CaspianLife, 1 қараша. «Шеврон» компаниясының қолдауымен APEC халықаралық оқу орталығының мамандары иммерсивті оқыту, тәлімгерлік және психологиялық көмекті қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың кешенді бағдарламасын іске қосты. Кәсіби мамандар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы әйелдердің өмір сүру сапасын жеке және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктері арқылы жақсартуға ниетті. Қатысушылар жатақханамен, тамақпен, оқу орталығы орналасқан Атырау қаласына бару жол ақысын өтеумен қамтамасыз етілді. Жеті оқыту бағдарламасына мыналар кіреді: • Бизнесті құру және жүргізу негіздері, бизнес-жоспарлау, маркетинг, қаржылық жоспарлау – 5 күн (4-8 қараша 2024 ж.) • Жеке қаржыны басқару негіздері: бюджеттеу, жинақтау, инвестициялау; Қаржылық жоспарлау және жинақтау: табысты қалай дұрыс бөлу керек,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 қараша. Атырау қалалық сотында А. (II топ мүгедегі) азаматтың жауапкер жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС) 1 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы шағымы қаралды. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, талап қоюшы тіс емханасына шағымданған, себебі дәрігер оның тісін сапасыз емдеген. «Ем жүргізілгеннен кейін тісінің ауырғаны басылмай, талап қоюшы тіс емханасының дәрігеріне қайтадан барған. Дәрігер тісті қарамай, талап қоюшыға тісі іскен жағдайда қайта келетінін айтып, оны кері қайтарған. Тісінің ісуіне байланысты талап қоюшы сол дәрігерге қайтадан жүгінген. Жауапкер талап қоюшыға облыстық ауруханаға ем алуға жолдама жазып берген. Талап қоюшыға ауруханада беттің іріңдеуі салдарынан ота жасалып, ұзақ уақыт…
CaspianLife, 1 қараша. Бір топ адам сөз байласып, витаминдер түрінде жасырылған, адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттары бар анаболиктер мен стероидтерді АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелтпекші болған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. “206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді”, — делінген хабарламада. Ұйымдастырушылар ұсталып, сот оларға қатысты «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. (Ақпарат: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі)
CaspianLife, 31 қазан. Маңғыстау облысында өлген итбалық саны көбейіп барады. Теңіз жағасынан табылған өлексе саны 289-ға жетті. Мұндай ақпаратты Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері таратты. Олар «Гидробиология және экология институтының» өкілдерімен бірлесіп, Каспий теңізінің Түпқараған ауданы маңындағы жағалауына мониторинг жасаған еді. Мамандар күн сайын Каспий жағалауын тексеріп, теңіз суын бақылап жүрміз дйеді. Бұған дейін Баутино ауылының маңынан 151 итбалықтың өлексесі табылған еді. «Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының өкілдері» теңіз жағасында итбалықтан бөлек, су құстарының да өлексесі жатыр дейді. -Қазіргі уақытта тек қана итбалықтың өлекселері табылды деп дабыл қағудамыз. Алайда, онымен қоса итбалықтармен қоса суда мекендейтін…
CaspianLife, 31 қазан. “Мұнайшы” стадионында 12-13 жас аралығындағы оқушылар арасында футболдан турнир өтіп жатыр. Оған мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында «DamuBala» платформасының қатысушыларынан 15 және Атырау футбол орталығынан 1 команда қатысуда, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақылбек Мұқановтың айтуынша, турнир апта соңына дейін жалғасады. — Футбол өте тартысты өтіп жатыр. Ойында 4 төреші бар. Жеңімпаз 3 команда қалалық «АFL-2024» футбол турнирінің чемпионы атанады.Мақсаты – балалардың спорттық қабілетін дамыту, тәжірибе жинау және командалық рухты нығайту, — деді А.Мұқанов. Айта кетейік, спорттық дода үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда.
CaspianLife, 31 қазан. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ресейдің «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесу өткізді. «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр болатын алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылау жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған. «Қаратон Подсолевой учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған кен орындарының жанында орналасқан», — деп нақтылайды ҚМГ баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта. Сонымен қатар тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. 2024 жылғы 21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен…
CaspianLife, 31 қазан. Аймақ басшысы Серік Шапкенов жұмыс сапары барысында Махамбет ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Шапкенов алдымен Талдыкөл ауылындағы кіре беріс жолдың жағдайын тексерді. Жалпы ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын жолдың қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылдың тамызында басталғанымен, негізгі бөлігінің тығыздығы нормаға сай емес. Осыған байланысты жобаға түзету жұмыстары басталды. «Содан кейін облыс әкімі Талдыкөл ауылында Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта Талдыкөл ауылының судан қорғану бөгеті үш шақырымды құрайды. 2025 жылы су тасқынының алдын алу мақсатында 2,1 км бөгетті қайта жөндеу және 500 метр жерге уақытша қапшық төсеу жоспарланған, жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.…
CaspianLife, 31 қазан. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Серік Шапкенов Махамбет ауданның тұрғындарымен кездесуде айтты. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен ауданның алдағы даму жоспары талқыланды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Шапкенов Махамбет ауданындағы өзекті мәселелерге тоқталды, оның ішінде ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды болып қала береді. — Сапалы ауыз сумен қамту бағытына тоқталып өтсем, осы кезге дейін ауыз су тасымалданып келген Есмахан, Көздіқара, Атамбаев, Бала Ораз елді мекендеріне су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталады,-деп хабарлады облыс әкімі. Сонымен қатар, Серік Шапкенов, бірнеше жыл бойы жөнделмеген Махамбет ауданындағы су тазарту құрылғыларының жаңартылып, пайдалануға…
CaspianLife, 30 қазан. «Қазақстандық автомобильдік одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Анар Мақашева үкімет отырысында машина жасау саласындағы қазіргі жағдай туралы хабарлады. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі аппаратының баспасөз қызметі хабарлағандай, машина жасаудың жалпы көлеміндегі автомобиль жасау үлесі 39,4%-ды құрады, ал отандық автомобильдердің жаңа көліктердің жалпы сатылымындағы үлесі 63%-ға жетті. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 130 мыңнан астам жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника шығарылады деп күтілуде. Автоөндірушілердің алдында тұрған негізгі проблемалардың қатарында логистика, сондай-ақ Қазақстанға «қылмыстық» өткені бар және техникалық регламентке сәйкес келмейтін автомобильдерді әкелу ісі тұрғаны атап өтілді. Осыған байланысты Премьер-министр мемлекеттік органға көлікті «көлеңкелі» жеткізу ісімен айналысуды тапсырды. “Бұл мәселе өте…
CaspianLife, 30 қазан. Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов «ЭксонМобил Апстрим Компани» аға вице-президенті Джон Уиланмен және «ЭксонМобил Қазақстан Инк» компаниясының басқарушы директоры Сесиль Ролинмен кездесті. Ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру барысын талқылады. Мәселен, Теңізде «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы «Болашақ кеңейту/Сағалық қысымды басқару жобасы» (БҚЖ-СҚБЖ) жобасы аясында биыл СҚБЖ нысандарын пайдалануға беруге кірісті. Қашаган кен орнын игеру туралы айтқан А. Хасенов «ҚазМұнайГаз» үшін жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін сақтаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол жобалар, атап айтқанда, екі газ өңдеу зауытын салу және өндіруді арттыру, сәтті жүзеге асырылуы үшін барлық серіктестер,…
