CaspianLife, 4 қараша. Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша өткен чемпионат өз мәресіне жетіп, Атырау облысының пара волейболшылары бірінші орынды қанжығалады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Чемпионатқа атыраулықтардан бөлек сегіз команда қатысты. Онда Қызылорда қаласынан, Қытай, Сауд Арабиясы және Аустралия елінен келген командалар да бақ сынасты. «Біздің команда өз тобында Сауд Арабиясы мен Қытайдың екі клубын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға бірінші орынмен шықты. Жартылай финалда «Қызылордадан» дәл сондай есеппен басым түсті, Ал финалда қытайлық Zhe Jiang клубымен өткен ойын өте тартысты болды. Атыраулықтар 3:2 есебімен жеңісті қолдан бермей, чемпиондық тұғырға көтерілді. Спортшыларымыз…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 қараша. Қазақстанның уәкілетті органдарының мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны 9,46 текше шақырымды құрайды. Алайда биыл су көлемі орташа көпжылдық нормадан асып түсті. Сонымен қатар, өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан бағытталған су көлеміне байланысты қалыптасатыны атап өтілді. «Жыл басынан бері министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінің әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Судың тасқын кезеңіндегі көлемдерін реттеу бойынша келіссөздер қарқынды түрде жүргізілетін болады», — деп хабарлады су ресурстары…
CaspianLife, 4 қараша. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) «Кезби» ЖШС-нің атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы («аса ірі мөлшердегі алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-каналында хабарланғандай, «… ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 миллион теңгені жымқырды және 1,5 миллиард теңге көлемінде салық төлеуден жалтарды».» «2021 жылы «Кезби» ЖШС «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен жөндеу жұмыстары бойынша бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен келісімшарттар жасасты. Кейін, жұмысшылардың әлеуметтік пакетін, соның ішінде жалақы мен медициналық жәрдемақыларды арттыру мақсатында, қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда,…
CaspianLife, 4 қараша. Бұл туралы «ҚазМунайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған кезінде айтты. «ҚазМунайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Асхат Хасенов жоспарлы алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысып, АМӨЗ басшылығына жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтап, барлық өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тұрақты технологиялық режимге шығуды тапсырды.» «Кәсіпорынның ағымдағы қызметі мен стратегиялық міндеттері бойынша өткен кеңес барысында АМӨЗ-дің операциялық тиімділігін және энергия қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. А. Хасенов өндірістік және экологиялық жобаларды жүзеге асыруды, зауытты ұлғайтылған жөндеу аралық кезеңге көшуге дайындаудың маңыздылығын атап өтті. ҚМГ басшысы зауыт басшылығына жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту…
CaspianLife, 4 қараша. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астана қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында айтты. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның жаңа инвестициялық цикліне арналған шараға трансұлттық компаниялар, мемлекеттік органдардың басшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. «Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, әлемдегі инвестициялық белсенділіктің баяулауы, санкциялық қысымның күшеюі, логистикалық жүйенің бұзылуы және жоғары инфляция жағдайында Қазақстан посткеңестік елдері, соның ішінде Орталық Азия мен теңізге шығуы жоқ мемлекеттер арасында тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда көшбасшы орынға ие болды. «Бүгінгі таңда Қазақстан үкіметінің алдында экономика көлемін екі есе…
CaspianLife, 1 қараша. «Андора Констракшн» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтерлер сатқан. Атырау облысының прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың 23 қазан күні Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Атамекен Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы 2 құрылыс салушы компаниялары да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде…
CaspianLife, 1 қараша. Оның ішінде тұмауға жатпайтын риновирус, аденовирус, РС вирус, парагрип, бокавирус аурулары бар. Бұл туралы Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. — Биыл жергілікті бюджет есебінен Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Тұмаудың жыл сайынғы маусымдық вакцинациялау жұмыстары 15 қыркүйекте барлық емханаларда басталды. Облыста тұмауға қарсы 59 510 адам егілді. Оның ішінде 1 023 адам жұмыс беруші есебінен екпемен қамтылғандар. 2 594-і жүкті әйелдер болса, 13 134-і – балалар, — деді А.Аймұратова. Инфекционист-дәрігер Айнұр Казиеваның сөзінше, тұмау, әсіресе, иммунитеті әлсіреген адамдарда, балалар мен қарт…
CaspianLife, 1 қараша. Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету аясында ҚНБ Шекара қызметі қазан айында уәкілетті органдармен бірлесіп, шекаралық аймақта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 640 адамды ұстады. Шекара қызметінің ресми сайтында хабарланғандай, оның ішінде: — мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін – 27 шетел азаматы; — мемлекеттік шекараны бұзу әрекеті үшін – 30 шетел азаматы. Сонымен қатар, аталған кезеңде (қазан айында) мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалыстың 1 435 фактісі анықталды, оның ішінде: — есірткі құралдары – 41 факт; — қару-жарақ пен оқ-дәрілер – 91 факт (бір оқ өтетін қару, үш газды қару, 25 суық қару, 123 оқ-дәрі, 41 электрошокер); — діни әдебиеттер –…
CaspianLife, 1 қараша. Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры болып Досжан Болатбекұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов таныстырды. Досжан Болатбекұлы осыған дейін Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназия директоры қызметін атқарған.
CaspianLife, 1 қараша. Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері арасында өтетін дәстүрлі «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауында атыраулық әдіскер жеңімпаздар қатарынан көрінді — деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова. Эльвира Капарова Атырау қаласындағы №30 “Жұмбақ” балабақшасының әдіскері. Ол байқаудың республикалық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болды. Айта кету керек, “Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері республикалық байқауы мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
