Махамбет атындағы академиялық драма театры 9-10 наурыз – Б. Шоудың пьесасы бойын «Клеопатра» жастар спектаклі. Басталуы — сағат 19:00. Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана 5 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемді әлдилеген ана» атты кітап көрмесі, ақпараты. Басталуы — сағат 11.00. 5 наурыз — Зағип жандар арасында халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы» атты өнер сайысы. Басталуы — сағат 15.00. 9 наурыз — «Жас Алашқа — 100 жыл» атты слайд-шеру. Басталуы — сағат 11.00. 10 наурыз — Жерге орналастыру, геодезия және картография күніне арналған «Жердің шұрайы — елдің шырайы» видеоролигінің көрсетілімі. Басталуы — сағат 11.00. 11 наурыз…
Автор: Сайт әкімшілігі
Шаһарды мұнай өнімдерімен ластаған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылды. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың шешімімен аталған мекеменің қызметі әуелі уақытша, кейін толықтай тоқтатылды. Сондай-ақ, 2019 жылдың желтоқсан айында олардан 900 мың теңгеге жуық айыппұл өндірілген болатын. Міне үлкен тазалық жұмыстары да сол жылы басталған еді. Ұзақ жылғы күрестен кейін жеңіске экология департаментінің басшысы да дән риза. Оның айтуынша, мекеменің сот шешімін уақтылы орындамауы бірнеше рет кедергі болған. Бүгінде «Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері «Ақжайық» ЖБС аумағынан барлығы 390 тонна мазутталған топырақ және мұнай өнімдерінің қалдықтары бар 5 цистерна шығарылды. Сондай-ақ, бул жерді облыстың меншігіне өткізіп,…
Атыраулық кәсіпкерлер онлайн төлемдер жасау кезінде салық салуға қарсы. Айта кетейік, қазақстандық депутаттар онлайн банкинг арқылы жасалған төлемдерге салық салуды ұсынған болатын. Бірақ, бұл заң күшіне енсе кәсіпкерлердің басына қара бұлт орнамақ. Расымен қазір барлық сауда-саттық онлайн төлемге көшті десек артық айтқандық емес. Себебі, телефон немесе карта арқылы аударым тез әрі ыңғайлы. Бірақ, бұның бәрі қолма-қол ақшасыз жүзеге асатындықтан кәсіпкердің кіріс-шығысы туралы нақты ақпарат қолжетімсіз болады. Депутаттардың мұндай ұсынысына қарсылық білдіргендердің бірі кәсіпкер – Бибігүл Шайхиева. Оның сөзінше, қосымша салық бірінші кезекте кәсіпкердің, екіншіден, тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді. Бибігүл ШАЙХИЕВА, бизнес-жаттықтырушы Қазіргі уақытта адамдардың барлықтары онлайнға көшіп жатыр. Онлайн болғандықтан…
Араға 5 жыл салып Атырау облысында көктемгі аң аулау қайта жанданбақ. Наурыздың 14-і мен сәуірдің 4-і аралығында үйректерді аулауға рұқсат берілді. Мамандардың сөзінше, аңшылар тек 15 күн бойы белгіленген жерлерде аулай алады. Бұл аңшылар үшін жағымды жаңалық болды. Соңғы бес жылда көктемде аң аулауға тыйым салынған болатын. Бұған браконьерлердің кесірінен құстар санының азайып кетуі себеп болған еді. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының бақылауында ауданы 1 млн 600 гектар болатын 6 аңшылық алқап бар. Егер азаматтар арнайы алқапта аң аулау ережелерін бұзса 14 жарым мың теңге айыппұл арқалайды. Ал заңсыз құс атумен айналысқан жандар әр құс…
Бір кездері арнасы суға толған Ойыл өзені жоғалып бара жатыр. Оның жағасын мекендеген Қызылқоға ауданының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Және өзеннен, жағымсыз иіс шыға бастаған. Олардың бар қорқынышы – сусыз қалу. Ауыз суға жарымай отырған жұрт, ауданда ауылшаруашылығы кенже қалды дейді. Одан басқа да өзеннің өзекті мәселелерін онлайн-конференцияда ғалымдар, экологтар мен тұрғындар ашына жеткізді. Ғалымдар өзеннің осындай мүшкіл халге түсуіне қыста қардың, көктем-жазда жаңбырдың аз жауыуынан деп санайды. Бірақ, бұл пікірмен тұрғындар келіспейді. Олардың сөзінше, өзен бойындағы шаруа қожалықтары суды түрлі қалдықтармен ластайды екен. Мұны ғалымдар да растады. Бұл мәселемен биліктегілер де жақсы таныс. Күні кеше Қызылқоға ауданына іс-сапармен…
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру ұйымдарының директорлары мұғалімдерді жеке-дара жұмысқа орналастыра алмайтынын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Сенат депутаттары екінші оқылымда жалпы білім беретін мектеп директорларына қойылатын кейбір жаңа талаптар енгізілген ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады. Бірінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтарды конкурстық қабылдауды енгізуге қатысты.
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Облыстық дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті. «Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 24 ақпандағы шешіміне сәйкес 1-наурызынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл аймағында» 7 күн бойы орналасқан өңірлерде бір адамға 4 шаршы метр есебімен толымдылығы 30% -ға дейін жұма намазын өткізуге рұқсат берілді»,-деді Мақсатбек Маханбетов. «Дегенмен бұл босаңсуға себеп емес, жұма намазын өтеу үшін мешітке келушілерге қойылатын өзіндік талаптары бар. Атап айтсақ мешітке міндетті түрде бетперде тағып кіру, мешіт кіреберісінде арнайы антисептик заттарды пайдалану, дәретті барынша үйден алып келу, мешіт ішінде белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол…
Видеодан Иманғали Тасмағамбетовтың құнды жәдігер – ер-тоқымды музейге тапсырып жатқанын көруге болады Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ұлттық музейге құнды жәдігер тапсырды. Бұл туралы музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. «Қымбатты достар, бүгін танымал мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ мәдениетінің жанашыры Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ұлттық музейге құнды тарту сыйлағанын қуанышпен хабарлаймын. Музей қоры ХVIII ғасырға тән Адай ерімен толықты…», — деп жазды Арыстанбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында. Музей директоры құнды жәдігерді тапсыру салтанатының видеосын жариялады. Онда Иманғали Тасмағамбетовтың ер-тоқымды өз қолымен тапсырып жатқанын көруге болады. «Мынау сүйекпен әшекейленген әдемі ер-тоқым» деген сөзі де естіледі. Осыдан кейін мемлекет қайраткері ұлттық музейді аралап…
24,5 млрд теңге инвестиция құйылады Қазақстан мен Қытай арасында инвестициялық байланыс нығаяды. Алдағы 2 жылдың ішінде Қытай Қазақстанға 15 жылда құймаған инвестицияны тарту етпек. Бұл туралы ҚР сауда вице-министрі Қайрат Төребаев пен Қытай коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен кездесуде айтылды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасыхабарлайды. Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қытайдың Қазақстанға 15 жылда құйған инвестициясы 20 млрд долларға жетер-жетпес болса, алдағы бір-екі жылда бұл екі есе көбейіп, 25 млрд долларды құрамақ. «Қытай – Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі. Ірі бестікке енеді. Қазақстанға құйылған барлық инвестицияның 4,7%-ын құрайды. 2005-2020 жылдары Қытай біздің елге 19,2 млрд доллар инвестиция құйды. Алда индустриалды-инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясында 56 заманауи…
Қаржы ұйымдары қазақстандықтарға алаяқтардың әрекетінен сақ болуы үшін бірнеше кеңес берді Kaspi.kz, «Сбербанк», Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банкі (Қазақстан), ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банкі, Еуразия банкі және «Альфа-Банк Қазақстан» алаяқтардың шабуылы жиілеп кетуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. БАҚ-та жарияланған хатта алаяқтықтың бірнеше әдісі келтірілген. «Алаяқтар хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырады. Олар күдікті операция орындалып жатқанын айтып, клиент шотынан ақша аудару үшін деректерді сұрайды. Мысалы, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды сұрайды, жаңа құпиясөз бен SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айту керек дейді», — деп хабарлады банк. Сол деректерді пайдаланып, алаяқтар клиент шотындағы ақшаны аударып алады немесе оның атынан ақшалай…
