Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 қараша. Бүгін Атырау облысының жедел штабы терроризмге қарсы ҚР АТО аясында жоспарлы «Атырау-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуын өткізеді. Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру болып табылады. Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілетін болады. Осы ретте, қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұрайды.

Read More

CaspianLife, 13 қараша. Бұған дейін, осы жылдың ақпан айында ІTO Ltd жапон компаниясының делегациясы, сыртқы экономикалық қызмет департаментінің менеджері Хаяси Сакураның жетекшілігімен бірінші рет Атырауға келген болатын. Кеше Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев Жапониядан келген бизнес-делегация өкілдерімен қайта кездескенін өңірлік коммуникациялар қызметі  хабарлады. Бұған дейін айтылғандай, компания газбен қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтарды өндірумен айналысады. ІTO Ltd компаниясы 90 жыл бұрын Осака қаласында құрылды. «Бастапқыда біз сұйытылған газдың реттегіштерін өндіретін едік, кейін табиғи газ нарығына шықтық. Негізінен сұйытылған газбен қамтамасыз ету нысандарын жобалап, саламыз, сонымен қатар қысым реттегіштерін, клапандарды, буландырғыштарды, табиғи газ баллондарын жасаймыз. 2020 жылы Жапониядағы сатылымдар 120…

Read More

CaspianLife, 13 қараша.  Аудандағы Жасқайрат ауылында «Құрман» шаруа қожалығы мал өнімдерін өңдеуді қолға алды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сүт өңдеу цехының ресми ашылу салтанатына аймақ басшысының орынбасары Қайрат Нұртаев және аудан әкімі Қанат Әзмұқанов қатысты. Цехта тәулігіне 1 тоннаға дейін сиыр сүтін өңделеді. Кәсіп иесі Құрманбек Жаңабаевтың айтуынша, мұнда табиғи пастерленген сүт, қаймақ және айран, ірімшік өнімдері ешқандай қоспасыз өңделеді. — Алғашқы өнімді аудандағы дүкендерге жібереміз. Қазір сүттің қаншаға сатылатыны есептелу үстінде. Десек те өнімнің бағасы қолжетімді болмақ. Өйткені мал мен сүт өңдейтін жабдықтардың барлығы қожалықтың қарамағында болғандықтан, бұл өз кезегінде өнімнің арзан бағамен сатылуына септігін тигізеді. Қазіргі…

Read More

CaspianLife, 13 қараша.  Қазаннан бастап 5 мыңға жуық рецепттегі дәрілер электронды түрде берілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова мәлім етті , — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Енді азаматтарға қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылудың қажеті жоқ. Олар тікелей дәріханаға барып QR-код арқылы «Әлеуметтік әмиян» сервисімен қажетті препаратты ала алады. — Айта кетейік, жаңа сервис eGov Mobile қосымшасында орналасқан. Егде жастағы тұрғындар немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті. Содан кейін пациенттің қолына тиісті дәрі-дәрмек беріледі. Сондай-ақ, олар осы қосымша арқылы…

Read More

CaspianLife,. 13 қараша.  Бұл 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу нәтижесінде мүмкін болып отыр — деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова. Айта кету керек, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен елімізде «Мектеп-Колледж» пилоттық жобасы жасақталды. Жобаға өңірімізден Атырау сервис колледжі «Аспаз» мамандығы, Атырау көлік коммуникация колледжі «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандығы және Атырау энергетика және құрылыс колледжі «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша қатысуда. Қазір осы колледждерде пилоттық жоба бойынша 57 оқушы білім алады. Яғни олар мектептегі негізгі сабақтарынан кейін, колледжге келіп оқиды. 2024-2025 оқу жылында «Аспаз», «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандықтары бойынша…

Read More

CaspianLife, 12 қараша. S&P Global жүргізген зерттеуге сәйкес, соңғы онжылдықта ТШО-ның өндірістік қызметі Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) жыл сайын шамамен 11%-ын қамтамасыз етіп келді, ал ТШО мен оның мердігерлік компаниялары елдің мемлекеттік кірістерінің шамамен 30%-ын қамтамасыз етті. Теңізшевройл (ТШО) компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2024 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық жеткізуші компаниялардың тауарлары мен қызметтерінен түсетін табыс шамамен 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, берілген ақпаратта ТШО сатып алған тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық мазмұнның жалпы деңгейі 70%-ға жететіні нақтыланған. «Бұл деректер Теңізшевройлдың мұнай-газ өнеркәсібінде жергілікті ресурстар мен кәсіпорындарды дамыту және алға жылжыту тұрақты дамудың маңызды бөлігі екенін көрсетеді», — деп хабарлады…

Read More

CaspianLife, 12 қараша. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бөлімінің инспекторы Айбек Алимов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдің жолдарында өткен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны, 30 жүргізуші жүргізуші куәлігінсіз жүргені, ал 1 010 жүргізуші жылдамдықты асырғаны анықталды. Қалған құқық бұзушылар да жол қозғалысы ережелерін әртүрлі жағдайда бұзған. — Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 8-10 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі — жылдамдықты асырған жүргізушілер. Нәтижесінде 85 көлік айып тұрағына қойылды, 41 көліктен мемлекеттік тіркеу…

Read More

CaspianLife, 12 қараша.  Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов пен Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының жаңа бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир-оғлы Абдукаримовтың кездесуі өтті. Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде өңірдің сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылды. Сонымен қатар, тараптар Маңғыстаудың болашағы, екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамыту бағыттары туралы талқылады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері көтерілді. Ербол Ізбергенов екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, Маңғыстау облысы тарапынан толық қолдау көрсетілетінін айтты. — Біз бұл кездесудің екі ел арасындағы өзара сенімділік пен серіктестік қатынастарын нығайтуға, сондай-ақ экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жаңа…

Read More

CaspianLife, 12 қараша. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяларды реттеу комитеті 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстан аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатаң шектеулер енгізілгенін хабарлайды. Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлер  тарапынан туындайтын сұрақтар бойынша ведомство келесі түсініктемелерді ұсынады. Жарнаманы орналастыруға тыйым салу: Сыртқы жарнама: Көшелерде, ғимараттардың қасбеттерінде, көлік құралдарында және сыртқы құрылымдарда жарнамаға толық тыйым салынған. Бұл ереженің букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың орналасқан жерлеріне, спорт ғимараттарының ішіне және спортшылардың киімдеріне қатысы жоқ. Букмекерлік кеңселердің логотиптері мен сауда белгілерін басқа бизнес салаларының жарнамасында қолдануға болмайды. ⠀ Бұқаралық ақпарат құралдары: Еліміздегіспорт телеарналарын қоспағанда,…

Read More

CaspianLife, 12 қараша. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автосатушыларға қатысты антимонополиялық шаралар қабылдады. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, «Астана моторс» Моторлық компаниясы, «Orbis Auto», «Mercur Autos», «Toyota Tsusho Kazakhstan», «Автоцентр Актобе», «Zhayik Motors», «Евразия Моторс Шымкент» және басқа да компаниялар қосымша жабдықтар, аксессуарлар және басқа да қызметтерді тұтынушыларға міндеттейді. БҚДА араласу нәтижесінде автокөлік сатушыларға қатысты антимонополиялық шаралар қабылданып, қосымша жабдықтар мен қызметтерді тұтынушыларға күшпен сату практикасы қысқартылды. Бұл шаралар автокөліктердің жалпы құнын арттырып, тұтынушылардың таңдауын шектейтін мәжбүрлі сату практикасын азайтуға көмектесті. «Еске сала кетейік, 2022 жылы жаңа автокөліктердің тапшылығы аясында жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы…

Read More