CaspianLife, 18 қазан. 14 және 16 қазан күндері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар жеті Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің сайтында хабарланды. Ұсталған азаматтар тергеу үшін полиция органдарына тапсырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері шекарашылар 935 қос азаматтығы бар адамды анықтағаны атап өтілді. Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 МРП-ға дейін айыппұлмен немесе әкімшілік жолмен шығарумен жазалануын еске салады.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 18 қазан. Атыраулық синоптиктер қараша айы мен алдағы қыстың қалай болатындығына болжам жасады. Метеорологтардың айтуынша, қарашада ауа температурасы -1 мен +2 градус аралығында болмақ. Жауын-шашын мөлшері де орташа: 10-18 мм шамасында. Өткен жылмен салыстырғанда желтоқсан, қаңтар, ақпандағы күн райында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қаңтар айында ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендемек. Сондай-ақ, мамандар Атырау өңіріне тән екпіні қатты жел мен шаңды дауылдың болып тұратындығын ескертті. «Қараша айында ауа ылғалдығы мен температурасы бір қалыпты. Қыс айларындағы ауа температурасы да әдеттегідей. Ауаның орташа температурасы минус 5-10 градус аралығында»- деп атап өтті «Қазгидромет» РМК АОФ жетекші инженер синоптигі Миргүл Ғилажова.
CaspianLife, 18 қазан. Сот ақша бопсалаған атыраулық блогерге үкім шығарып, оны 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырды. Және жәбірленушінің біріне 20 мың, екіншісіне 40 мың теңгеге жуық мүліктік зиянды өтеуді міндеттеді. Айыпталып жатқан Ерқанат Жасқанатұлына қылмыстық кодекстің «қорқыту», «ұрлық» сынды бабының түрлі тармағы бойынша айып тағылған. Еске сала кетейік, 26 жастағы блогер биыл ақпан айында ұсталған еді. Бұған қатысты сол кезде ішкі істер министрлігі ресми түсінік берген. Онда Ерқанат Жасқанатұлының азық-түлік сататын кәсіпкерді бірнеше рет бопсалап, қызметі туралы видеоны әлеуметтік желіге салмас және тиісті орындарға хабарламас үшін 2 миллион теңге сұрағандығы айтылды. Мұнымен қоймай блогер 47 000 теңгенің тауарын…
CaspianLife, 18 қазан. «Интаго Қазақстан» жобасының жаңа цехы жыл соңына дейін іске қосылады. Қазіргі таңда полимерлерді балқытып қайта өңдеу және көлемді геотор шығаратын цех құрылысы 90% аяқталды. Бұл туралы «Интаго Қазақстан» ЖШС бас директоры Азамат Асылбеков айтты , — деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі. «Интаго 2» жобасы арқылы іске қосылған цехта өндірілген өнім жол құрылысына пайдаланылады. Тасжолдарды су шайып кетуден сақтап, жол жиектерін нығайтуға қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстанда баламасы жоқ «Интаго 3» жобасының да құрылысы жүріп жатыр. Мұнда болашақта КРІ зауытында өндірілетін полипропиленнен екі және үш осьті геоторлар шығарылады. Олар да жол-құрылыс жұмыстарына таптырмас материал. Яғни, полипропиленнен дайындалған геоторлар тасжол…
CaspianLife, 18 қазан. Жылыой ауданында Құрсай каналының түбін тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Тамыз айынан бері арнаның 24 шақырымы тереңдетілген. Қараша айына дейін бұл көрсеткішті 46 шақырымға жеткізіп, мұндағы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр. Ал Жем өзенін тереңдету жұмысы қараша айында басталмақ. Бұл туралы Атырау облыстық құрылыс басқармасы бөлімінің бас маманы Ернар Қадырбай айтты, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Жалпы жоба аясында Құрсай арнасы мен Жем өзенінің 95 шақырымында түп тереңдету жұмысы жүргізілмек. Бұл жобаға «Сап-ин-вест» ЖШС жауапты. — Құрсай каналындағы жұмыстардың ені 20 метр, тереңдігі 2,5 метрді құрайды. Ауданның табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, тасқынға дайындық жұмыстары әрі қарай да жоспарға…
CaspianLife, 18 қазан. Ақтауда дзюдодан Азия кубогі аяқталды. 15-ші мәрте өткізіліп отырған мерейтойлық жарыстарға Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ге тарта спортшы қатысты. Халықаралық дзюдо федерациясының тізіміне енген жарыстарға спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша қатысты. Төменде Кубок жүлдегерлерінің тізімі ұсынылған. Ерлер — 60 кг: 1. Мурад Мурадли (Әзербайжан) 2. Данияр Құлышев (Қазақстан) 3. Дамир Болатбеков (Қазақстан) 3. Куаныш Жаксылык (Қазақстан) — 66 кг: 1. Акылжан Жұбатқанов (Қазақстан) 2. Шерхан Бақтығалеев (Қазақстан) 3. Қанат Сейілхан (Қазақстан) 3. Әділет Жолекеш (Қазақстан) — 73 кг: 1. Ислам Тоқтасын (Қазақстан) 2. Дастан Шаяхметов (Қазақстан) 3. Мухаммадяхиор Мухаммаджонов (Өзбекстан) 3.…
CaspianLife, 18 қазан. Ақтауда полицейлер есірткі дилерін құрықтады, – деп хабарлады Polisia.kz. Жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. «Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған. Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын «мефедрон» синтетикалық есірткі заты тәркіленді», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталған. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
CaspianLife, 17 қазан. Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) жоспарлы-алдын алу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының (ҚМГ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонна жабдығының ішкі құрылғыларын модификациялау және т.б. жұмыстар атқарылып жатыр. Қысыммен жұмыс істейтін құралдарды тексеру мен қадағалау жөніндегі іс-шаралар жалғасуда. «Жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде бұрын жинақталған қордың арқасында бензин, дизель отыны, сұйытылған газ, авиаотын және басқа да мұнай өнімдері ҚР Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес тұрақты және жүйелі түрде жөнелтіліп жатыр», — деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда зауыт резервуары паркінде мұнай өнімдері қорының көлемі…
CaspianLife, 17 қазан. 2016 жылы Атырау қаласындағы 7 баланың анасы тұрғын үй комиссиясының шешімімен «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санатына жатқызылып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарға баспана алу кезегіне қойылған. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, алайда екі жылдан кейін тұрғын үй комиссиясы көпбалалы ананы Атырау облысы Мақат ауданында күйеуінің атына тіркелген үйіне сілтеме жасап, кезектен шығарған. Әйел Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотын Мақат ауданының әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қатысты хаттамалық шешімнің бір бөлігін заңсыз деп тану туралы талаппен жүгінді. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдарды «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар»…
CaspianLife, 17 қазан. Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының шариғат және фәтуа бөлімінің 2025 жылға арналған діни күндер кестесі бекітілді. Кесте Діни басқарманың ресми сайтында жарияланды. Хиджра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеулер орталықтарының мәліметтеріне негізделген. Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың шығуына байланысты бір күн бұрын немесе кейін ауыстырылуы мүмкін. 2025 жылға арналған алдын ала діни күндер кестесі мынадай: 26-27 қаңтар (16-17 Ережеп) түнінде — Миғраж түні 13-14 ақпан (14-15 Шағбан) түнінде — Бараат түні 1 наурыз (Рамазанның 1 күні) — Ораза басталады 26-27 наурыз (Рамазанның 26-27 күні) түнінде — Қадір түні 30 наурыз (Шәууал 1 күні) — Ораза Айт 5 маусым…
