CaspianLife, 30 қаңтар. Бұл ұсынысты өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында көтерді. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрдәулет Қилыбай бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, оның ішінде 100 жергілікті студентті Түркияда тегін тағылымдамадан өткізу бастамасын ұсынды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін шетелде біліктілігін арттыру курстарына жіберу, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді бәсекелестік ортадан шығарып, жергілікті әкімдіктердің балансына беру мәселелерін көтерді. Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта облыста 280 дәрігер жетіспейді. Кадр тапшылығының негізгі себептері – шақырылған мамандарға жеткілікті әлеуметтік қолдаудың болмауы және…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 қаңтар. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШС-не қатысты тергеу бастады. БҚДА баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеуге негіз ретінде мұнай өңдеу нарығындағы бағалар мен өндіріс (өткізу) көлемдерінің динамикасын талдау нәтижелері алынған. Агенттіктің жүргізген талдау қорытындысы бойынша, 2021-2023 жылдар аралығында мұнай өңдеу қызметтеріне орташа бағаның 31%-ға өсуі байқалған, бұл нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілеріне жатқызылып отыр. «Монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу мүмкіндігін тергеу барысында анықталады», – делінген БҚДА хабарламасында. Дереккөз: www.caspianlife.kz Сурет: Рахим Қойлыбаев
Caspianlife, 29 қаңтар. Қазақстан мектептерінде 9 қаңтардан бастап он оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «…бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 10-16 ақпан аралығында жеті күнге созылады».
CaspianLife, 29 қаңтар. Ұзындығы 2,34 шақырымдық жолды қайта жаңғырту жұмысы сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр. Мердігер мекеме де анықталды. Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жоба аясында даңғылдың Ерниязов көшесімен қиылысатын тұсынан бастап Құрманғазы көшесіне дейінгі аралығына қосымша бір жолақ салынады. Яғни, даңғыл кеңейіп, айналасы абаттандырылмақ. Атырау қаласындағы негізгі елді мекендердің 95 пайызы тас жолмен қамтылған. Қазіргі уақытта шаhар , ауылдық округтер аумағында тас жолы жоқ көшелерге асфальт төсеу мақсатында жобалық-сметалық құжақ жасақталуда. Жоба аясында 60 шақырымға жуық жерге жол салынбақ, — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев. Қала ішіндегі…
CaspianLife, 29 қаңтар. Ақтау қалалық соты қылмыстық топты құрған және басқарған Қазақстан азаматын 10 жылға бас бостандығынан айырды. ҚР Бас көлік прокуратурасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2016-2018 жылдар аралығында бір топ адам құрылыс материалдарын жеткізу деген желеумен Ираннан Қазақстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға темекі мен темекі өнімдерін заңсыз өткізген. «Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың басқа мүшелері бұған дейін әртүрлі жазаға тартылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деп мәлімдеді қадағалау органы. (Көрнекі сурет CaspianLife редакциясының мұрағатынан)
Caspianlife, 29 қаңтар. Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйені әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отыр. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйеге Қазақстан аумағындағы 17 736 өзен мен 2 949 шағын көл, Каспий және Арал теңіздерінің шекаралары, 8 су шаруашылығы бассейні мен 77 су шаруашылығы учаскесі, 377 магистральдық канал, 56 тоған, 297 су қоймасы және 548 бөгет цифрлық форматта енгізілетін болады. Сонымен қатар, бұл жұмысты жүзеге асыруға Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Ақпараттық-талдау орталығы тартылған. Бұл құрылым су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу, қысқа және ұзақ мерзімді болжам жасау, модельдеу және басқа да талдамалық…
CaspianLife, 28 қаңтар. Бүгін FlyArystan әуе компаниясының FS 7366 рейсі бойынша Орал – Астана бағытына ұшқан ұшақ Орал қаласы әуежайында құстар үйірімен соқтығысты. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарында ақаулар байқалмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына қалыпты режимде қонған. «Қону кезінде ұшақтың сол жақ қозғалтқышының компрессор қалақтары мен фюзеляж бөліктерінің бірнеше жерінде зақымданулар анықталды, сондай-ақ қозғалтқыштың ішінде және ұшақтың сыртында құс қалдықтары табылды. Бұл үлгілер құстардың түрін анықтау мақсатында ДНҚ-тестілеуге жіберіледі. Бұл Орал әуежайында осындай оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады әуе компаниясы. Air Astana компаниялар тобы құстармен соқтығысу қаупін азайтудың маңыздылығын…
Caspianlife, 28 қаңтар. Астрахан облысы Қызылжар ауданы Қараөзек ауылында Атыраудан келген өнертанушы, Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің солисті Ақнар Тәттібайқызының концерті өтті. Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының хабарлауынша, атыраулық өнерпаз Қараөзек көрермендеріне көне музыкалық аспап – қобызда ойнау шеберлігін көрсетті. Музыкалық кеште қазақ композиторы Ықылас Дүкенұлының (1843–1916) өмір мен өлім жайлы архаикалық сарындары және жануарлар әлемімен байланысты күйлері – «Қасқырдың ұлуы», «Аққу», «Жезкиік» орындалды. Шараға Қараөзек ауылынан шыққан, Астраханьдағы көмеймен ән айту шебері Әзиз Гулиев те қатысып, қазақстандық өнерпаздың өнер көрсетуін ұйымдастыруға атсалысты. Дереккөз: www.caspianlife.kz Сурет: ҚР Астрахан қаласындағы Бас консулдығының сайты
CaspianLife, 28 қаңтар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 695 тексеріс жүргізді, оның ішінде 741-і профилактикалық бақылау, 751-і жоспардан тыс тексеру, 1 203-і прокуратураның талаптары бойынша жүзеге асырылған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеріс нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 1 087 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 230,3 млн теңгені құрайтын 973 әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекеттік бақылау келесі нысандарды қамтыды: әкімдіктер – 178, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 112, мемлекеттік мекемелер – 117, балабақшалар – 470, мектептер – 805, колледждер мен лицейлер – 145, ауруханалар мен емханалар –…
CaspianLife, 27 қаңтар. Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында құрылысы ұзаққа созылған нысандарды бақылауға алды. Бұл нысандарда құрылыстың аяқталу мерзімдері бұзылған және ұрлық тәуекелдері бар. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, мұндай нысандар саны сегізге жеткен. Солардың бірі – Махамбет ауданының Сарытоғай ауылындағы 200 орындық Мәдениет үйі. Бұл нысанды жұмыс сапары барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин барып көрді. Аталған нысанның құрылысына 2017 жылы шамамен 260 млн теңге бөлінген. Алайда құрылыс аяқталмай қалған. Бұл жағдай сот ісіне алып келіп, оның нәтижесінде Атырау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық…
