CaspianLife, 8 қаңтар. «Ембімұнайгаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) Атырау облысындағы Тайсойған учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастады. Бұл туралы ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Аталған учаске Каспий маңы шөгінді бассейніндегі мезозой құрылымында тұзүсті қабаттарынан тұрады. 2025 жылдың соңына дейін тереңдігі 400-ден 3800 м-ге дейін 8 құрылым бұрғылау жоспарланған. Нысандар 5600 шаршы км көлемде жүргізілген кең ауқымды 3D сейсмикалық барлау негізінде бұрғылауға дайындалды. «Ембімұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық жұмысты ҚР заңнамасына және экологиялық талаптарға қатаң сәйкес жүргізеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геологиялық барлау жобалары көмірсутектерді іздеуге және елдің ресурстық базасын толтыруға бағытталған. Бұл жобалар қор көлемі…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 8 қаңтар. Бұл туралы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановпен кездесуінде айтылды. Akorda.kz сайтында хабарланғандай, кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның 2024 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есепті тыңдады. Агенттік төрағасы Мемлекет басшысына 2023-2025 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру оның деңгейін 1,3%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін баяндады. Атап айтқанда, Агенттік қызметінің нәтижесінде 1 312 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, 236,8 млрд теңге көлемінде шығын өтелді, 152,3 млрд теңге көлеміндегі қылмыстық табыстар тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 20 және трансұлттық топқа қатысты бір сотқа дейінгі тергеу басталды.…
CaspianLife, 8 қаңтар. 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейінгі эпидемиологиялық кезеңде облыста 66 мыңға жуық өткір жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ЖРВИ-мен жиі ауыратындар 14 жасқа дейінгі балалар (барлық науқастардың 64%-ы). Олардың ішінде үш жасқа дейінгі балалардың саны 3%-ды құрайды. Сонымен қатар, вирус 500-ден астам жүкті әйелге жұққан. Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айкөркем Нұрғалиеваның айтуынша, ағымдағы жылдың көрсеткіштері 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңінен төмен. — ЖРВИ және тұмаудың негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі. Мұндай жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, медициналық көмекке жүгініп, дәрігерді…
CaspianLife, 8 қаңтар. Мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында жүргізіледі. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, көрсеткіш ретінде әрбір үш ай қатарынан бір физикалық тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына жүзден астам әртүрлі тұлғалардан ақша алу белгіленген (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығына сәйкес). «2025 жылдан бастап банктерден ақпарат жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары туралы 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұсынылатын болады», – деп нақтылады хабарламада. Сонымен қатар, бұл шараның мақсаты – жасырулы табыстар мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтау, себебі көптеген кәсіпкерлер тауар, жұмыс және қызмет үшін төлемдерді кәсіпкерлік қызметке арналмаған…
Caspianlife, 8 қаңтар. 2024 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар бойынша оң динамика байқалады. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы кезеңде жалпы көлемі 777,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға артқан (610,2 млрд теңге). Инвестициялардың өсуі елдің 12 өңірінде тіркелді. Өсу қарқыны бойынша көшбасшылар мыналар болды: — Астана қаласы – 218,2% өсім; — Батыс Қазақстан облысы – 94,5% өсім; — Маңғыстау облысы – 50% өсім; — Атырау облысы – 183% өсім; — Түркістан облысы – 43,7% өсім. «Бұл деректер Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамытуға инвесторлардың қызығушылығының артып келе…
CaspianLife, 8 қаңтар. 2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, заңсыз айналымдағы, соның ішінде «Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруларды іздеу және тәркілеу бойынша бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде қарудың екінші реттік айналымының жеті арнасы, ішкі сатылымның жеті арнасы және қаруды қолдан жасап шығаратын төрт цех жойылды. «58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және 15 мыңнан астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер тәркіленді», – делінген хабарламада.
Caspianlife, 8 қаңтар. Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау аясында, биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен орта есеппен 20%-ға көтеру жалғасты. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, архивариустар, кітапханашылар, музей қызметкерлері, орманшылар, техникалық персонал және басқа да мамандықтар бойынша жұмыс істейтін шамамен 600 мың азаматтық қызметшіні қамтиды. «Осылайша, 2022 жылдан 2025 жылға дейін азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы екі есе өседі», – делінген хабарламада.
CaspianLife, 8 қаңтар. Өткен жылдың күзінде Атырау облысы Индер ауданында Елтай ауылының тұрғыны өз көлігімен балық аулауға шығып, жоғалып кеткен болатын. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. «Дендер» аудандық газетінің хабарлауынша, 7 қаңтар күні жергілікті малшы өзеннен көліктің төбесін байқап қалған. Бұл туралы ол дереу құтқару қызметтеріне хабарлаған. Кейін кранның көмегімен «Lada» маркалы автокөлік судан шығарылып, ішінен жоғалған ер адамның денесі табылды. Басқа мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.
CaspianLife, 6 қаңтар. Қытайда анықталған метапневмовирус әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта ауру халық арасында жылдам таралуда. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 30 адам метапневмовирус жұқтырған. Ал эпидемиялық маусым кезінде тұмауға жатпайтын вирустарды анықтау үшін 8360 үлгі зерттеліп, нәтижесінде 1866-сынан оң қорытынды шыққан. Оның ішінде 178 паратұмау, 433 РС вирусы, 680 риновирус, 113 бокавирус, 226 аденовирус, 206 коронавирус дерті тіркеліп отыр. Метапневмовирустың негізгі белгілері — жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Бұл инфекция негізінен ауа тамшылары және тұрмыстық байланыс арқылы жұғады. Бүгінде дерттің нақты емі жоқ. Тек симтоматикалық емдеу қолданылады. Аурудың алдын алу шаралары: — адамдар…
CaspianLife, 6 қаңтар. ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарық үшін сұйытылған мұнай газына қатысты шекті бағаны бекітті. Арнайы бұйрыққа сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі аралықта сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы тоннасына 45 158 теңге болып белгіленді. Бұл былтырғы екінші жартыжылдықтағы шекті бағамен сәйкес келіп тұр. Яғни, құны өзгеріссіз қалған. Жалпы, бұған дейін салалық ведомства өкілдері сұйытылған газдың бағасын көтеру қажеттігін айтқан еді. Оған мұнай газы өндірісінің тиімсіздігі, тұтынушылардың артуы және көрші мемлекеттермен салыстырғандағы төменгі баға себеп боларын баяндаған. Алайда шекті мөлшер былтырғы бағамен қалып отыр.
