CaspianLife,. 13 қараша. Бұл 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу нәтижесінде мүмкін болып отыр — деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.
Айта кету керек, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен елімізде «Мектеп-Колледж» пилоттық жобасы жасақталды.
Жобаға өңірімізден Атырау сервис колледжі «Аспаз» мамандығы, Атырау көлік коммуникация колледжі «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандығы және Атырау энергетика және құрылыс колледжі «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша қатысуда.
Қазір осы колледждерде пилоттық жоба бойынша 57 оқушы білім алады. Яғни олар мектептегі негізгі сабақтарынан кейін, колледжге келіп оқиды.
2024-2025 оқу жылында «Аспаз», «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандықтары бойынша 27 оқушы диплом алады — деп жоспарлануда.