Caspianlife, 25 қараша. Ғимараттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және сала мамандары мен ардагерлері қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Өрт сөндіру депосы аудандардың ішінен алғаш рет Қызылқоғада ашылды. Жаңа ғимарат қызылқоғалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Өрт сөндіру бөлімінің жаңартылған базасы аудан аумағында орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға тез әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді»,- деді С.Шәпкенов. Шара барысында ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың қауіпсіздік сақтаудағы жауапты қызметін атап өтті. Аудандағы ескі өрт сөндіру бекеті көптеген жылдан бері типтік емес ғимаратта орналасты. Жаңа өрт…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 қараша. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Ресейдің ашық акционерлік қоғамы (ААҚ) «Татнефть» Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр болатын алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға кірісті. «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрғылау жұмыстарының басталуына ҚМГ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Татнефть» бас директоры Наиль Маганов және ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысты. «Қаратон Подсолевой учаскесінде алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы — Қазақстанның ресурстық базасын нығайту үшін маңызды қадам. Бұл жоба қорларымызды ұлғайтуға және жер қойнауының күрделі учаскелерін игеруге бағытталған стратегиялық басымдықтарымызға деген берілгендігімізді көрсетеді. Біз «Татнефть» компаниясымен бірлескен күш-жігеріміздің нақты нәтижеге әкелетініне және елдің мұнай-газ әлеуетіне айтарлықтай үлес…
CaspianLife, 25 қараша. «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтың бастамасымен Атырау облысындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасына қатысушылардың кеңейтілген отырысы Катардың астанасы Доха қаласында өтті. Бұл туралы «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы тобының ресми ақпараттық Telegram арнасында хабарланды. Хабарламада көрсетілгендей, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшылығы, PIH (Power International Holding), KCG, HBP компаниялары жобаны жеделдету мүмкіндіктерін талқылады. Аталған мердігер-компаниялардың акционерлері «QazaqGaz» және UCC Holding басшылығына жобаны жүзеге асыру барысы, міндеттері мен оны жеделдету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. «UCC Holding компаниясы Қашағандағы газ өңдеу зауытындағы 75% үлесті сатып алу мәмілесі аяқталды, транзакция процесі басталды. Бұл жобаның операциялық бақылауы…
CaspianLife, 25 қараша. Астрахань облысындағы «Қараөзек» өткізу пунктінде жабдықтау жұмыстары жүргізілуіне байланысты 2024 жылдың 25 қарашасы мен 16 желтоқсаны аралығында көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі. Астрахан облысының көлік және жол инфрақұрылымы министрлігінің хабарлауынша, жұмыстар өткізу пунктінің кіру топтарының жабдықтарын жөндеуге бағытталған. Осыған байланысты, министрлік азаматтардан жол жүруді алдын ала жоспарлауды сұрайды, бұл өткізу пунктінде көлік құралдарының мәжбүрлі тоқтап қалуын болдырмау және жұмыстар жүргізілетін уақытта басқа қозғалыс жолын таңдауға көмектеседі. (Сурет ашық көздерден алынған)
CaspianLife, 22 қараша. 2024 жылдың 7 қарашасындағы Ресей Федерациясы Үкіметінің №1510 қаулысына сәйкес, Ресейде шетел азаматтарынан (оның ішінде Қазақстан азаматтарынан) және азаматтығы жоқ тұлғалардан елге кіргенде және шыққанда биометриялық деректер жинау бойынша эксперимент жүргізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сайтында хабарланды. Эксперименттің алғашқы кезеңінде, 2024 жылдың 1 желтоқсаны мен 2026 жылдың 30 маусымы аралығында, Қазақстан азаматтары Мәскеудегі халықаралық әуежайларға (Домодедово, Шереметьево, Внуково және Жуковский) келген кезде, сондай-ақ Орынбор облысындағы Маштаково автокөлік өткізу пунктінен өткен кезде, биометриялық деректерді – беттің суреті мен саусақ іздерін тапсыруға міндетті болады. Екінші кезеңде, 2025 жылдың 30 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін эксперимент…
CaspianLife, 22 қараша. Атырау мұнай өңдеу зауытында іске қосу операциялары аяқталғаннан кейін баяу кокстеу қондырғысы (УЗК) технологиялық режимге толығымен шығарылды. Бұл туралы АМӨЗ сайтында жарияланды. Баяу кокстеу қондырғысының іске қосылуы ашық түсті мұнай өнімдерін өндірудің тәуліктік көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді: автобензиндер 6 200 тоннаға дейін, дизель отыны 4 500 тоннаға дейін. Мұнайды тәуліктік өңдеу 16 300 тоннаны құрайды. ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес қараша айында МӨЗ шамамен 160 000 тонна автобензин және 116 000 тонна қысқы дизель отынын өндіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеуде. Тауарлық өнімді жөнелту кідіріссіз жүзеге асырылып жатыр. (Сурет: АМӨЗ сайты)
CaspianLife, 22 қараша. Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері білім беру ұйымдарын мониторингтеу барысында заңбұзушылықтарды анықтады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 2024 жылдың басынан бастап білім беру мекемелеріне жүргізілген тексеріс нәтижесінде 58 мектептің білім беру қызметі үшін лицензиясы болмағаны анықталды. Бүгінгі таңда олардың 17-сі білім беру қызметі бойынша талаптарға сәйкес келтірілді. Лицензиясыз жұмыс істеген мектептерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 463-бабы бойынша сот шешімімен айыппұл салыныпты. «Негізінен олар Астана мен Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан», — деп нақтылады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің…
CaspianLife, 22 қараша. Атырау қаласының №2 сотында «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрыңғы бас директорының үстінен қылмыстық іс қаралды. Ол өз өкілеттіктерін тиісінше орындамауда айыпталуда (ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы, 2-бөлігі). Қалалық №2 соттың хабарлауынша, айыпталушы, сотталушы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға бола тұра, жүйелердің тиімді жұмыс істеуі және өндірістік мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі заң және кәсіпорын жарғысының талаптарының орындалуын қамтамасыз етпей, мердігер-ЖШС кепілдік міндеттемелері шеңберінде жылу алмастырғышты жөндеуге шаралар қабылдау мүмкіндігіне ие бола тұра, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сатып алу туралы тендер жариялаған. Нәтижесінде жылу алмастырғышты жөндеуге шамамен 2 млрд. теңге негізсіз қаражат бөлінген. Соттың мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің…
CaspianLife, 22 қараша. Премьер-министр Олжас Бектенов Украина айналасындағы жағдайға байланысты мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел кеңеске қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің жетекшілері қатысты. «Үкімет басшысы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан стратегиялық және инфрақұрылымдық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тыңдап, мемлекеттік органдардың әрекеттерін күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік байланысының қауіпсіздігі, тіршілік әрекетін қамтамасыз ету нысандарының жұмысын қамтамасыз…
CaspianLife, 22 қараша. Кеше таңертең Астрахань облысының Ахтубинск ауданында (облыстың солтүстік бөлігінде) ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (ҰҰА) шабуыл жасау қаупі жарияланды. Бұл туралы аудан басшысы Владимир Михед хабарлады. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өз Telegram арнасында радиоэлектронды күрес және әуе қорғанысы қызметтерінің қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын жазды. Ол өңір тұрғындарын сабырлы болуға шақырды. Губернатор сондай-ақ аналитиктердің жалған ақпараттардың чаттар мен аудандар топтарына таратылуын байқап жатқанын айтып, азаматтарды тек тексерілген ақпаратқа сенуге шақырды. «Барлық қызметтер қалыпты түрде жұмыс істеді. ҰҰА-ның бір бөлігі радиоэлектрондық құралдарымен жойылып, қалғаны әуе қорғанысы құралдарымен атып түсірілді, оның жұмысын тұрғындар да естіді. Атып түсірілген ұшқышсыз ұшатын аппараттың…
