Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 12 қараша. Жұмыс сапарымен Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев болды. АМӨЗ баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегация құрамында сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов, оның орынбасары Әлібек Бекмұхамбетов, Атырау облыстық экология департаментінің уақытша басшысы Ерлан Есенов, мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары, сондай-ақ экология департаментінің өкілдері, KAZENERGY  ассоциациясының және «ҚазМұнайГаз» АҚ» ҰҚ өкілдері болған. Кездесу барысында «АМӨЗ» ЖШС жобалары талқыланды, олар өндірістік процестің қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған. Зауыт мамандары қонақтарға жаңа механикалық тазарту қондырғылары (МТҚ) мен ағынды суларды биологиялық тазарту станциясының жұмысы туралы айтты. 2024 жылдың мамыр…

Read More

CaspianLife, 12 қараша. 2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 2,8%-ға артып, 7 202 млн. м³-ті құрады (2023 жылы 7 008 млн. м³ өндірілген болатын). «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл өсім ресурстарды тиімді басқару мен компанияның технологиялық процестерін жетілдіруді көрсетеді. «ҚазМұнайГаз» сайтына жарияланған ақпаратта айтылғандай, «… Газ өндіру «Өзенмұнайгаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларында артты. Өсім негізінен өткен жылдың соңында Рожков кен орнын игеруге енгізумен және Шығыс Өріктау кен орнында жаңа ұңғымаларды пайдалануға енгізумен байланысты.

Read More

CaspianLife, 12 қараша. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 22 қазаннан бастап Жайық өзенінде полиция қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атырау қаласының тұрғыны, 2001 жылы туылған Яна Легкодимованың жоғалғаны туралы алғашқы ресми ақпарат 21 қазан күні жарияланды. Ол күні ТЖД баспасөз қызметі Яна 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, сол күйі қайта оралмағанын хабарлады. Екі күннен кейін, 23 қазанда, полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жоғалуы фактісі бойынша күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді. 24 және 25 жастағы екі ер адам мойындау түсініктемелерін берген. Полицияның айтуынша, қыздың денесі Жайық өзеніне қала сыртында тасталған, және Яна Легкодимованың жоғалуы бойынша «Адам…

Read More

CaspianLife, 6 қараша. Қадағалау органымен Атырау қаласында білім беру және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тексерілді. Атырау облысының прокуратурасының хабарлауынша, тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі және медициналық заңнаманы бұзу фактілері анықталған. Атап айтқанда: — Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 63 040 900 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды – 14 жеке және 42 мемлекеттік мектепке, сондай-ақ 30 жеке және 20 мемлекеттік балабақшаға. — Медицина және фармацевтика бақылау департаменті 4 287 360 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды тоғыз жеке және екі мемлекеттік мектепке, сондай-ақ 14 жеке және 8 мемлекеттік балабақшаға. — Төтенше жағдайлар басқармасы 1 218 360 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды үш жеке және…

Read More

CaspianLife, 6 қараша.  Атырау қаласында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов пен Каспий Құбыр Консорциумының бас директоры Николай Горбаньдың жұмыс кездесуі өтті. КҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде тараптар Атырау облысындағы консорциумның әлеуметтік-ізгілік қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Баспасөз қызметі Талғайран шағын ауданында (Атырау қаласының маңы) жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын екенін еске салды. Жоба 2022 жылы КҚК қолдауымен басталған болатын. Жаңа оқу орнының қажеттілігі Талғайран ықшам ауданының қарқынды дамуы нәтижесінде туындаған. «Жаңа мектептің жалпы ауданы үш гектарды құрайды, ол 900 оқушыға арналған. Мектеп ішінде медициналық пункт, екі спорт зал, 210 орынға арналған акт залы және 312 орындық асхана орналастырылады. Құрылыс…

Read More

Caspianlife, 6 қараша. Маңғыстау облысының прокуратура қызметкерлері онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу рәсімінің заңдылығын талдап шықты. Прокуратураның мәліметінше, талдау нәтижелері бойынша, қолданыстағы заң талаптарына қайшы 3-4 топтағы онкологиялық аурулармен ауыратын және паллиативті көмек алатын 661 азаматтың мүгедектік рәсімдеу және кепілді әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігі шектелгені анықталды. «Аталған науқастардың арасында, олардың бір бөлігі «Д» есебінде бес жылдан астам уақыт тұрған болса да, емдеуші дәрігерлер мүгедектік тағайындау, еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын енгізу мәселелерін көтермеген», — деп хабарлайды прокуратура. Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қазіргі таңда бұзушылықтар жойылып, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау…

Read More

CaspianLife, 5 қараша. Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры қызметіне Азилов Қайырғали Сүйіндікұлы тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов таныстырды. Қайырғали Азилов педагогика ғылымдарының магистрі. 2009-2010 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі; 2010-2015 жылдары Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған N 30 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары; 2015-2017 жылдары Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының орынбасары; 2017-2021 жылдары Nº23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директоры 2021 жылдан күні бүгінге дейін N41 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарған.

Read More

CaspianLife, 5 қараша. Бұған дейін хабарланғандай, Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 1-23 қазан аралығында жоспарлы алдын алу жұмыстары  жүргізілді.  Бұған дейін хабарланғандай, жоспардан бұрын технологиялық қондырғылар іске қосылды: каталитикалық риформинг, күкірт өндіру, жеңіл газойльді гидротазарту, нафтаны селективті гидрогенизациялау, нафтаны гидротазалау, бензин мен дизель отынының комбинирленген гидротазарту қондырғысы, ЭЛТҚ-АВҚ-3, күкірт өндірудің комбинирленген қондырғысы. Сондай-ақ, ЭЛТҚ АҚ-2 бастапқы өңдеу қондырғысын іске қосу мен баптау жұмыстары жүргізілуде деп хабарланған болатын. Каталитикалық крекинг, cұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру (Sulfrex), нафтаны селективті гидрогенизациялау (Prime G ), жұмыстар басталды. Жабдықтар кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады. 4 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баспасөз қызметі…

Read More

CaspianLife, 5 қараша. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу мәселесін түсіндіру жөнінде БАҚ-тан түскен өтініштерге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі пікір білдірді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыға үстемеақы тағайындау тек қана бюджет қаражатының үнемделуінен жүзеге асырылады. Осы қаулымен үнемдеу болған жағдайда сыйақы төлеуге болатын шығындар баптарының нақты тізбесі белгіленген (сапар шығындары, коммуналды және көлік қызметтері, байланыс қызметтері, ғимаратты жалға алу және т.б. бойынша үнемдеу). «Қазіргі уақытта аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақы төлеуді шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеуге тыйым салатын негіздер жоқ. Қаржы…

Read More

CaspianLife, 4 қараша. Мемлекет басшысының киберқылмыспен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің (Polisia.kz) ведомстволық сайтында хабарланғандай, бұл бастама азаматтардың киберқылмыстарға қарсы күрестегі өсіп келе жатқан қауіптерден қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтап, ашумен, сондай-ақ оларға қарсы күрес бойынша стратегиялық шараларды әзірлеумен айналысатын болады. «Технологиялардың қарқынды дамуы мен интернет-қауіптердің артуы жағдайында арнайы бөлімшенің құрылуы қазіргі заманның талаптарына тиімді жауап беруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Саденов. Министр жаңа департаменттің бастығы, полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды, осы салада мол тәжірибесі бар, жеке құрамға таныстырды.» …

Read More