Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 қараша. «Андора Констракшн» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтерлер сатқан. Атырау облысының прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың 23 қазан күні  Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Атамекен Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы 2 құрылыс салушы компаниялары да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде…

Read More

CaspianLife, 1 қараша.  Оның ішінде тұмауға жатпайтын риновирус, аденовирус, РС вирус, парагрип, бокавирус аурулары бар. Бұл туралы Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. — Биыл жергілікті бюджет есебінен Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Тұмаудың жыл сайынғы маусымдық вакцинациялау жұмыстары 15 қыркүйекте барлық емханаларда басталды. Облыста тұмауға қарсы 59 510 адам егілді. Оның ішінде 1 023 адам жұмыс беруші есебінен екпемен қамтылғандар. 2 594-і жүкті әйелдер болса, 13 134-і – балалар, — деді А.Аймұратова. Инфекционист-дәрігер Айнұр Казиеваның сөзінше, тұмау, әсіресе, иммунитеті әлсіреген адамдарда, балалар мен қарт…

Read More

CaspianLife, 1 қараша. Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету аясында ҚНБ Шекара қызметі қазан айында уәкілетті органдармен бірлесіп, шекаралық аймақта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 640 адамды ұстады. Шекара қызметінің ресми сайтында хабарланғандай, оның ішінде: — мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін – 27 шетел азаматы; — мемлекеттік шекараны бұзу әрекеті үшін – 30 шетел азаматы. Сонымен қатар, аталған кезеңде (қазан айында) мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалыстың 1 435 фактісі анықталды, оның ішінде: — есірткі құралдары – 41 факт; — қару-жарақ пен оқ-дәрілер – 91 факт (бір оқ өтетін қару, үш газды қару, 25 суық қару, 123 оқ-дәрі, 41 электрошокер); — діни әдебиеттер –…

Read More

CaspianLife, 1 қараша.  Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры болып Досжан Болатбекұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов таныстырды. Досжан Болатбекұлы осыған дейін Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназия директоры қызметін атқарған.

Read More

CaspianLife, 1 қараша.  Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері арасында өтетін дәстүрлі «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауында атыраулық әдіскер жеңімпаздар қатарынан көрінді — деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова. Эльвира Капарова Атырау қаласындағы №30 “Жұмбақ” балабақшасының әдіскері. Ол байқаудың республикалық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болды. Айта кету керек, “Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері республикалық байқауы мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Read More

CaspianLife, 1 қараша. «Шеврон» компаниясының қолдауымен APEC халықаралық оқу орталығының мамандары иммерсивті оқыту, тәлімгерлік және психологиялық көмекті қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың кешенді бағдарламасын іске қосты. Кәсіби мамандар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы әйелдердің өмір сүру сапасын жеке және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктері арқылы жақсартуға ниетті. Қатысушылар жатақханамен, тамақпен, оқу орталығы орналасқан Атырау қаласына бару жол ақысын өтеумен қамтамасыз етілді. Жеті оқыту бағдарламасына мыналар кіреді: • Бизнесті құру және жүргізу негіздері, бизнес-жоспарлау, маркетинг, қаржылық жоспарлау – 5 күн (4-8 қараша 2024 ж.) • Жеке қаржыны басқару негіздері: бюджеттеу, жинақтау, инвестициялау; Қаржылық жоспарлау және жинақтау: табысты қалай дұрыс бөлу керек,…

Read More

CaspianLife, 1 қараша. Атырау қалалық сотында А. (II топ мүгедегі) азаматтың жауапкер жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС) 1 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы шағымы қаралды. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, талап қоюшы тіс емханасына шағымданған, себебі дәрігер оның тісін сапасыз емдеген. «Ем жүргізілгеннен кейін тісінің ауырғаны басылмай, талап қоюшы тіс емханасының дәрігеріне қайтадан барған. Дәрігер тісті қарамай, талап қоюшыға тісі іскен жағдайда қайта келетінін айтып, оны кері қайтарған. Тісінің ісуіне байланысты талап қоюшы сол дәрігерге қайтадан жүгінген. Жауапкер талап қоюшыға облыстық ауруханаға ем алуға жолдама жазып берген. Талап қоюшыға ауруханада беттің іріңдеуі салдарынан ота жасалып, ұзақ уақыт…

Read More

CaspianLife, 1 қараша.  Бір топ адам сөз байласып, витаминдер түрінде жасырылған, адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттары бар анаболиктер мен стероидтерді АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелтпекші болған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. “206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді”, — делінген хабарламада. Ұйымдастырушылар ұсталып, сот оларға қатысты «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. (Ақпарат: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі)

Read More

CaspianLife, 31 қазан. Маңғыстау облысында өлген итбалық саны көбейіп барады. Теңіз жағасынан табылған өлексе саны 289-ға жетті. Мұндай ақпаратты Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері таратты. Олар «Гидробиология және экология институтының» өкілдерімен бірлесіп, Каспий теңізінің Түпқараған ауданы маңындағы жағалауына мониторинг жасаған еді. Мамандар күн сайын Каспий жағалауын тексеріп, теңіз суын бақылап жүрміз дйеді. Бұған дейін Баутино ауылының маңынан 151 итбалықтың өлексесі табылған еді. «Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының өкілдері» теңіз жағасында итбалықтан бөлек, су құстарының да өлексесі жатыр дейді. -Қазіргі уақытта тек қана итбалықтың өлекселері табылды деп дабыл қағудамыз. Алайда, онымен қоса итбалықтармен қоса суда мекендейтін…

Read More

CaspianLife, 31 қазан. “Мұнайшы” стадионында 12-13 жас аралығындағы оқушылар арасында футболдан турнир өтіп жатыр. Оған мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында «DamuBala» платформасының қатысушыларынан 15 және Атырау футбол орталығынан 1 команда қатысуда, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақылбек Мұқановтың айтуынша, турнир апта соңына дейін жалғасады. — Футбол өте тартысты өтіп жатыр. Ойында 4 төреші бар. Жеңімпаз 3 команда қалалық «АFL-2024» футбол турнирінің чемпионы атанады.Мақсаты – балалардың спорттық қабілетін дамыту, тәжірибе жинау және командалық рухты нығайту, — деді А.Мұқанов. Айта кетейік, спорттық дода үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда.

Read More