Caspianlife, 14 қаңтар. Атырау облысында 13 және 14 қаңтарда қою тұман жол қозғалысын едәуір қиындатты. 13 қаңтардағы түнде республикалық маңызы бар Атырау–Орал және Атырау–Астрахань автожолдарында көктайғақ салдарынан қозғалыс шектелді. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жолдарда 1 мыңнан астам көлік жиналып, олар патрульдік полиция экипаждарының қауіпсіз бақылауымен жіберілді. Қиын ауа райы жағдайларында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілерге көмек көрсетуде. «Құрметті жүргізушілер! Жолға шықпас бұрын көлігіңіздің техникалық жағдайын міндетті түрде тексеріңіздер. 112 қызметінің хабарламаларына назар аударыңыздар, бұл ауа райының өзгеруіне дайын болуға көмектеседі. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар», — деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 14 қаңтар. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы 14 қаңтар күні Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
CaspianLife, 13 қаңтар. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Атырау қаласы мен Мақат ауданында су тарифтері төрт топқа бөлінді – суды тұтыну көлеміне байланысты, деп хабарлайды Аймақтық коммуникациялар қызметі. Жаңа бекітілген тариф бойынша, адам басына су текше метр құны: — бірінші топ үшін айына үш текше метрге дейін су тұтынушыларға тариф – 123,20 теңге. — екінші топ үшін айына 3-тен 5 текше метрге дейін су тұтынушыларға тариф – 147,84 теңге. — үшінші топ үшін айына 5-тен 10 текше метрге дейін су тұтынушыларға тариф – 184,80 теңге. — төртінші топ үшін айына 10 текше метр көп су тұтынатын және су есептегіш құралдары…
CaspianLife, 13 қаңтар. Жайық-Каспий облысаралық бассейін инспекциясының балық шаруашылығы қызметкерлері 10 қаңтарда Жайық өзенінің теңізге шығатын жерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ «Урал» маркалы браконьерлік мотоциклді байқады. Инспекция өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, қашып бара жатқан құқықбұзушылар қамысқа кіріп, мотоциклді тастап, белгісіз бағытта қашып кеткен. «Мотоциклдің арбасынан 17 кг салмақтағы балық түрлері (сазан, жерех) табылды, ол ТОО «Тлекши» жауапты сақтауға тапсырылды», — деді балық инспекциясы өкілі. Осы факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 383-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды. Құқық қорғау органдарына мотоциклдің иесін және басқа құқықбұзушыларды анықтау мақсатында хабарлама жіберілді. (Сурет балық инспекциясы тарапынан ұсынылған)
CaspianLife, 13 қаңтар. Жергілікті кәсіпкер су тасқыны кезінде салынған дамба салдарынан құс фабрикасын аша алмай отыр. Әкімдік өкілдерінен нақты жауап ала алмаған кәсіпкер Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқпаеваның айтуынша, кәсіпкер Вячеслав Орловтың шағымы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында қаралған. В. Орловтың айтуынша, ол 2022 жылдың қазан айында Махамбет ауданының Бейбарыс ауылынан 2,7 гектар жер телімін жеке меншікке сатып алған. 2024 жылдың басында құс фабрикасын ашу мақсатында жерді қоршап, трансформатор орнатқан. Алайда, жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы дамба салғандықтан, жобасын жүзеге асыра алмаған. «Менің жерімде дамба…
Caspianlife, 13 қаңтар. 2025 жылы Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлік жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл жоба азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) бармай-ақ, туу туралы куәлікті алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АХАТ органдары берген электронды құжаттарға электронды апостиль қоюды дамыту жоспарлануда. Мұндай құжаттарға мыналар жатады: — туу туралы куәлік, — қайтыс болу туралы анықтама, — неке қию немесе бұзу туралы куәлік. Жаңа жүйе арқылы азаматтар көрсетілген құжаттарды алып, бір өтініш арқылы оларға апостиль қою мүмкіндігіне…
Caspianlife, 13 қаңтар. Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) автокөлік бензинін айдауға арналған жер асты құбырының ақаулы бөлігі толық қалпына келтіріліп, отынның төгілуі жойылды. Бұл туралы бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін хабарланғандай, өткен жұмада, 10 қаңтарда, АМӨЗ аумағында тауарлық автокөлік бензинінің компоненттерін 33-ші резервуар паркіне айдау желісінде зақымдану анықталған болатын. Жауапты қызметтер құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдады. Төгілген мұнай өнімінің барлығы сорылып, қайта өңдеуге жіберілді. «Оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат арнайы комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін беріледі», — деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі. Сондай-ақ, зауыттың қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқаны айтылды. Негізгі мұнай өнімдерін…
CaspianLife, 13 қаңатар. Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, ағынды суларды жер қойнауына жіберу және бұрғылау қалдықтарын тиісті шектеусіз жинақтау фактілері тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2024 жылғы 4 желтоқсанда сот қаулысымен компания Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Соттың бұл шешімі заңды күшіне енді. Сонымен қатар, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға зиянды заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі анықталды. Осыған байланысты, 2024 жылғы 11 желтоқсанда компанияға қосымша әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды. (Ақпарат Маңғыстау облысының прокуратурасы)
CaspianLife, 10 қаңтар. Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) аумағында мұнай өнімдерінің төгілуі туралы бейнежазба таралуда. Алайда, оқиғаның қашан және қандай жағдайларда орын алғаны нақтыланбаған. АМӨЗ баспасөз қызметі бұл видеоға түсініктеме берді. Таратылған баспасөз хабарламасында былай делінген: «…33-резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ақау анықталды. Жауапты қызметтер резервуардан құбырды ажырату шараларын қабылдады». Сонымен қатар, 10 қаңтар күнгі (CaspianLife ескертуі) түстен кейінгі уақытта зауыттың жауапты қызметкерлері оқиға салдарын жоюға жұмылдырылғаны хабарланды. Орын алған жағдай мұнай өнімдерін тиеу көлеміне әсер етпейді, зауыт қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп атап өтілді.
CaspianLife, 10 қаңтар. Төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында Атырауда «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС базасында зертхана жұмыс істейді. Мұнда сутекті қауіпсіз сақтау және тасымалдау технологияларын әзірлеу және өнеркәсіпке енгізу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасының хабарлауынша, сутегін қауіпсіз жағдайда сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік беретін титан негізіндегі қорытпалардың алғашқы үлгілері алынды. Жобаның табысты іске асырылуы ҚазМұнайГазды ішкі нарық және экспорт үшін де төмен көміртекті сутекті тасымалдау технологиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зерттеудің тиімділігін арттыру мақсатында зертхана жетекші отандық және халықаралық ғылыми ұйымдармен, соның ішінде Назарбаев Университеті, Vinca ядролық ғылымдар институты (Сербия), INPEX зерттеу орталығы (Жапония) және «Курчатов институты» ҒЗО-мен бірге…
