Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 маусым -Биыл қыркүйекте елімізде адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу басталады. Вакцина қыздарға 11 жастан бастап ата-анасының рұқсатымен салынуы тиіс. Қазір осыған қатысты әр өңірде жұмысшы топ құрылып, халықты ақпараттандыру, түсіндіру жұмысына кірісіп кетті. Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің директоры әрі топ жетекшісі Эльмира Сапарованың айтуынша, мақсат — жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу. Өйткені аурудың бас көтеруіне ағзадағы дәл осы папиллома вирусы себепші болатын көрінеді. Қазір әйелдер арасында жатыр мойны қатерлі ісігі бірінші орында тұр және көп жағдайда кеш анықталып жатады. Ал мұндай кезде дәрігерлерден қайран болмай қалып жатады, — дейді онколог.  Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің директоры Эльмира…

Read More

CaspianLife, 6 маусым — «Жолаушылар тасымалының» өкілдері балалар үшін пойызға билет алу және отыру тәртібін түсіндіріп, 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен сапарға шыға алатынын мәлімдеді. 15 жастан асқан бала өзі сапарға аттануы үшін ата-анасының рұқсаты туралы нотариалды куәландырылған сенімхат болуы керек. Жеткіншектерге билет ересек адамдармен бірдей бағада алынады. Ал 15 жасқа толмаған ұл-қыздар пойызға тек ересектермен бірге міне алады. 7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Ал 7-15 жастағы жасөспірімдер билетіне жеңілдіктер бар. Олар билеттің жарты бағасын төлейді. Сондай-ақ бір топ баланы пойызбен тасымалдаудың да өз ережесі бекітілген. Топтағы әр он…

Read More

CaspianLife, 6 маусым — Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылып, кері қайтарылды. Елге қатерлі азық-түлікті өткізбеуге жауапты Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облысында зарарлы 60 тонна өнімді анықтады. Биыл қазақ-өзбек шекарасы арқылы шет мемлекеттерден 1 075 автокөлікке тиелген 15 637 тонна қызанақ импортталған. ⠀ Ал фитосанитария талабына сай келмейтін 8 көлікке тиелген 29,522 тонна қызанақ кері қайтарылды. Сонымен қатар, өнімнің жасырын зарар жұқтырғанын анықтау мақсатында шетелден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыштың әрбір партиясына тиісті карантиндік фитосанитария сараптамасы жасалды. Нәтижесінде Түрікменстаннан әкелінген – 56,1 тонна, Өзбекстаннан – 4,2 тонна қызанақтан «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» табылған.…

Read More

CaspianLife, 6 маусым — Оқиға бүгін таңертең болған. Төтенже жағдайлар қызметіне Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 6 қабатты тұғын үйдің 6 қабатында орналасқан пәтерді түтін басқанын анықтады. Құтқарушылар пәтер есігі құлыптаулы болғандықтан, автосаты арқылы бөлмеге терезеден кірген. Пәтерде кішкентай баланың бар екенін анықтады. ТЖД хабарлауынша, өрт сөндірушілердің бірі 8 айлық сәбиді түтіннен қорғау үшін қалың көрпеге орап, пәтерден алып шыққан. «Апаттар медицинасы орталығының» қызметкерлері баланы тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Құтқарушылардың жедел іс әрекетінің нәтижесінде жанудың өртке ұласуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Read More

CaspianLife, 6 маусым — Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта болған. Судағы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы салдарынан 2022 жылы туған бала суға батып кетті. Қазіргі таңда баланың денесі судан шығарылып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтауда. ТЖД Маңғыстау облысының тұрғындарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Read More

CaspianLife, 5 маусым —  Бұл туралы Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова хабарлады.  «Жылыой ауданы бойынша 20 жалпы білім беру мектебі бар. Биыл 684 түлек он бірінші сыныпты аяқтап отыр. Оның ішінде, 617 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтінім берді. Түлектер қазіргі уақытта мемлекеттік емтихандар тапсыруда. Бір түлек денсаулығына байланысты, Атырау облыстық білім беру басқармасының бұйрығымен мемлекеттік емтиханнан босатылды» деді спикер. Сондай ақ, Жылыой ауданы бойынша 9 сыныпты аяқтап отырған оқушылардың 30 пайызы оқуын колледждерде жалғастыруға ниет білдірген. «Биыл Жылыой ауданы бойынша 1606 оқушы 9 сыныпты бітіреді. Қазіргі уақытта оқушылар мемлекеттік емтихан тапсыруда» деді Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова.…

Read More

CaspianLife, 5 маусым — Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, қазіргі уақытта қаланың тасқын кезінде бүлінген ықшамаудандарында қалпына келтіру жұмыстары жүруде. «Тасқын судан зардап шеккен ықшамаудандардың инфрақұрылымын қалпына келтіру басталды. Мәселен, қазіргі уақытта «Автожолшылар 2″ ықшамауданында асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сондай ақ, жоспарланған жұмыстар да қосымша атқарылуда. Мәселен, көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын, қасбеттерін қайта жаңғырту, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары жүргізілуде» деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Read More

CaspianLife, 4 маусым — 1 маусым мен 31 тамыз аралығы Маңғыстау облысындағы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарында жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің жүруіне уақытша шектеулер енгізілді. «Сала министрлігімен бекітілген құжатта ауа температурасы 25 градус нөлден жоғары болған жағдайда күндізгі сағат 10.00-ден бастап кешкі 22.00-ге дейінгі аралықта ауыр жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні көрсетілген» — дейді «Қажсервис» мекемесінің бөлім бастығы Ерлан Биялиев.​ Айта кетейік, Маңғыстау жолдарында ұлттық жол сапа орталығы, көліктік бақылау инспекциясы және полиция қызметкерлерімен бірлескен бақылау шаралары жүріп жатыр. Биыл қаңтар-сәуір айлары жылжымалы бекеттерде ауыр салмақты және ірі көлемді жүк тасымалы бойынша заңбұзушылық жасағаны үшін 73 тасымалдаушыға әкімшілік…

Read More

CaspianLife, 4 маусым — Атырау облысының полицейлері 5 айда заңсыз айналымнан 7,9 келі есірткі тәркіледі. Атырау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұхановтың айтуынша, жыл басынан бері есірткі қылмысымен байланысты 74 дерек тіркелген. «Соңғы кезде жастар арасындағы заңсыз есірткіге әуестік өзекті мәселеге айналып отыр. Мәселен, өткен жылы заңсыз айналымнан 5 келі 487 грамм есірткі тәркіленген еді. Ал, биылғы 5 айда заңсыз айналымнан 7 келі 961 грамм есірткі заттары алынды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары жедел профилактикалық іс-шаралар өткізуді қолға алды. Сондай іс-шараның бірінде Атырау қаласының тұрғыны заңсыз фитозертхана ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Күдіктіден 68 түп сора…

Read More

CaspianLife, 4 маусым — Атырау облысы бойынша қазіргі уақытта Индер және Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, облыс су тасқынының шарықтау шегінен өтті. — Қазір біз су тасқынының шарықтау шегіне жеттік, Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеуде. Су деңгейін қазіргі уақытта Индер, Махамбет аудандарында және Атырау қаласында күнделікті бақылап отырмыз. Сонымен қатар, Жайықтан тасыған су жыраларға жайылып, көп аумақты су басуына байланысты, шаруа қожалықтарына қауіп төнді. Шаруа қожалықтарының иелерінен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша «жедел желіге» келіп түскен барлық…

Read More