған төтеншеліктердің мәліметінше, үй ішінде өрт болғаны байқалмаған. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған.  Түркістан облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы  Өмірзақ Шөкеев пен Полиция департаменті және ТЖД бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға…

Read More

Бұл жайында фейсбуктегі жеке әлеуметтік желідегі парақшасында елге белгілі азамат Естай Жайлыбай ағамыз жазба қалдырып, қазақ халқынан сүйінші сұрады. Естай ағамыздың жазбасында былай делінген: «Сүйінші, Қазақ Елі! Тап қазір еліміздегі халық саны 19 млн. жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халық саны және әлеуметтік департаменті, дүние жүзі және әрбір елдің халқы санын секундына дейін бақылап, арнаулы Countrymeters. info сайты арқылы жария етіп отырады. Біздің елдің осы санға жетуін таң ертеңнен бері қадағалап, түсіріп алдым. 19 млн. -шы болып дүниеге келген қыз бала екен, тілекші сәбиіміз бақытты болғай. Тарихи, айтулы оқиға деп бағалаймын. Өсе бер, ҚАЗАҚ ЕЛІ!»

Read More

«Атырау облысында коронавирус жұқтырған 46 адам анықталды» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі. Инфекция жұқтырғандардың ішінде 15 адам Атырау қаласының тұрғындары. Скринингтік зерттеу кезінде Теңіз кенішінде 30 адамнан қауіпті инфекция расталды. Жылыой ауданынан 1 адамнан коронавирус анықталды. Ауру 11 науқаста симптомды түрде өтуде. 35 науқас инфекцияның симптомсыз түріне шалдыққан. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 21 адам сауығып шықты. Қазіргі таңда үй жағдайында 126 науқас ем алуда. Облыстық инфекциялық стационарда 60 адам, аудандардағы инфекциялық стационарларда 14 науқас ем қабылдауда. Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.

Read More

Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, ал халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту қайта басталады. Оқу бітіретін 9, 11, 12-сыныптарды аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат етіледі. Пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту форматына көшеді. Сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы керек. 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша, бір уақытта мектепте адам саны 30 пайыздан аспай, санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға…

Read More

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту қайта басталады. Оқу бітіретін 9, 11, 12-сыныптарды аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат етіледі. Пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту форматына көшеді. Сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы керек. 1 сынып — 1 кабинет қағидаты бойынша, бір уақытта мектепте адам саны 30 пайыздан аспай, санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс…

Read More

Nur otan партиясы азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермей, ауылдықтардың тұрмыс жағдайын жақсартпақ. Ол үшін  бес жыл бойы әр аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерін сатуға арналған нысандар ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, депутаттар биылдың өзінде  азық-түлік құнын өсірмеуге міндеттелген 260 кәсіпкермен  келісімге отырмақ. Олар жиылыста жауапты тұлғалардан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер туралы толық мағлұмат сұрады. Жиында жұмыртқа бағасының тым қымбаттап кеткендігі жөнінде де айтылды. Ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл мәселені пандемиямен байланыстырады. Дегенмен олар  алдағы уақытта бұл мәселе түбейгейлі шешіледі деп отыр. Себебі жергілікті құс фабрикалары бірнеше партия тауық сатып алыпты. Олардың алғашқы легі жұмыртқа бере бастаған. Балық шаруашылығы саласында да алға қойған…

Read More

Ақылы жол жүйесі Атырауға да жетті. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қоғамдық тыңдау өткізді. Іс-шара тұрғындар үшін өткізілсе де, оған қатысушылардың қарасы аз болды. Айта кетейік, бұл жаңашылдық «Атырау-Доссор- Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолында басталмақ.  Онда төлем қабылдаудың «ашық» жүйесі енгізілетін болады. Яғни, көліктерден жүріп өткен жолы үшін ақы алу – бақылау аркаларына бекітілген арнайы камера және тиісті құрылғылардың көмегімен жүзеге асады. Дегенмен 1 шақырым үшін төленетін ақы мөлшері қоғамдық тыңдаулардан кейін белгілі болады, — дейді Казавтожолдықтар. Мамандар ақылы жүйені енгізу  арқылы жол апатын азайтып, жол инфрақұрылымының дамуына ықпал етеміз деп сендіріп отыр. Айта кетейік, ақылы учаске Атырау қаласынан басталып,  Мақат, Жылой…

Read More

2021 жылдың наурызында қазақстандықтарды 12 демалыс күні мен 19 жұмыс күні күтіп тұр. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Наурыз – Көктем мен табиғаттың жаңаруы (21-23 наурызда тойланады) 8 наурыздың демалысы Биыл 8 наурыз дүйсенбіге түседі, сол себепті бұл мерекені қазақстандықтар 3 күн тойлата алады – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса). Аптасына алты күн жұмыста жүргендер 7 және 8 наурызда демалады. Наурыздың демалысы Наурыз мерекесінің бірінші күні жексенбі екен, сол себепті бұл демалыс күні сәрсенбіге, 24 наурызға ауыстырылады. Сонда Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалып қалады – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес…

Read More