Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 6 ақпан. Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура мен ҰҚКД-нің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар газды кен орнынан ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Polisia.kz сайтының мәліметінше, күдіктілер газ өндіру саласында қызмет ететін компанияның жұмысшылары болып шықты. — Олар отын сақтау қоймаларындағы өлшеу құралдарына техникалық айла-шарғылар жасап, есепке алынбаған газ қалыптастырып отырған. Кейін бұл газды теміржол арқылы сатып жіберген. Кен орнынан сату нүктесіне бара жатқан жолда ұрланған газ тиелген 12 вагон ұсталды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталады. Тергеу шаралары жалғасуда, — деп мәлімдеді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес…

Read More

CaspianLife, 6 ақпан. Бүгін түнде Астрахан облысындағы жабық әкімшілік-аумақтық құрылым (ЖӘАҚ) Знаменскіде (жергілікті уақыт бойынша шамамен 03:00-де) әуе дабылы жарияланды. Бұл туралы ресми ақпарат ЖӘАҚ Знаменскінің Telegram-арнасында жарияланды. Үш сағаттан кейін «Ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) шабуылы қаупі» дабылы тоқтатылды. Анықтама: Знаменск – Ресейдің Астрахан облысының солтүстігіндегі қала. Капустин Яр сынақ полигонының әкімшілік және тұрғын орталығы. Жабық әкімшілік-аумақтық құрылым мәртебесіне ие.

Read More

CaspianLife, 5 ақпан. Бүгін таңертең Астрахань қаласын газ иісі басып қалды, оған өңдеу процесінен кейін (одоризация) ерекше иіс пайда болады. Аймақ губернаторы Игорь Бабушкиннің айтуынша, газдың иісінің себебі – Астрахань газ өңдеу зауытындағы (АГӨЗ) қондырғылардың іске қосылуы. Оның сөзінше, мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, таңертеңнен бастап өндірісті іске қосуға кірісті. Қазіргі уақытта іске қосу-жөндеу процесі жүріп жатыр, оның ішінде алаулы жағу жүйесі де іске қосылған. «Аксарайск маңынан өткендер бұл алауларды көруді. Олардың кейбірі зауыт жұмысының тоқтауына байланысты сөндірілген еді. Сондай-ақ, осы процесс кезінде газ шығарылып, кейіннен тұрмыстық газ плитасындағыдай жағылады. Метеоқызмет мәліметтері бойынша, газ далаға қарай ығысуда. Ашық кеңістікте табиғи…

Read More

Caspian Life, 5 ақпан. Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, қыз алып қашқандар бас бостандығынан айыру, айыппұл, қоғамдық жұмыс сынды жазаға тартылады. «Бәрі жағдайға байланысты. Бұл бір топ адаммен жасалса, кәмелетке толмаған балаға қатысты болса, қандай да бір зиян келтірілсе, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма», бәрі ескеріледі”, – деді депутат. Қыз алып қашу бұған дейін жалпылама “Адам ұрлау” деп қарастырылатын. Енді қызды үйлену үшін ұрлау деп бөлек қарастырылады.

Read More

Caspian Life, 5 ақпан. Жыл басталмай жатып өңірде үш адам өз-өзіне қол жұмсаған. Соның бірі — «Алмагүл» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8-қабатынан секірген 45 жастағы әйел. Әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыға түсті. Мәселені бір жақты қылу керек деп пікір қалдырғандар көп. Өйткені ашық жатқан балконға өмірін қиюға асыққандар әбден үйір болған. Сол үйдің тұрғындары да бұл жағдайға алаңдаулы. Солардың бірі — Абай Бишенов. Оның “Алмагүл” ықшам ауданында тұрғанына 11 жыл. Осы уақыт аралығында бірнеше өлімнің куәсі болдым, дейді ол.  Ал полицейлер болса, адамдардың өзіне қастандық жасауына түрлі себеп барын, Алмагүлде қайғылы жағдайдың жиілеуіне байланысты жергілікті атқарушы органға ұсыным…

Read More

Caspian Life, 5 ақпан. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өңірде су тасқынының алдын алу туралы әкімдік отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының директоры Салауат Төленовтің айтуынша, Ресейден үлкен көлемде су келуі мүмкін деген болжам бар. «Облыс аумағында «Қазгидрометтің» 12 гидробекеті орналасқан. Мұнда күніне екі рет су деңгейі, ауа температурасы, мұз жағдайы өлшеніп, айына үш рет су өтімі тексеріліп, стандартты бақылау жүргізіледі. Қазір облыстың барлық су объектісінде гидрологиялық жағдай тұрақты, мұз қату кезеңі жүріп жатыр. Өзендерде қысқы кезеңге тән деңгейлер жүруде. 28 желтоқсаннан бүгінге дейін Иректі су қоймасының су төгіндісі секундына 60 текше метрді…

Read More

Caspian Life, 4 ақпан. Желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланды. Azerbaijan Airlines әуе компаниясының  Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Есеп 53 беттен тұрады. Министрлік жария еткен алдын ала есепте авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның мәліметтері жазылған. Бұл алдын ала жазылған ақпарат, барлық материал зерттеу нәтижелері бойынша нақтылануы және толықтырылуы мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есеп дайындалады. НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР  Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысы бойынша: Экипаж екі соққы болғанын сезген (05:13:31 және 05:13:56), содан кейін басқару жүйесінде ақаулар басталды. Стюардессалар капитанға:…

Read More

Caspian Life, 4 ақпан. Көлік министрі Марат Қарабаев тергеу жұмыстары жақын күндері аяқталатынын айтты. Дегенмен вице-премьер Қанат Бозымбаев тергеу қорытындысы осы аптада жарияланады деп еді. Бұған дейін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған еді. Бортта 67 адам болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Read More

Caspian Life, 4 ақпан. Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылында мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушілері жаппай уланған. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді. Жаңаөзенде мектепке дейінгі мекеменің 100 баласы тамақтан уланғанын хабарлаған. Кейбірі ауруханаға жүгінген. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты жартылай растаған. Олардың деректері бойынша медициналық мекемеге бар болғаны 37 өтініш болған. 31.01.2025 ж. сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылынан жедел жәрдем қызметіне іші ауырғанын айтып, шағымданған тұрғындар хабарласқан. Барлығын жедел жәрдем бригадасы тексерді.  Тексерілген 37 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары үйге амбулаториялық емделуге жіберілді. Қазір балабақша жабылып, уәкілетті органдар мән-жайын тексеріп жатыр, -…

Read More

Атырау облысы аумағында 2025 жылғы 6-7 ақпан аралығында «2025 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты — су тасқыны кезінде күштер мен объектілерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 6 ақпан күні сағат 11:00-де (түскі уақытқа дейін) «Баршаның назарына» дабыл сиренасы іске қосылады. Оқу-жаттығу аясында өткізілетін іс-шаралар: 2025 жылғы 6 ақпанда сағат 09:00-де – «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың басталуы. Өтетін орны – Жедел штаб орталығы (Облыстық әкімдік ғимараты). 7 ақпан сағат…

Read More