Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 қаңтар. Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайында берген тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ желілері салынып, 300 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттырып, экологияға келетін зиянды азайтады, баламалы отын сатып алу шығындарын қысқартады әрі өңірлердің инвестициялық тартымдылығын көтереді. 2025 жылы мемлекет тарапынан 7 елді мекенді газдандыру бойынша 45 жобаны іске асыруға 65,9 млрд теңге бөлінген. Бұл жобаларды жүзеге асыру елдегі газдандыру деңгейін 62 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді, яғни 12,4 миллионнан…

Read More

Caspianlife, 20 қаңтар. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, – деп хабарлады polisia.kz сайтынының баспасөз қызметі. Оларды пайдалану үшін төмендегі талаптарды орындау қажет: мопедті полицияда тіркеу; А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы; техникалық тексеруден өту; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту. Тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары. Содан кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізуге апарып, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек. Маңызды: 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедті пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз мопед жүргізуге тыйым салынады. «Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті…

Read More

CaspianLife, 20 қаңтар. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше түнде Атырау–Дамба тас жолында болған. «19 қаңтарда сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірім басқарған ВАЗ-2170 және 2000 жылы туған жүргізуші тізгіндеген Toyota Camry автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім, ВАЗ-2170 көлігінің жолаушысы, оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада. (Сурет: Редакция мұрағатынан)

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар. Қадағалау органы қызметкерлері су тарифін бекіту кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады. Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, әсіресе ауыл тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы негізсіз 70 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілген. «Осыған байланысты облыс прокуратурасы наразылық актісін енгізді. Қарау нәтижесінде мәслихаттың шешімі жойылып, жаңа шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша судың бағасы 120 теңгеден 70 теңгеге дейін төмендетілді. Осылайша ауылдық елді мекендердегі 73 мың абоненттің құқықтары қорғалды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Read More

CaspainLife, 16 қаңтар. Полицияның мәліметінше, ескерту алған жүргізуші өлімге әкелген жол-көлік оқиғасына себеп болған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, бір сағаттан кейін жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам қаза тапты. «15 қаңтарда сағат 14:00-де полицейлер көктайғақ салдарынан сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы жүргізушілерге ескерту жасады. Алайда Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолының 53-ші шақырымында қоғамдық көлік (автобус – CaspianLife ескертпесі) пен Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл көлік соқтығысты. Апат салдарынан 48 жастағы Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның…

Read More

Caspianlife, 16 қаңтар. Атырау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облысымыздағы ірі пайдалы қазбаларды өндіруші компаниялармен бірлесіп, Атырау облысының жұмыссыз тұрғындарына арналған оқу сабақтарын ұйымдастыруды жалғастыруда. Аймақтық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл бағдарлама «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарламаға 18 жастан асқан жұмыссыз атыраулықтар, сондай-ақ Тенгиз кен орнының босатылған қызметкерлері қатыса алады. —Сабақтар электр монтаждаушы, БӨП монтаждаушы, құбыр монтаждаушы және металл конструкцияларын дәнекерлеуші мамандықтары бойынша өтеді. Ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты екі айдан екі жарым айға дейін жалғаспақ. Үміткерлер білімнің базалық деңгейін анықтауға арналған 15 сұрақтан тұратын тестілеуден өтетін пәнді таңдай алады, — деді Жұмыспен…

Read More

Caspianlife, 16 қаңтар.  Бұл туралы Ресейдің федералдық мемлекеттік қазыналық мекемесі «Ресей Федерациясының мемлекеттік шекара қызметі» хабарлады. Ресей Федерациясының мемлекеттік шекара қызметі хабарламасында, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Орынбор облысындағы Орск және Маштаково автокөлік өткізу пункттері арқылы көлік құралдары мен жүк тасымалының уақытша тоқтатылатыны айтылады. Бұл шешім Қазақстанның «Алимбет» (Ақтөбе облысы) және «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінің жоспарлы жөндеуге жабылуына байланысты қабылданды. «Қазақстан тарапынан алынған мәліметке сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 16 айға дейін жалғасуы мүмкін. Орск және Маштаково өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылау процедураларының қайта басталуы туралы қосымша ақпарат біздің ресми телеграм-арнамызда жарияланады. Ресей-қазақ шекарасын кесіп өту кезінде осы ақпаратты ескеруді…

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар. Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына арналған жобасы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальін енгізу туралы» жобасын әзірледі. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, нормативтік-құқықтық акті Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен басқа да қатысушыларды Қазақстан Республикасында салтанатты түрде құрметтеу мақсатында әзірленген. Жарлық жобасында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальі енгізіліп, наградтау ережелері мен медальдің сипаттамасы бекітіледі. Үкімет қаулысының толық мәтінімен «Электронды үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 29 қаңтарға дейін танысуға болады.

Read More

CaspianLife, 15 қаңтар.  «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «eQonaq» жүйесіне тіркелген орналастыру орындарының мәліметтерін талдап, шетелдік туристер арасында Қазақстанның ең танымал аймақтарын анықтады. Kazakh Tourism Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өткен жылғы көшбасшы үштік 2023 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, шетелдік саяхатшылар санының едәуір өсуі Алматы облысында байқалды, ал Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысында керісінше төмендеу тіркелді. Талдау барысында «eQonaq» ақпараттық жүйесіне тіркелген 525 мыңнан астам қазақстандық субъектінің деректері қарастырылды. Нәтижелер: Шетелдік туристер үшін ең танымал аймақ Алматы қаласы болып қала берді. 2024 жылы мегаполистегі орналастыру орындарында 534 340 шетелдік қонақ тоқтаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 70 мың адамға артық.…

Read More

Caspianlife, 15 қаңтар. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашық тізілім енгізілуде, ол алдын алу құралы ретінде қызмет атқарады. Оның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырып, қоғамдық сенімді қолдану арқылы оны нығайту. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар туралы ақпарат қамтылады. Оған енгізудің негізі ретінде соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі танылады. Ал тізілімнен шығару соттың ақтау үкімі заңды күшіне енгенде және соттылығы өтелген жағдайда мүмкін болады. Хабарламада тізілімді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізетіні және ол ведомствоның ресми сайтында жалпыға қолжетімді түрде орналастырылатыны нақтыланған.

Read More