Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 6 қараша. Маңғыстау облысының прокуратура қызметкерлері онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу рәсімінің заңдылығын талдап шықты. Прокуратураның мәліметінше, талдау нәтижелері бойынша, қолданыстағы заң талаптарына қайшы 3-4 топтағы онкологиялық аурулармен ауыратын және паллиативті көмек алатын 661 азаматтың мүгедектік рәсімдеу және кепілді әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігі шектелгені анықталды. «Аталған науқастардың арасында, олардың бір бөлігі «Д» есебінде бес жылдан астам уақыт тұрған болса да, емдеуші дәрігерлер мүгедектік тағайындау, еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын енгізу мәселелерін көтермеген», — деп хабарлайды прокуратура. Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қазіргі таңда бұзушылықтар жойылып, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау…

Read More

CaspianLife, 5 қараша. Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры қызметіне Азилов Қайырғали Сүйіндікұлы тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов таныстырды. Қайырғали Азилов педагогика ғылымдарының магистрі. 2009-2010 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі; 2010-2015 жылдары Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған N 30 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары; 2015-2017 жылдары Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының орынбасары; 2017-2021 жылдары Nº23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директоры 2021 жылдан күні бүгінге дейін N41 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарған.

Read More

CaspianLife, 5 қараша. Бұған дейін хабарланғандай, Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 1-23 қазан аралығында жоспарлы алдын алу жұмыстары  жүргізілді.  Бұған дейін хабарланғандай, жоспардан бұрын технологиялық қондырғылар іске қосылды: каталитикалық риформинг, күкірт өндіру, жеңіл газойльді гидротазарту, нафтаны селективті гидрогенизациялау, нафтаны гидротазалау, бензин мен дизель отынының комбинирленген гидротазарту қондырғысы, ЭЛТҚ-АВҚ-3, күкірт өндірудің комбинирленген қондырғысы. Сондай-ақ, ЭЛТҚ АҚ-2 бастапқы өңдеу қондырғысын іске қосу мен баптау жұмыстары жүргізілуде деп хабарланған болатын. Каталитикалық крекинг, cұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру (Sulfrex), нафтаны селективті гидрогенизациялау (Prime G ), жұмыстар басталды. Жабдықтар кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады. 4 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баспасөз қызметі…

Read More

CaspianLife, 5 қараша. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу мәселесін түсіндіру жөнінде БАҚ-тан түскен өтініштерге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі пікір білдірді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыға үстемеақы тағайындау тек қана бюджет қаражатының үнемделуінен жүзеге асырылады. Осы қаулымен үнемдеу болған жағдайда сыйақы төлеуге болатын шығындар баптарының нақты тізбесі белгіленген (сапар шығындары, коммуналды және көлік қызметтері, байланыс қызметтері, ғимаратты жалға алу және т.б. бойынша үнемдеу). «Қазіргі уақытта аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақы төлеуді шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеуге тыйым салатын негіздер жоқ. Қаржы…

Read More

CaspianLife, 4 қараша. Мемлекет басшысының киберқылмыспен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің (Polisia.kz) ведомстволық сайтында хабарланғандай, бұл бастама азаматтардың киберқылмыстарға қарсы күрестегі өсіп келе жатқан қауіптерден қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтап, ашумен, сондай-ақ оларға қарсы күрес бойынша стратегиялық шараларды әзірлеумен айналысатын болады. «Технологиялардың қарқынды дамуы мен интернет-қауіптердің артуы жағдайында арнайы бөлімшенің құрылуы қазіргі заманның талаптарына тиімді жауап беруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Саденов. Министр жаңа департаменттің бастығы, полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды, осы салада мол тәжірибесі бар, жеке құрамға таныстырды.» …

Read More

CaspianLife, 4 қараша.  Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша өткен чемпионат өз мәресіне жетіп, Атырау облысының пара волейболшылары бірінші орынды қанжығалады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Чемпионатқа атыраулықтардан бөлек сегіз команда қатысты. Онда Қызылорда қаласынан, Қытай, Сауд Арабиясы және Аустралия елінен келген командалар да бақ сынасты. «Біздің команда өз тобында Сауд Арабиясы мен Қытайдың екі клубын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға бірінші орынмен шықты. Жартылай финалда «Қызылордадан» дәл сондай есеппен басым түсті, Ал финалда қытайлық Zhe Jiang клубымен өткен ойын өте тартысты болды. Атыраулықтар 3:2 есебімен жеңісті қолдан бермей, чемпиондық тұғырға көтерілді. Спортшыларымыз…

Read More

CaspianLife, 4 қараша. Қазақстанның уәкілетті органдарының мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны 9,46 текше шақырымды құрайды. Алайда биыл су көлемі орташа көпжылдық нормадан асып түсті. Сонымен қатар, өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан бағытталған су көлеміне байланысты қалыптасатыны атап өтілді. «Жыл басынан бері министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінің әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Судың тасқын кезеңіндегі көлемдерін реттеу бойынша келіссөздер қарқынды түрде жүргізілетін болады», — деп хабарлады су ресурстары…

Read More

CaspianLife, 4 қараша. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) «Кезби» ЖШС-нің атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы («аса ірі мөлшердегі алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-каналында хабарланғандай, «… ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 миллион теңгені жымқырды және 1,5 миллиард теңге көлемінде салық төлеуден жалтарды».» «2021 жылы «Кезби» ЖШС «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен жөндеу жұмыстары бойынша бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен келісімшарттар жасасты. Кейін, жұмысшылардың әлеуметтік пакетін, соның ішінде жалақы мен медициналық жәрдемақыларды арттыру мақсатында, қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда,…

Read More

CaspianLife, 4 қараша. Бұл туралы  «ҚазМунайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған кезінде айтты. «ҚазМунайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Асхат Хасенов жоспарлы алдын алу  жұмыстарының нәтижелерімен танысып, АМӨЗ басшылығына  жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтап, барлық өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тұрақты технологиялық режимге шығуды тапсырды.» «Кәсіпорынның ағымдағы қызметі мен стратегиялық міндеттері бойынша өткен кеңес барысында АМӨЗ-дің операциялық тиімділігін және энергия қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. А. Хасенов өндірістік және экологиялық жобаларды жүзеге асыруды, зауытты ұлғайтылған жөндеу аралық кезеңге көшуге дайындаудың маңыздылығын атап өтті. ҚМГ басшысы зауыт басшылығына жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту…

Read More

CaspianLife, 4 қараша. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астана қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында айтты. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның жаңа инвестициялық цикліне арналған шараға трансұлттық компаниялар, мемлекеттік органдардың басшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. «Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, әлемдегі инвестициялық белсенділіктің баяулауы, санкциялық қысымның күшеюі, логистикалық жүйенің бұзылуы және жоғары инфляция жағдайында Қазақстан посткеңестік елдері, соның ішінде Орталық Азия мен теңізге шығуы жоқ мемлекеттер арасында тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда көшбасшы орынға ие болды. «Бүгінгі таңда Қазақстан үкіметінің алдында экономика көлемін екі есе…

Read More