CaspianLife, 19 қараша. Махамбет ауданында орналасқан көпір қазір жартылай жабық. Жол ортасында жарық пайда болуына байланысты, жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Ал жеңіл көліктер жәй жылдамдықпен ғана өтеді. Жақын күндері көпірдің техникалық жағдайы тексерілмек. Бұл алдағы уақытта жасалатын жұмыс көлемін анықтау үшін қажет. Жарық жолдың тура ортасында пайда болған. Мамандар «бұл — деформациялық жіктің желімі ашылып кеткеннен болуы мүмкін дейді. Аса қауіпті емес», -дейді. Егер жағдайдың бұдан да күрделі екендігі анықталса, көпірдің ұзаққа жабылуы ықтимал. Бұл көпір арқылы тек Ресейден келетін жүк көліктері емес, Еуропаға және кері бағытта басқа елдерден келе жатқан ауыр машиналар да өтеді. Облыстың транзиттік әлеуетін арттырып…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 қараша. Жылыой ауданында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында азық-түлік дүкенінде вейп өнімдерінің сатылып жатқанын анықтаған. Тергеу кезінде 31 жастағы кәсіпкердің өз дүкенінде заңсыз темекі өнімдерін саудалағаны белгілі болды. Тексеріс барысында 123 дана вейп өнімдері және 5 дана насыбай өнімдері табылып, тәркіленді. Күдікті кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, 2024 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл заң 20 маусымда күшіне енген және Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын нормаларды қамтиды. Заңсыз вейп өнімдерін сатқандарға 200…
CaspianLife, 19 қараша. Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен тонау жасап, халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz телеграм каналында жарияланды. 2018 жылы қаскүнем Ақтау тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, оны тонап кеткен. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.
CaspianLife, 19 қараша. Кеше облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы жиында өңірлік Ассамблея жұмысының маңызына тоқталып, этносаралық тұрақтылықты сақтауда бірлескен жұмыстар жалғаса беретінін айтты. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет екенін баса айтты. Бұл айналамыздағы геосаяси ахуал күрделеніп тұрған қазіргідей сын сағатта аса маңызды. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Бұл тұрғыда баршаңыз татулық жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін. Тәуелсіздік пен отаншылдық бірлік пен ынтымақтың негізін қаласа, әділдік…
CaspianLife, 18 қараша. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс…
CaspianLife, 15 қараша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Үкімет субсидия берудің ашық болуын толық қамтамасыз етуі керегін айтты. «Бүгін — Ұлттық валюта күні. Төл валютамыз — тәуелсіздіктің символы. Теңгенің тұрақтылығы Қазақстан экономикасының орнықты дамуына ықпал етеді. Мемлекеттің қаржы саясаты бірінші кезекте нақты сектордың өркендеуіне бағытталғаны дұрыс. Бұл салада мемлекеттік қолдаудың ауқымдылығын ескере отырып, есептеу мен қадағалаудың тиімділігін жолға қою қажет. Менің тапсырмам бойынша ауыл шаруашылығындағы статистиканы бұрмалау, жалған құжат толтыру, көзбояушылық фактілерін түп-тамырымен жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде біз саланың нақты жағдайын бағамдай аламыз, экономикалық шығынға соқтыратын тиімсіз шешім қабылдамаймыз. Үкімет субсидия берудің ашықтығын толық…
CaspianLife, 15 қараша. Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды. Шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді. Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді: Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат — азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер — азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат. Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар…
CaspianLife, 15 қараша. Қазақстанның Ұлттық Банкі мен Ұлттық төлем корпорациясы (ҰТК) банкаралық QR-төлемдерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. ҚР Ұлттық Банкінің сайтына сәйкес, алғашқы транзакцияның демонстрациясы 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында, екінші деңгейлі екі банк қатысқан жағдайда жүзеге асты. Ары қарай түсіндірілгендей, Банкаралық QR-төлемдер сервисі Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымның (ҰЦҚИ) құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, ол азаматтарға жылдам және ыңғайлы QR төлемдерін жасау мүмкіндігін береді. «Банкаралық QR-төлемдерді енгізу, әсіресе, бизнеске әр түрлі банктердің бірнеше терминалдарын орнату шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, ал азаматтар кез келген банктің терминалы арқылы QR-кодпен төлем жасауға мүмкіндік алады. Өз кезегінде, банктер банкаралық…
CaspianLife, 15 қараша. Ресейдің Қазан қаласында белбеу күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында атыраулық спортшылар ел қоржынына бір алтын, бір қола медаль салды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 95 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрмұхаммед Мугалов алғашқы кезеңде өзбек және орыс палуанын жеңді. Соңғы белдесуінде Казан қаласының спортшысын тізе бүктіріп, алтын медаль иеленді. Ал Диас Ерболатов 55 кг салмақпен екі белдесуінде де есе жіберіп, үшінші кезеңде қырғыз палуанын ұтты. Кейін 3-орынға таласта тәжік спортшысын жеңіп, қола медаль қанжығалады. — Қазақстан құрамасында Атырау облысынан 3 спортшы бар. Ал өңірлік делегациямен чемпионатқа Диас Ерболатовтың жеке бапкері Асылан Чапаев және облыстың аға жаттықтырушысы…
CaspianLife, 15 қараша. 2024 жылғы 24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 1 034 итбалықтың мүрдесін тапты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мониторинг жүргізу және ғылыми ұйымдармен, атап айтқанда Гидробиология және экология институты, Итбалықтарды зерттеу және оңалту орталығы, сондай-ақ Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен жұмыс барысында өлген жануарлардың тіндері зерттеулер жүргізу үшін ішінара алынған. «Балық шаруашылығы комитеті табиғи құбылыстар, соның ішінде су астындағы жер сілкіністері салдарынан табиғи газдардың шығарындылары себеп болуы мүмкін деп болжайды. Итбалықтардың қырылу себептері туралы түпкілікті тұжырымдар ғылыми ұйымдардың мәліметтері бойынша…
