Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 қараша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін премьер-министрге, Президент Әкімшілігінің жетекшісіне, барлық күштік құрылымдардың басшылары мен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, «…Қазақстан Парламентінің палаталарының төрағалары қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілген. Елдегі жағдай Президенттің жеке бақылауында». Сонымен қатар, ол Қазақстан үшін негізгі стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заңдылық пен тәртіпті сақтау екенін атап өтті. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қазақстанның екі славян халықтары арасындағы әскери қақтығысты келіссөздер арқылы тоқтату қажеттігін бірнеше рет…

Read More

CaspianLife, 21 қараша.  Келер жылы Маңғыстау өңіріндегі «Жыланды» мүйісі туристік орын ретінде абаттандырылып, Бекет Ата жолының бойынан саяхаттаушылар үшін визит-орталығы салынады. Бұл туралы Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың аудан халқымен кездесу жиынында мәлімдеді. Қарақия ауданының бас жоспарына сәйкес, теңіз жағалауынан «Жыланды» мүйісіне дейін туризмді дамыту үшін арнайы жер бөлінді. Бүгінгі күні «Жыланды» мүйісін туристік орын ретінде дамыту мақсатында жоба жасақталып жатыр. Сонымен қатар, Бекет Ата жолының бойынан «Визит Ақтау» ЖШС визит-орталығын салмақшы. Жоба құны 200 млн теңге. Онда өңірдің туристік әлеуеті жайлы толық ақпарат жинақталады. Мамандар туристерге қандай саяхат түрін таңдау керегі жайлы бағыт береді. Саяхаттаушылардың…

Read More

CaspianLife, 21 қараша.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қызметті алу жолдарын атады. «Елімізде мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде балаларға да абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде санаториялық-курорттық емдеу қызметі ұсынылады. Бұл қызмет мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күнтізбелік жылда бір рет 14 тәуліктен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаториялық-куророттық ұйымда болу құнын санаториялық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар. Санаториялық-курорттық емдеуді ұсынуға өтінішті қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде беруге болады», – деп мәлімдеді ведомство. 

Read More

CaspianLife, 21 қараша. Қазақстан азаматтарына Өзбекстанға баруды жеңілдету жоспарлануда. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев хабарлады. Gazeta.uz-дің мәліметінше, Өзбекстан Қазақстан азаматтарының шекарадан өтуін жеңілдететіні туралы 20 қарашада мәлімдеген. Ол қыркүйек айынан бастап Қырғызстан азаматтары Өзбекстанға тек ID-карталарымен кіре алатынын атап өтті. Сол сияқты, Өзбекстан билігі Қазақстан мен Тәжікстанмен де осындай тәртіп енгізуді жоспарлап отыр. Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның достық елдер мен серіктестерді кеңейтуді және көршілес елдермен аймақтық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейтінін айтты. Орталық Азиядағы басқа мемлекеттермен, оның ішінде Қазақстанмен өзара іс-қимыл Өзбекстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. (Сурет: Gazeta.uz Президенттің баспасөз қызметі)

Read More

CaspianLife, 21 қараша. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) қолданылуын ұзарту (қайта бастау) рәсімдері жүргізілуде. Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім аясында бажсыз жеткізу жағдайында ресейлік мұнай өнімдерін импорттау мүмкіндігі бар. Осыған байланысты Келісімнің қолданылуын қайта бастау туралы хаттамаға қол қоюға Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы дайындалды (2024 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін). Келісім жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Read More

CaspianLife, 21 қараша.  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаны белгілеу туралы бұйрықтың қолданылуын тоннасына 45 158 теңге деңгейінде ұзарту туралы НҚА жобасын жариялағанын хабарлайды. . Бұйрық жобасына сәйкес шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Read More

CaspianLife, 21 қараша. Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылық министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.  Ауыл шаруашылық министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылмаған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш. Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары: 1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе…

Read More

CaspianLife, 21 қараша. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы мәлімет берді. Осы өзгерістердің нәтижесінде, көптеген әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды. Атап айтқанда: 1. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК): 3 692 теңге мөлшерінде белгіленді. 2. Ең төменгі зейнетақы: 57 853 теңге болады. 3. Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД): 43 407 теңге мөлшерінде белгіленді. 4. Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері: 28 215 теңге деп белгіленді. 5. Зейнетақы төлемдерінің арттыруы: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9%-ға артады. Бұл өзгеріс жасы мен еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдеріне…

Read More

CaspianLife, 21 қараша.  18-29 қараша аралығында мейірбике ісіндегі коммуникация және менеджмент дағдылары бойынша Германияның Дюссельдорф қаласындағы клиникаларда облыстың 10-ға жуық орта буын медицина қызметкері тағылымдамадан өтуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Орта буын медицина мамандары менеджмент, дәрігермен, пациентпен және науқастың туыстарымен клиникалық мәселелерді тиімді шешу, медициналық этика, биоэтика сынды маңызды тақырыптар талқыланатын шеберлік сағаттарына қатысады. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сай қазіргі уақытта дәрігерлердің бірқатар функциясы орта буын медицина қызметкерлеріне жүктелгендіктен, медбикелердің біліктілігін арттыруға аса мән берілуде. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова. Еске сала кетейік, 2022 жылы облыстағы…

Read More

CaspianLife, 20 қараша. QAZAR AIR әуекомпаниясы 1 желтоқсаннан бастап Ақтөбеден Атырауға күнделікті тұрақты рейстерді келесі кесте бойынша орындайтын болады: Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері: IQ 395 Ақтөбе (17:50) – Атырау (19:10) IQ 396 Атырау (19:50) – Ақтөбе (21:10) Сейсенбі, бейсенбі сенбі және жексенбі күндері: IQ 395 Ақтөбе (09:10) – Атырау (10:40) IQ 396 Атырау  (14:50) – Ақтөбе (15:50) Әуебилеттің құны бір бағытқа 13 000 теңгеден басталады. (Ақпарат ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі)

Read More