CaspianLife, 31 қазан. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Серік Шапкенов Махамбет ауданның тұрғындарымен кездесуде айтты. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен ауданның алдағы даму жоспары талқыланды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Шапкенов Махамбет ауданындағы өзекті мәселелерге тоқталды, оның ішінде ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды болып қала береді.
— Сапалы ауыз сумен қамту бағытына тоқталып өтсем, осы кезге дейін ауыз су тасымалданып келген Есмахан, Көздіқара, Атамбаев, Бала Ораз елді мекендеріне су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталады,-деп хабарлады облыс әкімі.
Сонымен қатар, Серік Шапкенов, бірнеше жыл бойы жөнделмеген Махамбет ауданындағы су тазарту құрылғыларының жаңартылып, пайдалануға берілгенін атап өтті. Жалғансай ауылының жазғы су желісін қайта жаңарту және жаңа ықшамаудандарға су желісін жүргізу жұмыстары келер жылы аяқталады.
«Сондай-ақ, облыс әкімі су тасқыны кезінде салынған бөгеттердің мемлекет меншігіне алынатыны атап өтті, бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар Махамбет ауданында сумен қамтамасыз ету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол салу және басқа да мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы міндеттердің өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Сонымен қатар, Серік Шапкенов жауапты мамандармен бірге тұрғындардың жеке қабылдауын өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Облыс әкімі мен Махамбет ауданы тұрғындарының кездесуі аудан әкімдігінің ресми Facebook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.
(облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен)