CaspianLife, 21 қаңтар. Атырау қаласы прокуратурасының хабарлауынша, «Атамекен тұрғын үй», «Family town», «Baisanat Residence» және «Saraishyq Invest Group» тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің (ТҮҚК) құрылтайшыларының заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда. Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үлескерлерге құқықтық көмек көрсету және тұрғын үй құрылысын аяқтау мақсатында прокуратураның бастамасымен қалалық әкімдік пен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылған. Топтың негізгі міндеті – ТҮҚК құрылтайшылары заңсыз иеліктен шығарған мүлікті үлескерлерге қайтару арқылы олардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету. «Осы жұмыстың нәтижесінде прокуратура «Baisanat Residence» ТҮҚК-нің…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 21 қаңтар. Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 27 қаңтардан 1 ақпанға дейін жұмыс істемейді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі хабарлағандай, Қытай Халық Республикасындағы Көктем мерекесіне байланысты 27 қаңтар сағат 20:00-ден 1 ақпан сағат 08:00-ге дейін Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады. «Қазақстан–Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз», – делінген МКК хабарламасында.
CaspianLife, 21 қаңтар. Махамбет ауданында Бақсай каналының маңындағы далалық су жайылмаларында оттегінің жетіспеушілігінен тұншығып жатқан шортан тектес балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда. Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашевтің айтуынша, 14–20 қаңтар аралығында каналдан 8,5 миллионнан астам балық шабағы (орташа салмағы 6 грамм) жиналып, Жайық өзеніне шығарылған. Бұл жұмыстарға 200-ге жуық адам мен 41 техника жұмылдырылған. Құтқару шараларына балық инспекциясы қызметкерлерімен қатар жергілікті атқарушы органдар (әкімдік), «Абылай хан», «Каспий рыба Евразия» балық кәсіпорындары, «Қазсушар» РМК жергілікті филиалының өкілдері, №99245 әскери бөлімінің сарбаздары мен еріктілер қатысуда. Алмас Жұмашевтің мәлімдеуінше, балықтарды Жайыққа тасымалдау мен құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.…
CaspianLife, 21 қаңтар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) шетелде жүрген қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Polisia.kz ведомстволық сайты. Бүгінде мыңдаған отандасымыз шетелде білім алып немесе жұмыс істеп жүр. Олар жергілікті ақпарат алмасу, өзара көмек көрсету мақсатында Telegram мен WhatsApp-та чаттар ашады. Алаяқтар осындай чаттарға қосылып, өзін қазақстандық ретінде таныстырып, валютаны әдеттегіден тиімді бағада айырбастау қызметін ұсынады. Соның нәтижесінде ақшаны тікелей аударуға қатысты адамдарды жалған схемамен байланыстырып, криптовалюта сатумен айналысатын немесе дроппер ретінде әрекет ететін тұлғалардың реквизиттерін береді. «Валютаны айырбастаймыз деген желеумен ақшаны алған соң, алаяқтар хат алмасуларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Мұндай жағдайлар Кореяда, Қытайда…
Caspianlife, 20 қаңтар. Қазақстан азаматтарының зейнетақысы үш бөліктен құралады: базалық, ынтымақты және жинақтаушы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық Қазақстан Республикасы азаматтарына тағайындалады. Ынтымақты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 (алты) ай еңбек өтілі бар азаматтарға төленеді. Ал жинақтаушы бөлік жеке зейнетақы жинақтары есебінен толықтырылады. Жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты екенін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі әзірлеген «Маңызды білу» айдарының кезекті шығарылымынан біле аласыздар.
CaspianLife, 20 қаңтар. Өткен жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп, Қаратон Подсолевой учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бастады. «Самұрық-Қазына» қорының ресми Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл учаскедегі алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылаудың басталуы – Қазақстанның ресурс базасын нығайтудағы маңызды қадам. Қаратон Подсолевой кен орны Теңіз сияқты ірі кен орнына жақын орналасқан. Тереңде көмірсутектерді іздеу бірқатар күрделі техникалық міндеттерді қамтиды: үлкен тереңдік, жоғары қысым, күкіртсутектің болуы және тұз қабаттарының қалыңдығы. «Қаратон Подсолевой» жобасы Қазақстандағы күрделі кен орындарына инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жақсартылған үлгідегі келісімшарт аясында жүзеге асуда. Аталған келісімшарт салықтық және реттеушілік тұрғыдан маңызды жеңілдіктер ұсынып, осындай учаскелерді барлау және…
CaspianLife, 20 қаңтар. Қашаған кен орнынан алынатын шикізат негізінде жылына 700 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газын өндіретін технологиялық кешеннің құрылысы басталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметі мен Қашаған кен орнының акционерлері арасында аталған кешеннің құрылысы жөнінде стратегиялық келісімге қол жеткізілген. «2026 жылдан бастап қосымша сұйытылған мұнай газы халықты автогазбен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірде мұнай-газ химиясының дамуына жол ашады», – деп атап өтілген хабарламада.
CaspianLife, 20 қаңтар. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыстың 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады. Бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады. Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, ең көп қылмыс Алматы– 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында– 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34%алаяқтық (45 156), 23% -ұрлық (30 593), 6,3% -есірткі қылмысы (8 363), 1,2% — тонау (1 551), 1,2% -…
CaspianLife, 20 қаңтар. Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайында берген тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ желілері салынып, 300 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттырып, экологияға келетін зиянды азайтады, баламалы отын сатып алу шығындарын қысқартады әрі өңірлердің инвестициялық тартымдылығын көтереді. 2025 жылы мемлекет тарапынан 7 елді мекенді газдандыру бойынша 45 жобаны іске асыруға 65,9 млрд теңге бөлінген. Бұл жобаларды жүзеге асыру елдегі газдандыру деңгейін 62 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді, яғни 12,4 миллионнан…
Caspianlife, 20 қаңтар. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, – деп хабарлады polisia.kz сайтынының баспасөз қызметі. Оларды пайдалану үшін төмендегі талаптарды орындау қажет: мопедті полицияда тіркеу; А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы; техникалық тексеруден өту; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту. Тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары. Содан кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізуге апарып, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек. Маңызды: 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедті пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз мопед жүргізуге тыйым салынады. «Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті…
