CaspianLife, 30 қазан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармаларының басшылары тағайындалу тәртібі өзгерді.
Енді барлық кандидаттар туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссияның мақұлдауын алу міндетті. Комиссияның жұмысын министр Ербол Мырзабосынов басқарады.
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде өңірлердің қандай спорт түрлерін дамыту керектігін өз бетімен шешу мәселесіне назар аударды. Осыған орай, ол Үкіметке спорттағы басқару вертикалін барлық деңгейде қалпына келтіруді тапсырды. Комиссия бағалау жүргізу кезінде кәсіби тәжірибе, спорт саласын дамыту жоспарының болуы, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджменті бойынша білімдерді ескереді.
«Кандидаттар жергілікті атқарушы органдар мен министрлік тарапынан ұсынылуы мүмкін. Жергілікті органдар Комиссияның келісімінен өткен үміткерлерді тағайындайды», — делінген Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.