Автор: Сайт әкімшілігі

Caspian Life, 3 ақпан. Авангард 2 ықшам ауданындағы 14, 18, 22 үйдің тұрғындары 1 аптадан бері кәріз суының иісіне тұншығып отыр. Бұған сол маңдағы кәріз сорғы станциясының бұзылуы себеп. Соның кесірінен лас су жертөлеге құйылған. Енді қолқаны қабар жағымсыз иіс бүкіл үйді жайлап тұр. Ал бірінші қабаттағы тұрғындар қабырғалардың сыз тартып, көктеп кеткенін айтады. Тіпті балалар да ауыра бастаған.  Людмила ДУРМАНОВА, қала тұрғыны Мына лас су енді қайда кету керек? Осылай жертөлеге жіберіп отыра береміз бе? Бұдан ертең тұрғындар ауру болады. Онсызда ауырып жүрміз. Бар талабымыз жертөлені тазаласын, мәселені шешсін. Бұл ПИК-тің кінәсі емес. «Су Арнасы» тазаласын.  Тамара АКАНОВА, қала…

Read More

3 ақпанға қараған түні Астраханьдағы газ өңдеу зауыты беспилоттық ұшқышсыз аппараттардың (БПЛА) шабуылына ұшырады. Кәсіпорын алдын ала қауіп туралы сигналдар алған соң, жұмысын уақытша тоқтатқан. Бұл қауіпті заттардың таралуын болдырмауға және ықтимал зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің айтуынша, радиоэлектрондық күрес (РЭБ) және әуе қорғаныс (ПВО) жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеген. Алайда, дрондардың бірінің құлауы салдарынан өрт шықты, оны жедел өшірді. Зардап шеккендер жоқ.

Read More

Caspian Life. 3 ақпан. Қазақстан ТШО-дағы үлесін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Ол алдағы бірнеше жылда Теңіз кен орны бойынша өнімді бөлу туралы келісімшарттарды ел үшін тиімдірек шарттармен ұзарту жөнінде келіссөздер бастайтынын хабарлады. Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР Энергетика министрі «Бізде кен орындарын игеру мерзімдері, консорциумдағы мерзімдер негізінде ең өзектісіне серіктестері Chevron, Exxon Mobil, Лукойл болып табылатын ТШО, Теңіз кен орны жатқызылады. Яғни, біз олармен алдын-ала белгілі бір консультацияларды бастауды жоспарлап отырмыз. Олар мұндай келіссөздерді бастауға дайын болған кезде. Алдын ала Үкімет күн тәртібін қалыптастырады, өз талаптарының тізімін түзеді. Мүмкін болатын талаптардың бірі –…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) ресми өкілі мәлімдеді. Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, Атырау қаласының №2 соты білім бөлімінің сектор меңгерушісі С. және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімін жариялады. Ол жергілікті мектептердің бірінің уақытша директорын (К.) араға салып, үш мұғалімнен «сарапшы» санатын бекіту үшін жалпы сомасы 150 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандарға 1,4 млн теңгеден 4,5 млн теңгеге дейінгі көлемде айыппұл салынды. Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. «Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ. ҚР…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) ресми өкілі өткен брифингте мәлімдеді. Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, 2024 жылы ел бойынша спортты қаржыландыру саласында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде спорттың дамуына теріс әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Атап айтқанда, 278 адамның жалған дипломмен спорттық және жаттықтырушылық қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың ішінде: 9-ы – басшылық лауазымда, 248-і – жаттықтырушы, 21-і – басқа қызметкерлер. Жалған дипломдар ең көп анықталған өңірлер: Түркістан облысы – 44 факт Атырау облысы – 30 факт Алматы облысы – 26 факт Жамбыл облысы – 22 факт Ақмола облысы – 20…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыру, Қазақстан қалалары арасындағы әуе қатынасын жақсарту және жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2025 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар әуе тасымалдарын жүзеге асыратын авиакомпанияларды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды. ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, субсидияланған бағыттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп, ішкі әуе нарығын дамытуға ықпал етеді. Аталған әуе бағыттарына билеттерді әуе компанияларының ресми сайттарынан сатып алуға болады. Мысалы, SCAT әуе компаниясы Тараз – Атырау – Тараз бағыты бойынша рейстерді орындайды. Бір бағыттағы билет бағасы – 28 мың теңге.

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Атырау қаласының №2 сотында кәмелетке толмаған баланы өзін-өзі өлтіруге итермелеу (ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың қараша айында сотталушы өз ұлына қатыгездік танытып, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген. Іс материалдары бойынша жәбірленуші кәмелетке толмаған баланың, оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтары, тергеу амалдарының хаттамалары, кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындылары, қосымша кешенді сараптамалар, сондай-ақ заттай дәлелдемелер сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Алайда сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтау үкімін шығаруды сұраған. Сотталушыға жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Ол тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 58-бабының…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылы 18 жасқа дейінгі қазақстандық балаларға 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2022 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу туралы бастама көтерді. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) хабарлауынша, 2025 жылы 18 жасқа толмаған әр балаға 129,38 АҚШ доллары (шамамен 58 166 теңге) есептелді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының мақсаты болашақ ұрпақтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім алуға қолдау көрсету және жастарға жақсы өмірлік бастама жасау мақсатында жүзеге асырылуда. 2024 жылдан бастап жыл сайын Ұлттық қордан балаларға қаражат аударылып, ол…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғалымдары келді. Сапардың мақсаты – тәжірибе алмасу және зауыт пен университет арасында ынтымақтастық орнату. АМӨЗ  баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласынан келген қонақтар алдымен «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаевпен кездесті. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы кадр тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы талқыланды. Зауыт басшысы елдің мұнай өнімдеріне деген қажеттілігінің үштен бірін қамтамасыз ететін кәсіпорынды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, серіктестікке дайын екенін білдірді. Қазіргі уақытта АМӨЗ жас мамандарды тарту бойынша үш бағдарлама іске асыруда, олар Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші оқу орындарымен бірлесіп жүзеге…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желі қолданушылары мен желілік ресурстардың әкімшілеріне осындай үндеу жолдады. Аида Балаева өз әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі таңда интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер белсенді түрде талқыланып жатқанын атап өтті. Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, онлайн-платформаларда заңсыз контент немесе қарапайым тілмен айтқанда, жалған ақпарат жиі таралып келеді. «Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілеріне жаңалықтар ағынын мұқият бақылап, тексерілмеген ақпараттарды таратпауға және заңсыз контентті жоюға шақырамын. Ал әлеуметтік желі қолданушыларын ойланбай әрекет жасамауға, сондай-ақ заң талаптарына қайшы келіп, ақпарат көздері мен онлайн-платформалардың бұғатталуына әкелуі мүмкін жазбалар мен пікірлерді жарияламауға шақырамын. Айта кетейін, біздің министрлік…

Read More