Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 қаңтар. Атырауда полиция тұрғындарға ескерту жасады. Былтыр мұз ойылып, 12 адам суға түсіп кеткен. Атырау облысының полиция департаменті су айдындарында қайғылы жағдайға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейтті. «Былтыр полицейлер мұз ойылып суға түскен 12 адамды аман алып қалған. Осы жылы да құбылмалы ауа райында жазатайым оқиғалар орын алмауы үшін Жайық өзенінде патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, балық аулаушыларға қауіпті жерлерден балық аулауға тыйым салынатындығын және мұз үстінде жүрген қала тұрғындарына сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада. Сонымен қатар мұз үстімен жүруге тыйым салынады ескерту белгілері орнатылған қауіпті жерлерден…

Read More

CaspianLife, 5 қаңтар. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 6,5%-ға артты, бұл Ұлттық банктің инфляция деңгейінің болжамымен сәйкес келеді, ал солидарлы зейнетақы 8,5%-ға артты, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл бойы жыл сайын минималды базалық зейнетақыны күнкөріс минимумының 70%-на дейін, максималды зейнетақыны 120%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда. Осылайша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды базалық зейнетақы мөлшері 65%-дан 70%-ға дейін артты, бұл 32 360 теңгені құрайды, ал максималды зейнетақы 105%-дан 110%-ға…

Read More

CaspianLife, 4 қаңтар. Жаңа жылдық мерекелерде Қазақстан бойынша пиротехникалық құралдарды қолдану салдарынан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде 5 бала ауруханаға жатқызылған, ал 51 науқас, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем қабылдауда. Бұл туралы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ елорда денсаулық сақтау басқармалары хабарлады. Аймақтар бойынша зардап шеккендер саны: Алматы қаласында – 19 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адамнан, Ақтөбе облысында – 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және…

Read More

Caspianlife, 3 қаңтар. Бүгін Akorda.kz сайтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты жарияланды: «Мақсат – экономиканы және егемендікті нығайту». CaspianLife редакциясы осы сұхбаттан үзінділерді ұсынады. Толық мәтінді МЫНАДАН оқи аласыз. – Сіз бірнеше рет Тұңғыш Президенттің қызметін объективті бағалап, оның тарихи еңбегін мойындау қажеттігін айттыңыз. Бұл ұстаным қоғамда біртіндеп қолдау тауып келеді. Сіз Нұрсұлтан Әбішұлымен қаншалықты жиі сөйлесесіз? – Әрбір тарихи кезеңнің өз жарқын және күңгірт жақтары болады. Біздің жаңа тарихымызда оң өзгерістер әлдеқайда көп болды. Бұл – факт. Қысқа мерзім ішінде тұрақты мемлекеттілік құрылып, билік институттары қалыптасты, жаңа астана салынды, мемлекеттік шекара заңды түрде бекітілді, көптеген елдермен…

Read More

CaspianLife, 31 желтоқсан. Кейбір Telegram-арналарда Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баяу кокстеу қондырғысының (БКҚ) апаттық жағдайда екені туралы ақпарат таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Бұл туралы бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде атап өтілгендей, 2024 жылдың қараша айында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін БКҚ қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік қуаты тәулігіне 3 300 тонна шикізатты құрайды. Өнім сапасы аккредиттелген зертханамен расталған. Қондырғының барлық жұмыс параметрлері – температура, қысым және өнім сапасы – белгіленген нормалар аясында. Зауыт барлық экологиялық және өндірістік стандарттарды сақтайды. «Өкінішке орай, қоғамда АМӨЗ жұмысына нұқсан келтіруді көздейтін кейбір жеке тұлғалардың мүдделерімен байланысты болуы мүмкін…

Read More

CaspianLife, 31 желтоқсан. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) баспасөз қызметі хабарлағандай, монеталардың сатылымға шығатын күні туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады. ҚҰБ Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен жоба аясында «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» коллекциялық монеталарының он үш түрін айналымға шығарады. Монеталарда 2024 жылғы маусымдағы Қазақстан премьер-лигасы клубтарының логотиптері бейнеленген. Әр түрі 7 000 данамен шығарылатын монеталардың 5 000 данасы жеке блистерлерде, ал қалған 2 000 данасы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» сувенирлік блистерлік жинақ құрамында ұсынылады. Монеталар мельхиор қорытпасынан (МН 25) жасалған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм,…

Read More

CaspianLife, 31 желтоқсан.  Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері А. Пулатов Қазақстанның шектеулі аймағында сирек кездесетін жыртқыш – итаю (Mellivora capensis) суретке түсіріп алды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада итаюдың Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте мекендейтіні, терең шатқалдар, карсттық қуыстар, жыралар және алуан түрлі өсімдіктер өсетін аумақтарды, соның ішінде сексеуіл, бұтақ және қараған ормандарын таңдайтыны айтылған. Бұл түр негізінен кешкі және түнгі өмір салтын ұстанады, бірақ қыста күндіз де белсенді болуы мүмкін. Итаюлар жылына бір рет көбейеді, ал суық мезгілде қысқа уақытқа ұйқыға кетуі мүмкін. «Қорық қызметкерлерінің жұмысының арқасында итаю…

Read More

Caspianlife, 31 желтоқсан. Бұл Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы шетел азаматтарына ЖСН беру бойынша пилоттық жобаның мерзімінің аяқталуымен байланысты. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылғаны айтылған. Сонымен қатар, ЖСН-ге қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланатыны хабарланды.

Read More

CaspianLife, 31 желтоқсан. Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол-көлік оқиғасы (ЖКО) нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады. «АТЫРАУ СОТТАРЫ» Telegram-арнасының мәліметінше, Атырау қаласындағы қиылыстардың бірінде «Toyota RAV4» маркалы автокөлігі мен «Samurai» мопедінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. Мопедті кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған. «ЖКО салдарынан талапкерге мүліктік зиян келтірілген. Талапкер кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілінен 790 014 теңге мөлшерінде келтірілген материалдық зиянды өндіруді сұрап сотқа жүгінді. Татуласу рәсімдері барысында тараптар өзара келісімге келіп, соттан медиативтік келісімді бекітуді сұрады», — делінген Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында. Келісім шарттарына сәйкес, кәмелетке…

Read More

CaspianLife, 31 желтоқсан. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлағандай, Жаңа жыл мерекесіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) және мамандандырылған ХҚКО 1-3 қаңтар аралығында жұмыс істемейді. Сонымен қатар, 4 қаңтар (сенбі) кезекші ХҚКО үшін жұмыс күні болып табылады. Қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. 5 және 6 қаңтарда барлық ХҚКО-лар әдеттегі режимде жұмыс істейді. Ал 7 қаңтарда Қазақстанда православ Рождествосы мерекесі тойлануына байланысты, бұл күн ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО үшін демалыс күні болып белгіленген. «Жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 9:00-ден…

Read More