CaspianLife, 19 қараша. Атырау облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес тобы дабыл қағуда. Өйткені интернет алаяқтарының құрбаны күн санап көбейіп келеді. Жыл басынан бері өңірдегі алданып қалған 900-ден астам адамның 40 пайызы мемлекеттік қызметкер. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында полицейлер мектеп директорларымен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Алаяқтар әрқашан бір қадам алда жүреді дейді полицейлер. Олардың сөзінше, соңғы уақытта интернет аалаяқтықтың дипфейк деген тағы бір түрі шығып жатыр. Киберқылмыскерлер нейрожелі көмегімен нақты бір адамның дауысын және бет-бейнесін пайдаланады. Мысалы, алаяқ мессенджердің видеоқоңырау қызметі арқылы өзін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, таныстыруы мүмкін. Ескерте кететін жайт – алаяқтың көбісі Украина немесе…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 қараша. Келесі жылы Қазақстанда жетім балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізілмек. Яғни ата-анасынан айырылғандар балалар үйіне емес, бірден отбасыға жіберіледі. Бірақ оның өзіндік талап-міндеті бар. Мысалы ол отбасының толық болуы және арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Бір отбасыға 4 балаға дейін орналастыруға рұқсат етіледі. Атырауда өткен «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел басына жиналғандар осы тақырыпты талқылап, көпшілікке кәсіби қабылдаушы отбасы туралы түсінік беруге тырысты. Іс-шараны «Ұлттық бала асырап алу» агенттігінің өкілдері ұйымдастырған. Бүгінде асыраушысынан айырылған балаларды қамқоршымен қамтудың бірнеше жолы бар. Ол асырап алу, қамқоршылыққа алу, патронат болу, қабылдаушы жанұяға беру. Бесіншісі — осы кәсіби қабылдаушы…
CaspianLife, 20 қараша. Атырау облысы полиция департаменті жыл басынан бері ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін 575 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың 143-і әкімшілік қамаққа алынса, ал 302 азаматқа айыппұл салынған. Бұл көрсеткіш қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Бүгінде тұрғындар тарапынан қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарайтындар, қоқыс пен қалдықтарды кез келген жерге лақтыратындар және азаматтардың тыныштығын бұзатын жағдайлар көп кездеседі. Мәселен, 11 қыркүйек күні сағат 01:15 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінде 34 жастағы ер адам 36 жастағы ер адамға қол көтеріп, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл іс бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады. Бұдан…
CaspianLife, 20 қараша. Көрмеге қойылған 272 экспонаттың қатарында Қазақстаннан табылған 8-ші Алтын адам бар, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сондай-ақ, мұражайға 2019 жылы Темір ауданы Тасқопа қорымынан табылған құнды жәдігерлер қойылған. Олардың арасында б.з.б. VI-I ғасырдағы Сақ-Сармат мәдениетіне тиесілі садақ және оқ қабынан тұратын алтын горит, грифон түріндегі зооморфты жапсырмалар, құбырлы цилиндрлік тізбекшелер, сүйектелген қамшы сабы, әшекей және діни-ғұрыптық бұйымдар мен қару-жарақ, ат әбзелдері бар. — Жылжымалы мұражай осыған дейін Қызылорда қаласына болды, бұдан кейін де бұл жобамыз жалғасын табады. Көрменің басты жәдігері алтын адамға «Тасқопа көсемі» атауын бердік. Оны қорымнан тауып, реконструкциясын қалыптастырған біздің мұражайдың реконструктор-суретшісі Болат Атыраубаев,…
CaspianLife, 20 қараша. «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 21 қарашада сағат 11:00-де ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды. (Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы)
CaspianLife, 20 қараша. 20 қараша күні сағат 05:30 шамасында Актөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 480 шақырым тұсында маркасы Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жолдан шығып, аударылған. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады. Оқиға салдарынан автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарын алып, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
CaspianLife, 19 қараша. Қазақстанда білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізу жоспарлануда. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті. «Қазіргі уақытта 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, осы мақсатта жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді», — деді Ғани Бейсембаев. Оқу-ағарту министрлігі тамақтану сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдады, тиісті нормативтік құқықтық талаптар бекітілді. Оның ішінде: 1. Білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормалары…
CaspianLife, 19 қараша. Бұл туралы үкімет отырысында Сауда министрі Арман Шаққалиев айтты. Үкімет бұл шешімді қолдады. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл – ғылым тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тасырамын”, — деді Бектенов.
CaspianLife, 19 қараша. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналында жарияланды. Үкімет отырысында Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет шаралар кешенін іске асыруда. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына Институттың биыл толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды. Инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аударылады.…
CaspianLife, 19 қараша. 8 млн-ға жуық қазақстандық табысы туралы декларациядан босатуды ұсынып отыр. Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Мәселен, жүйенің төртінші кезеңіне сәйкес, 2025 жылы 8 млн-ға жуық қазақстандық оның қатысушылары болады. Бұл жеке құрылымдардың қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге, студенттерге және азаматтардың басқа санаттарына қатысты. Автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды активтер мен міндеттемелер туралы есептілікті ұсынудан босату ұсынылады. Бастама осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді. «Бұл ретте декларациялауды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар, бір жыл ішінде құны 20…
