Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 12 ақпан. 2025 жылы Қазақстанда резервтік әскери қызмет енгізілмек. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қабылданып, жақын арада Сенаттың қарауына ұсынылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, келісімшарт үш жыл мерзімге ерікті түрде жасалады. Әскери қызмет тұрғылықты жерде өтеді. Резервистерге еңбекақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналары және басқа да төлемдер мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. Бастапқы кезеңде шамамен 2 мың Қазақстан азаматы шақырылады деп жоспарланған.

Read More

10 ақпан, CaspianLife. Қазақстандық «Силлено» ЖШС елдегі полиэтилен өндірісін дамытып, импорттық өнімдерді жергілікті өндіріспен алмастыруды мақсат етуде. Бұл туралы компанияның бас директоры Жандос Қайыргелді «КаспийМұнайГаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты базасында өткен диалог алаңында мәлімдеді. Диалог алаңын «Силлено» ЖШС мен «КаспийМұнайГаз» институты бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, қалалық мәслихат депутаттары, полимер өнімдерін шығаратын жергілікті компаниялардың басшылары, қоғам белсенділері мен эко-активистер қатысты. Зауыт ішкі нарық қажеттілігін толық қамтамасыз етеді Жандос Қайыргелді атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда полиэтилен өндірісі жоқ, сондықтан бүкіл нарық толығымен импортқа тәуелді. «Былтырғы көрсеткіштерге сәйкес, елдегі полиэтиленге деген сұраныс 300 мың тоннаға жуықтады. Біздің мақсатымыз –…

Read More

CaspianLife, 11 ақпан. 10-нан 11 ақпанға қараған түні Астрахан облысының Знаменск қаласында әуе дабылы жарияланып, тұрғындарға «Баршаңызға назар аударыңыз! Ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) шабуылы қаупі» деген ескерту жасалды. Бұл туралы ақпарат Знаменск қаласы әкімдігінің ресми Telegram арнасында жарияланды. Бірнеше сағаттан кейін, таңертең «Шабуыл қаупі сейілді» деген хабарлама берілді. 📍 Анықтама:Знаменск қаласы – Астрахан облысының солтүстігінде орналасқан және Капустин Яр полигонының әкімшілік әрі тұрғын аймағы болып табылады. Қала жабық әкімшілік-аумақтық құрылым (ЖААҚ) мәртебесіне ие.

Read More

Caspian Life, 10 ақпан. Тимур Сәдуақасовқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеу жариялаған. Себебі оның Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіру ісіне қатысы бары анықталған. 2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп тапқан. Бірақ кейін прокуратура апелляциялық шағым түсірген. Осылайша қаңтарда қамауда ұстау туралы шешім шығарылған. Тергеу мәліметінше, оған шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылды. Айта кетейік, Сәдуақасов 2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Read More

CaspianLife, 8 ақпан. Атырауда «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты жанындағы диалог алаңының мүшелері мен Атырау облысындағы полиэтилен өндіру жобасының операторы – «Silleno» ЖШС өкілдері полимерлік шикізаттан өнім шығаратын жергілікті компанияларға барды. Экскурсия қатысушылары алдымен «Гранд-Материк» компаниясының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 5000 тонна өнім шығаратын FFS қаптарын өндірмек. Қажетті жабдықтар Түркиядан сатып алынған, ал электроникасы – немістің Reifenhauser компаниясына тиесілі. Цехтың биыл іске қосылуы жоспарланған. Бастапқы кезеңде шикізат Ресейден әкелінсе, болашақта «Silleno» компаниясының жергілікті шикізатын пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорын басшысы Аслан Қабдуллин бұл шешімнің компанияға оң әсер ететінін “Бізде 100% жергілікті өндіріс болады – шикізат та, өндіріс те, жұмысшылар да…

Read More

CaspianLife, 7 ақпан. Бұған дейін хабарланғандай, «Халықаралық Голдбридж компаниясы» ЖШС Атырау облысында жылына 144 мың тонна қант өндіретін зауыт салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 мың тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады. «Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, бұл компания қант қызылшасын өсіруге дайын. Жобаның құны – 58 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны ашылады», – деп нақтылады министрлік. Дереккөз: www.caspianlife.kz (сурет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан)

Read More

Каспий теңізінің жағалауына жақын орналасқан Жанбай ауылының маңында 4 адамнан 530 келі балық тәркіленді. Олар балық салынған шананы мотоциклмен сүйреп келе жатқан. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Исатай ауданында «Урал» мотоциклі тоқтатылған. Мотоциклге тіркелген шанада заңсыз ауланған балық болған. – Облыс аумағында 1-28 ақпан аралығында табиғи ресурстарды заңсыз айналымнан қорғау мақсатында кең ауқымды «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осыған орай Исатай ауданындағы Жанбай ауылы маңында рейдтік іс-шара кезінде шана сүйреп келе жатқан «Урал» мотоциклі тоқтатылды. Мотоциклде 4 адам, шанада 10 қапқа салынған 530 келі балық болған. Заңсыз балық аулаушылардан 2 пышақ, 2 дана радиоқабылдағыш табылды. Тәркіленген балық…

Read More

CaspianLife, 6 ақпан. Оның сөзінше, елімізде тиімсіз және орынсыз шығындарды болдырмау туралы ережелер қажет. «Қазір барлығымыз Америка Құрама Штаттарында не болып жатқанынан, жаңа әкімшіліктің қызметінен хабардармыз. Мемлекеттік шығындарды азайтуға бағытталған жаңа министрлік құрылды. Оны Илон Маск басқарады. Олар әрбір мемлекеттік органды тексеріп, тиімсіз және орынсыз шығындарды алып тастап жатыр. Осылайша біраз қаражатты үнемдемек. Әрине, бізге ешкімнен ештеңені көшірудің қажеті жоқ. Бірақ біз шығындарымызды тиімді жұмсау мәселесіне назар аударғанымыз жөн», — деді Сенат спикері. Мәулен Әшімбаев бюджет саясатын жетілдірудің екі жолы бар екенін айтты (видео) IMG_9821

Read More

CaspianLife, 6 ақпан. Кеше Ақтауда Маңғыстау облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағын беру рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысып, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың атынан құттықтап, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан тұлғаларға құрмет көрсетті. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағы мына азаматтарға берілді: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген бапкер Асылбек Килимов, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының өкілі Ратмир Комратов, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық театрының көркемдік жетекшісі Гүлсина Мірғалиева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ақын Светқали Нұржан, ҚР Индустрия және…

Read More

Осы сұрақты Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге қойды. Бұл сұраныс ҚҚС-тың мүмкін болатын көтерілуі аясында және қазақстандықтардың мемлекет тарапынан орынсыз шығындарға қатысты сындарының күшеюіне байланысты көтерілді. IMG_9057

Read More