CaspianLife, 4 маусым — Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевтың иелігіндегі құны 66 млн АҚШ доллары болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Аумағы 134 гектарды құрайтын терминал шетелдік инвестордың мүлкін заңсыз алып қою нәтижесінде келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады. Мұнай терминалы 2011 жылы Құлыбаев компаниясының иелігіне өткен. Талап Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың мүлкін заңсыз басып алуы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу үшін берілді. 2024 жылғы 26 ақпанда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап арызы қанағаттандырылып, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 маусым -4-маусымда Махамбет ауылының маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 1 см-ге төмендеп, су деңгейі қазір 10 м 5 см болып тұр. Индербор кентінде де су деңгейі күн санап төмен түсіп келе жатыр. Бүгін 8 см-ге төмендеп, 921 см-ді көрсетті. Атырау қаласының тұсында Жайық деңгейі бір тәуліктен бері өзгеріссіз. Қазіргі көрсеткіш — 597. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының маңында да су деңгейі 1 см-ге төмендеді. Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі тұрақты. 4-маусым күні Иреклі су қоймасынан секундына 90 текше метр су жіберіліп жатыр.
CaspianLife, 4 маусым — Атырау облысында «Бекіре – 2024» акциясы кезінде заңсыз балық аулаушылардан 1,8 тонна бекіре тәркіленді. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысындағы су айдындарында «Бекіре – 2024» балық қорғау акциясы аяқталды. Бұл акция 1 сәуірден 31 мамырға дейін созылды. «Акцияның мақсаты – браконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау. Іс-шара кезінде Еркінқала елді мекенінде және Жайық өзені бойындағы «Пешной» бекетінде балық қорғау инспекциясымен бірлескен мобильдік топтар жұмыс істеді. Еркінқала, Дамбы, Алғабас ауылдарына қатынайтын жолда автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізілді. Заңсыз балық аулаушылардан 7 қайық, 8 автокөлік, 9 айғақ зат алынды. Заңсыз…
CaspianLife, 3 маусым — Өр суының көп келуіне байланысты, Жайық өзенінің су өткізу қабілетін арттыру мақсатында өзеннің Каспий теңізіне құяр сағасының 48,9 шақырымнан бастап 50,5 шақырымына дейін түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Түп тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 1600 метр, ені 20 метр және тереңдігі 1,2 метрді құрайды. Қазіргі уақытта мердігер мекеме түп тереңдету жұмыстарына “ЗРС-Г”, “Ватермастер-1”, “Ватермастер-2” жер сорғыш снарядтарын (землесосный снаряд) қолданып жатыр. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметі бойынша, «Қазақстан су жолдары» РМҚК тапсырысымен барлығы 2643 метр жер қазылып, 16 686 м3 топырақ алынған. Бас мердігер — «ПавлодарӨзенПорты» АҚ. Сонымен қатар, “ДМ ЭКО КАСПИАН” ЖШС 2350 метр түп…
CaspianLife, 3 маусым — Атырау облысында республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тасжолында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Айталық, 15-мамырдан бастап «Атырау-Орал» автокөлік жолының төмен орналасқан тұстарына су өткізбес үшін қосымша бөгет салынды. «17-мамырда Сарайшық ауылын судан аман алып қалу үшін жолды бұзу жөнінде шешім қабылданды. Осы сияқты 56-шақырымда Жалғансай елдімекені, 69-шақырымда Махамбет, 71-шақырымда «Махамбет-Сарытоғай» жолы, 81-82 шақырымда Ақтоғай ауылын су шайып кетпес үшін жолдан төмен орналасқан жердегі бөгеттерді ашып, суды өткізу жұмыстары атқарылды» дейді ҚазАвтоЖол ҰК АҚ Атырау облыстық филиал директорының орынбасары Аслан Дүйсенов. Сонымен қатар, Х.Ерғалиев — Таңдай бағытындағы жолда су тасқынына қарсы шаралар атқарылуда. Ескерте кетейік, оқыс…
CaspianLife, 3 маусым — Соңғы бес күннен бері Х. Ерғалиев — Таңдай бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр, деп хабарлады Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы. Судың көп мөлшерде келуіне байланысты, топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалуда. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, аталмыш жолда жүк машиналарының қозғалысына шектеу енгізілді.
CaspianLife, 31 мамыр — Елімізде су тасқынынан зардап шеккен халықтың несиесін кейінге қалдыру бойынша банк және микроқаржы ұйымдарымен келісім жүргізілді. Атырау облысы бойынша 45 739 адамның 59 млрд 795 млн теңге көлемінде несиелік төлемдері кейінге қалдырылды. «Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың несиелерін кейінге қалдыру бойынша әлі де жұмыстар жалғасуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк пен микроқаржы ұйымдарына несиелерді кейінге шегеру үшін осы санаттағы халықтың тізімдерін жіберуде» дейді Атырау қаласы Өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Асланбек Кабесов. Спикердің мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша тасқын судан зардап шеккен 67 949 адамның 87 млрд 692 млн теңге несиелері кейінге қалдырылған.
CaspianLife, 31 мамыр — ТЖ басталғалы Атырау облысы және қала тұрғындарын қамтамасыз ететін ауыз су және су құрылғыларынан сынама алу жұмысы күшейтілді. Бүгінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуді тоқтатпау үшін сынама алу нүктелер саны артып, тексеру жиелігі күшейтілді. Мамандардың айтуынша, қазіргі судың сапасында өзгерістер бар. Атырау қаласындағы су қондырғысына жүргізілген сынамада ауыз судан гигиеналық нормативке сәйкессіздік анықталған жоқ. Бірақ спикер, Жайық өзенінің тұнбалығы мен лайлылығы, құрғақ қалдықтары бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде, ашық судан су ішуге болмайтынын ескертті. Жалпы ТЖ басталғалы ашық және ауыз судан облыс бойынша 900-ден астам сынама алынды. Оның ішінде 300-ден астам сынама қала аумағында жүргізілді. Ашық су…
CaspianLife, 31 мамыр — Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр 2,5 шақырымы ені 20 метрге, тереңдегі 1,5 метрге дейін қазылды, деп хабарлады облыстық жедел штаб. Қазір түп тереңдету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жайық өзенінен бөлініп шығатын Зарослый, Приморский каналдары мен үшінші және алтыншы өзек тереңдетілген. Өзен суы кедергісіз теңізге ағып жатыр. Тереңдету жұмыстары әлі де жалғасады. — Қазір теңіздің тамағында тасқын сумен келген томарлар жиналып қалған. Айта кететін бір жайт бар, теңізден соққан жел басылғаннан кейін теңіз суы қайтады да аралдар пайда болады. Келген томарлар сол аралдарда қалып қойды. Дегенмен қоқыс тазаланады,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының…
CaspianLife, 31 мамыр — Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылғы 28 маусымда 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 10 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады. Бұл — «Сақ стилі» жаңа сериясынан екінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген. Банкноталар жаппай қолданысқа 2024 жылғы қыркүйекте беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет. Банкноталардың түсі – күлгін-көк. Номиналы 10 000 теңгелік жаңа банкноталар 2024 жылғы 28 маусымнан бастап айналымға енеді және айналымда…
