CaspianLife, 12 қараша. 2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 2,8%-ға артып, 7 202 млн. м³-ті құрады (2023 жылы 7 008 млн. м³ өндірілген болатын).
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл өсім ресурстарды тиімді басқару мен компанияның технологиялық процестерін жетілдіруді көрсетеді. «ҚазМұнайГаз» сайтына жарияланған ақпаратта айтылғандай, «… Газ өндіру «Өзенмұнайгаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларында артты. Өсім негізінен өткен жылдың соңында Рожков кен орнын игеруге енгізумен және Шығыс Өріктау кен орнында жаңа ұңғымаларды пайдалануға енгізумен байланысты.