CaspianLife, 30 қазан. «Kazakhstan Petrochemical Industries» компаниясының пайда болуымен Қазақстан полипропилен өндірісінде жаңа деңгейге жетті, бұл мұнай-газ химиясы саласының және жалпы экономиканың дамуына елеулі үлес қосты. «Kazakhstan Petrochemical Industries» (KPI) ЖШС сайтында жарияланған хабарламада компанияның елдің ішкі нарығындағы позициясын нығайтып, полимер өнімдерін өндірушілер үшін жаңа өсу және даму мүмкіндіктерін ашқаны атап өтілді. Қазақстандағы гомополимер полипропиленге деген ішкі сұраныс жылына шамамен 45 мың тоннаны құрайды. KPI кешені бұл қажеттілікті көлемдерімен (кешеннің жобалық қуаты жылына 500 мың тонна) және маркалық ассортиментімен қамтамасыз етеді. 2022 жылға дейін Қазақстандағы полипропилен нарығы импортқа өте тәуелді болды, ол шамамен 60%-ды құрады. KPI газ-химия кешенінің іске қосылуымен…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 30 қазан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармаларының басшылары тағайындалу тәртібі өзгерді. Енді барлық кандидаттар туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссияның мақұлдауын алу міндетті. Комиссияның жұмысын министр Ербол Мырзабосынов басқарады. Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде өңірлердің қандай спорт түрлерін дамыту керектігін өз бетімен шешу мәселесіне назар аударды. Осыған орай, ол Үкіметке спорттағы басқару вертикалін барлық деңгейде қалпына келтіруді тапсырды. Комиссия бағалау жүргізу кезінде кәсіби тәжірибе, спорт саласын дамыту жоспарының болуы, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджменті бойынша білімдерді ескереді. «Кандидаттар жергілікті атқарушы органдар мен министрлік тарапынан ұсынылуы мүмкін. Жергілікті органдар Комиссияның келісімінен өткен үміткерлерді тағайындайды»,…
CaspianLife, 30 қазан. Маңғыстау облысында бюджеттік кредиттер мен халықаралық қаржы ұйымдарының займдарын тиімсіз және мақсатсыз пайдаланудың фактілері анықталды. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік борышты және жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару бойынша аудиттер облыстарда Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасымен жүргізілген. Инфрақұрылымдық объектілер мен тұрғын үй құрылысын салу және жаңғырту кезінде тартылған займдарды пайдалану нәтижелерінің жетіспеушілігі анықталды. Кейбір жағдайларда тартылған займдар депозиттерде қосымша табыс алу мақсатында орналастырылған, бұл қаражатты жоспарланған мақсаттардан аластатуға әкелді. Аудит нәтижесінде облыста займдық қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылау, сондай-ақ кредиттік міндеттемелерді уақтылы қызмет көрсету мен өтеу жөнінде бақылаудың жеткіліксіздігі байқалды. Маңғыстау облысында аудиторы анықтады: —…
CaspianLife, 29 қазан. Бүгін облыс әкімі Серік Шапкеновтің Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичпен кездесуі өтті. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кездесуде тараптар мұнайлы өңірге инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Алешка Симкич Серік Шапкеновке жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастық және бірлескен жобалар туралы пікір алмасты. — Мен Атырау облысына ресми сапармен алғаш рет келіп отырмын. Осы кездесу біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін беретіндігіне үміттенемін. Бүгінгі күні Еуропалық Одақтың (ЕО) 90% тауар айналымы мұнай-газ секторымен қамтамасыз етілуде. Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда транспорт саласына назар аударудың қажеттілігі бар деп есептеймін. Сонымен қатар, біз теңіз портының мүмкіндіктері туралы білгіміз келеді, себебі осы…
CaspiabLife, 29 қазан. Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылғы 28 қазан мен 3 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Атырау облысының Білім басқармасы хабарлағандай, мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде — «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы; «Буллингтен қорған!» атты қауіпсіздік сабағы; мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» атты жәрмеңкесі; мектеп театрының жұмысын ұйымдастыру ұсынылады. Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге…
CaspianLife, 29 қазан. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидың жетекшілігімен өткен ведомствоаралық кеңесте хабарланды. Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте жол саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері қаралды. Кеңеске көлік министрі М.К. Қарабаев, жоғары аудиторлық палата, стратегиялық жоспарлау, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің, қаржы, өнеркәсіп және цифрландыру министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Кездесуде мемлекет басшысының тапсырмасымен Антикор мен көлік министрлігі тарапынан жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды. «Соңғы бес жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды, бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда. 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға азаматтардан автомобиль…
CaspianLife, 29 қазан. Атырау Білім инновация лицейінің 11 сынып оқушылары Гайдар Атағұлла мен Қайырхан Лұқпанов көз жанары нашар көретін адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған «ақылды көзілдірік» ойлап тапты. Олардың жобасы халықаралық Microsoft Imagine Cup Junior 2024 байқауында 500 үздік жоба қатарына кірді ~ деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова. Оқушылар көру қабілеті нашар адамдар жиі кездесетін проблемаларды шешу үшін RikaAI жасанды интеллектін жасап шығарған. RikaAI — бұл интуитивті бағдарлама, жәй ғана саусақпен басу арқылы арқылы іске қосылады. Пайдаланушыларға дауыстық команда беріп, өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның ақпарат беру, мәтінді оқу, нысандарды анықтау және суреттерге…
CaspianLife, 29 қазан. Тәжікстан мемлекеті, Душанбе қаласында 25-27 қазан күндері самбодан спорт шеберлері арасында Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада маңғыстаулық 6 спорт шебері бақ сынап, 3 спорт шебері жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлады Қоғамдық коммуникация орталығы. ҚР самбо федерациясының бірінші вице-президенті, Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының басшысы Манарбек Бисекенов 79 келі салмақта қола жүлдеге, спорт шеберлері арасында Азия және Океания чемпионы Нұрлан Аманиязов 98 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болса, ҚР спорт шеберіне үміткер Мереке Бекешов 88 келі салмақта қола жүлдені қанжығаға байлады. Сондай-ақ, халықаралық экстра-класс төреші маңғыстаулық Берік Жұмағалиев те Әлем чемпионатында жеке марапатқа ие болды.…
CaspianLife, 29 қазан. Апелляция И.-ге қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Атырау қаласының №2 соты И.-ді материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы), 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді. Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 млн. теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Іс апелляциялық алқаға жәбірленуші және қорғау тарабының шағымдары, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша түсті. Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, И.-дің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді. Алқа…
CaspianLife, 29 қазан. Бұл туралы «BAIZAAR MALL» ЖШС заңгері Руслан Ізбасов баспасөз-брифигінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Сауда орталығында 60 дүкен бар. Оны жалға алушылар сауда орталығы қайта қалпына келтірілгенге дейін төлем ақыдан босатылады. Айта кетейік, мұндағы дүкендердің барлығы бірдей бүлінбеген. Өрт салдарынан киім-кешектер мен заттардың біріне су тисе, енді бірі түтін астында қалған. Қазір тергеп тексеру жұмыстары жүруде. Бәрі жекелей қаралады», — деді ол. «Алдын-ала болжам бойынша өрт сауда орталығының екінші қабатында орналасқан «Детский мир» дүкенінің қоймасынан шыққан. Одан әрі 688 шаршы метр аумақтың шатырына жайылған. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт сағат…
