Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 2 шілде — Тасқын салдарынан бүлінген Атырау — Индер тас жолының 24 шақырымы уақытша қалпына келтірілді. 1 шілде күні ашылған жолмен әзірге жеңіл көліктер қатынай алады. Жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарына Атырау облысы автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 10 адам жұмылдырылып, 36 техника пайдаланылды.

Read More

CaspianLife, 2 шілде — Ақтауда балабақшада тамақты үнемдеуге қатысты ата-аналар шағымынан соң қоғамдық штаб құрылды. Мониторинг барысында балабақшада санитарлық норма да сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz.-к сілтеме жасап. -Ата- аналардың айтуы бойынша балалар бұрын балабақшаға барғысы келетін, бірақ мамандар ауысқаннан кейін балалар мазасыз, күнде ұрады деген әңгімені естиміз деп шырылдап отыр. Тамақ мәселесіне келетін болсақ жағдайға байланысты балабақша тәрбиешісі балалар менен тамақты сұрамады деп жауаптан қашып отыр. Одан бөлек ата-аналар білім бөлімінің неге мәселені толық қарамай отқанына таң қалды, — дейді мониторинг жүргізген штаб өкілдері. Аталған мәселе толықтай қағаз бетіне түсіріліп, облыс әкімінің орынбасарына жеткізіледі. Айта кетейік, бұған дейін…

Read More

CaspianLife, 2 шілде — Атырау қаласында жарықтың тарифі 35 пайызға көтерілді. Бұрын электр энергиясын тасымалдау құны 7,37 теңге болса, енді ол 9 теңге 98 тиынға дейін өсті. Бұл мәселе биыл сәуір айында өткен қоғамдық тыңдау кезінде талқыланған болатын. Тыңдау нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті монополистердің ұсынысын қабылдауды жөн көрді. Осылайша, алдағы бес жыл ішінде монополиялық субъектілер көтерілген тариф есебінен желілердің тозу деңгейін төмендетіп, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндетті болды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Өтегенов былай деді: «Инвестициялық бағдарламаның жобасы 20 миллиард теңге болатын. Бірақ департамент 15,6 миллиард теңге ғана бекітті. Бағдарламада…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) «Тар жерлерді жою бағдарламасын» жүзеге асыруды былтыр сәтті аяқтады. Биыл компания басшылығы, жүк жөнелтушілердің барлық сұранысын толық қанағаттандырып, құбыр жүйесі арқылы 72,5 миллион тоннаға дейін мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдауға мүмкіндік ашпақ. Қазір концорциум Теңіз кен орнынан және басқа өндіріс орындарынан келетін мұнайды қабылдауға дайын. Бұл туралы «Теңіз» және «Атырау» мұнай айдау стансасына жұмыс сапарымен келген КҚК бас директоры Николай Горбань мәлімдеді. Тар жерлерді жою бағдарламасы Николай Горбаньның айтуынша, компания «Тар жерлерді жою» бағдарламасы аясында инфрақұрылым объектілерін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр. Бұл жұмыстар жүйенің өнімділігі мен сапасына кері әсер етпейді. «Атырау»…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Қазақстандық лоукостер Ақтау – Стамбул – Ақтау бағытындағы авиарейстер санын арттыруда. Бұл туралы бүгін FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Қосымша рейстер 2024 жылдың 2 шілдесінен бастап сейсенбі күндері және 2024 жылдың 24 шілдесінен бастап сәрсенбі күндері ұшады. Негізгі рейстер бейсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалады, ал әуе тасымалдаушы Ақтау мен Стамбул арасындағы рейстер санын аптасына төртке дейін арттырды. 2 шілдеден бастап Стамбулға рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал 24 шілдеден бастап сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Әуе компаниясы билеттерді алдын ала FlyArystan мобильді қосымшасында немесе www.flyarystan.com сайтында сатып алуды ұсынады.…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклон және атмосфералық фронтальді бөлімдер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет «Қазгидрометтің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ және қатты жел болады. Елдің оңтүстігінде шаңды боран күтілуде. Ауа температурасының төмендеуі: солтүстікте, шығыста түнде +10+15°С, күндіз +18+28°С; республиканың орталығында түнде +10+18°С, күндіз +22+28°С; оңтүстік-шығыста түнде +15+20°С, күндіз +22+30°С. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде температура фонының  түнде +12+17°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +35+43°С-қа жоғарылауы күтілуде. Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басында ыстық күндер Республиканың басым бөлігіне қайта оралады. Айдың екінші және…

Read More

CaspianLife, 28 маусым — Қаланың сол жағалауындағы кәріз тазарту құрылғысы тәулігіне 70 мың текше метрге дейін ағынды суларды тазартуға қабілетті. Өңірлің коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, құрылғы тәулігіне 15 мың текше метр кәріз суын қабылдайды. Екінші жыл қатарынан жергілікті биотоғанға қоқиқаздар ұшып келді. Сарапшылардың пікірінше, бұл аймақтағы экологиялық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Айта кетейік, үш ай бұрын келген қоқиқаздар қыркүйектің соңы мен қазан айының басында балапандарымен бірге жылы жақққа қарай ұшады. Жайық өзенінің сол жағалауындағы кәріз тазарту құрылғысы ғимаратына кәріз  жүйесі, ағынды суларды тазарту қондырғылары, биологиялық тоғандар мен булану алаңдары, сондай-ақ тазартылған және өңделмеген ағынды суларды тазарту жүйесі кіреді. Бұл нысан қаланың экологиялық…

Read More

CaspianLife, 28 маусым — Бүгінгі таңда Атырауда есірткіге қатысты 82 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 8 кг-нан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Атырау облысының прокуратурасының хабарлауынша, қадағалау органының үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қала аумағында заңсыз «фито» зертхана ұйымдастырған Атырау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Одан құрамында есірткі заттары бар 68 өсімдік тәркіленді. «Есірткі заттарын интернет арқылы таратуды болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жүргізілген акциялар мен рейдтік іс-шаралар нәтижесінде әртүрлі сайттардан есірткі жарнамасы бар отыздан астам жазба жойылды. Жыл басынан бері «Кибер-бақылау» бағдарламасы бойынша заңсыз контенті бар алпыс сайт анықталып, оларды бұғаттау мақсатында ІІМ-ге жіберілді», —…

Read More

CaspianLife, 28 маусым — Атыраудағы жүн бұйымдарын өндіретін кәсіпорынға қатысты күрделі жағдай аймақтың да, елдің де жеңіл өнеркәсібінің дамуына кері әсерін тигізуде. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында Атырау облысынан келген сенатор Әлібек Наутиев өзінің депутаттық сауалында айтты. Отырыс ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтті. Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенатор Ә.Наутиев мемлекеттік сатып алу принциптерін қайта қарау және кәсіпорынды субсидиялау қажеттігін көтерді. Депутаттың айтуынша, табиғи жүнді өңдейтін кәсіпорын ұзақ уақыт бойы өнім шығарып, оның ішінде қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін де өнім шығарған. Алайда қазіргі уақытта компания тапсырыстардың жоқтығынан банкроттықтың алдында тұр. Мәселе 2020 жылы сатып алу ережелерінің өзгеруіне байланысты. …

Read More

CaspianLife, 27 маусым — Caspian News телеарнасының тілшісі Айдос ҚАРАБАЛА AMANAT партиясының журналистер арасында өткізген республикалық байқауының медиа сыйлығына ие болды. Журналистің «Алаш қозғалысы» туралы дайындаған материалы қазылар алқасынан оң баға алды. Айдос Қарабала бірнеше жылдан бері Алаш қозғалысы туралы тың ақпарат іздеп, өзге өңірлерге барып, тарихты түгендеп, қалың көрерменге шынайы әрі объективті ақпарат таратып келеді. Сыйлықты тапсыру салтанаты БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында өтті. Марапатты иелеріне Amanat партиясының төрағасы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Қошанов және елге белгілі өзге де тұлғалар тапсырды. Amanat партиясы журналистер арасындағы республикалық конкурсты осымен 15-рет өткізіп отыр. Биыл конкурсқа 200 адамнан 1500-ге жуық…

Read More