Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 қазан. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ресейдің «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесу өткізді. «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр болатын алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылау жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған. «Қаратон Подсолевой учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған кен орындарының жанында орналасқан», — деп нақтылайды ҚМГ баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта. Сонымен қатар тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. 2024 жылғы 21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен…

Read More

CaspianLife, 31 қазан. Аймақ басшысы Серік Шапкенов жұмыс сапары барысында Махамбет ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Шапкенов алдымен Талдыкөл ауылындағы кіре беріс жолдың жағдайын тексерді. Жалпы ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын жолдың қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылдың тамызында басталғанымен, негізгі бөлігінің тығыздығы нормаға сай емес. Осыған байланысты жобаға түзету жұмыстары басталды. «Содан кейін облыс әкімі Талдыкөл ауылында Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта Талдыкөл  ауылының судан қорғану бөгеті үш шақырымды құрайды. 2025 жылы су тасқынының алдын алу мақсатында 2,1 км бөгетті қайта жөндеу және 500 метр жерге уақытша қапшық төсеу жоспарланған, жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.…

Read More

CaspianLife, 31 қазан.  Бұл туралы бүгін облыс әкімі Серік Шапкенов Махамбет ауданның тұрғындарымен кездесуде айтты. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен ауданның алдағы даму жоспары талқыланды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Шапкенов Махамбет ауданындағы өзекті мәселелерге тоқталды, оның ішінде ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды болып қала береді. — Сапалы ауыз сумен қамту бағытына тоқталып өтсем, осы кезге дейін ауыз су тасымалданып келген Есмахан, Көздіқара, Атамбаев, Бала Ораз елді мекендеріне су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталады,-деп хабарлады облыс әкімі. Сонымен қатар, Серік Шапкенов, бірнеше жыл бойы жөнделмеген Махамбет ауданындағы су тазарту құрылғыларының жаңартылып, пайдалануға…

Read More

CaspianLife, 30 қазан. «Қазақстандық автомобильдік одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Анар Мақашева үкімет отырысында машина жасау саласындағы қазіргі жағдай туралы хабарлады. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі аппаратының баспасөз қызметі хабарлағандай, машина жасаудың жалпы көлеміндегі автомобиль жасау үлесі 39,4%-ды құрады, ал отандық автомобильдердің жаңа көліктердің жалпы сатылымындағы үлесі 63%-ға жетті. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 130 мыңнан астам жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника шығарылады деп күтілуде. Автоөндірушілердің алдында тұрған негізгі проблемалардың қатарында логистика, сондай-ақ Қазақстанға «қылмыстық» өткені бар және техникалық регламентке сәйкес келмейтін автомобильдерді әкелу ісі тұрғаны атап өтілді.  Осыған байланысты Премьер-министр мемлекеттік органға көлікті «көлеңкелі» жеткізу ісімен айналысуды тапсырды. “Бұл мәселе өте…

Read More

CaspianLife, 30 қазан. Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов «ЭксонМобил Апстрим Компани» аға вице-президенті Джон Уиланмен және «ЭксонМобил Қазақстан Инк» компаниясының басқарушы директоры Сесиль Ролинмен кездесті. Ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру барысын талқылады. Мәселен, Теңізде «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы «Болашақ кеңейту/Сағалық қысымды басқару жобасы» (БҚЖ-СҚБЖ) жобасы аясында биыл СҚБЖ нысандарын пайдалануға беруге кірісті. Қашаган кен орнын игеру туралы айтқан А. Хасенов «ҚазМұнайГаз» үшін жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін сақтаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол жобалар, атап айтқанда, екі газ өңдеу зауытын салу және өндіруді арттыру, сәтті жүзеге асырылуы үшін барлық серіктестер,…

Read More

CaspianLife, 30 қазан. «Kazakhstan Petrochemical Industries» компаниясының пайда болуымен Қазақстан полипропилен өндірісінде жаңа деңгейге жетті, бұл мұнай-газ химиясы саласының және жалпы экономиканың дамуына елеулі үлес қосты. «Kazakhstan Petrochemical Industries» (KPI) ЖШС сайтында жарияланған хабарламада компанияның елдің ішкі нарығындағы позициясын нығайтып, полимер өнімдерін өндірушілер үшін жаңа өсу және даму мүмкіндіктерін ашқаны атап өтілді. Қазақстандағы гомополимер полипропиленге деген ішкі сұраныс жылына шамамен 45 мың тоннаны құрайды. KPI кешені бұл қажеттілікті көлемдерімен (кешеннің жобалық қуаты жылына 500 мың тонна) және маркалық ассортиментімен қамтамасыз етеді. 2022 жылға дейін Қазақстандағы полипропилен нарығы импортқа өте тәуелді болды, ол шамамен 60%-ды құрады. KPI газ-химия кешенінің іске қосылуымен…

Read More

CaspianLife, 30 қазан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармаларының басшылары тағайындалу тәртібі өзгерді. Енді барлық кандидаттар туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссияның мақұлдауын алу міндетті. Комиссияның жұмысын министр Ербол Мырзабосынов басқарады. Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде өңірлердің қандай спорт түрлерін дамыту керектігін өз бетімен шешу мәселесіне назар аударды. Осыған орай, ол Үкіметке спорттағы басқару вертикалін барлық деңгейде қалпына келтіруді тапсырды. Комиссия бағалау жүргізу кезінде кәсіби тәжірибе, спорт саласын дамыту жоспарының болуы, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджменті бойынша білімдерді ескереді. «Кандидаттар жергілікті атқарушы органдар мен министрлік тарапынан ұсынылуы мүмкін. Жергілікті органдар Комиссияның келісімінен өткен үміткерлерді тағайындайды»,…

Read More

CaspianLife, 30 қазан. Маңғыстау облысында бюджеттік кредиттер мен халықаралық қаржы ұйымдарының займдарын тиімсіз және мақсатсыз пайдаланудың фактілері анықталды. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының  баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік борышты және жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару бойынша аудиттер облыстарда Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасымен жүргізілген. Инфрақұрылымдық объектілер мен тұрғын үй құрылысын салу және жаңғырту кезінде тартылған займдарды пайдалану нәтижелерінің жетіспеушілігі анықталды. Кейбір жағдайларда тартылған займдар депозиттерде қосымша табыс алу мақсатында орналастырылған, бұл қаражатты жоспарланған мақсаттардан аластатуға әкелді. Аудит нәтижесінде облыста займдық қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылау, сондай-ақ кредиттік міндеттемелерді уақтылы қызмет көрсету мен өтеу жөнінде бақылаудың жеткіліксіздігі байқалды. Маңғыстау облысында аудиторы анықтады: —…

Read More

CaspianLife, 29 қазан. Бүгін облыс әкімі Серік Шапкеновтің Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичпен кездесуі өтті. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кездесуде тараптар мұнайлы өңірге инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Алешка Симкич Серік Шапкеновке жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастық және бірлескен жобалар туралы пікір алмасты. — Мен Атырау облысына ресми сапармен алғаш рет келіп отырмын. Осы кездесу біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін беретіндігіне үміттенемін. Бүгінгі күні Еуропалық Одақтың (ЕО) 90% тауар айналымы мұнай-газ секторымен қамтамасыз етілуде. Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда транспорт саласына назар аударудың қажеттілігі бар деп есептеймін. Сонымен қатар, біз теңіз портының мүмкіндіктері туралы білгіміз келеді, себебі осы…

Read More

CaspiabLife, 29 қазан. Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылғы 28 қазан мен 3 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Атырау облысының Білім басқармасы хабарлағандай, мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде — «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы; «Буллингтен қорған!» атты қауіпсіздік сабағы; мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» атты жәрмеңкесі; мектеп театрының жұмысын ұйымдастыру ұсынылады. Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге…

Read More