CaspianLife, 29 қазан. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидың жетекшілігімен өткен ведомствоаралық кеңесте хабарланды. Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте жол саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері қаралды. Кеңеске көлік министрі М.К. Қарабаев, жоғары аудиторлық палата, стратегиялық жоспарлау, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің, қаржы, өнеркәсіп және цифрландыру министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Кездесуде мемлекет басшысының тапсырмасымен Антикор мен көлік министрлігі тарапынан жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды. «Соңғы бес жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды, бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда. 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға азаматтардан автомобиль…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 қазан. Атырау Білім инновация лицейінің 11 сынып оқушылары Гайдар Атағұлла мен Қайырхан Лұқпанов көз жанары нашар көретін адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған «ақылды көзілдірік» ойлап тапты. Олардың жобасы халықаралық Microsoft Imagine Cup Junior 2024 байқауында 500 үздік жоба қатарына кірді ~ деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова. Оқушылар көру қабілеті нашар адамдар жиі кездесетін проблемаларды шешу үшін RikaAI жасанды интеллектін жасап шығарған. RikaAI — бұл интуитивті бағдарлама, жәй ғана саусақпен басу арқылы арқылы іске қосылады. Пайдаланушыларға дауыстық команда беріп, өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның ақпарат беру, мәтінді оқу, нысандарды анықтау және суреттерге…
CaspianLife, 29 қазан. Тәжікстан мемлекеті, Душанбе қаласында 25-27 қазан күндері самбодан спорт шеберлері арасында Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада маңғыстаулық 6 спорт шебері бақ сынап, 3 спорт шебері жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлады Қоғамдық коммуникация орталығы. ҚР самбо федерациясының бірінші вице-президенті, Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының басшысы Манарбек Бисекенов 79 келі салмақта қола жүлдеге, спорт шеберлері арасында Азия және Океания чемпионы Нұрлан Аманиязов 98 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болса, ҚР спорт шеберіне үміткер Мереке Бекешов 88 келі салмақта қола жүлдені қанжығаға байлады. Сондай-ақ, халықаралық экстра-класс төреші маңғыстаулық Берік Жұмағалиев те Әлем чемпионатында жеке марапатқа ие болды.…
CaspianLife, 29 қазан. Апелляция И.-ге қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Атырау қаласының №2 соты И.-ді материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы), 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді. Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 млн. теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Іс апелляциялық алқаға жәбірленуші және қорғау тарабының шағымдары, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша түсті. Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, И.-дің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді. Алқа…
CaspianLife, 29 қазан. Бұл туралы «BAIZAAR MALL» ЖШС заңгері Руслан Ізбасов баспасөз-брифигінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Сауда орталығында 60 дүкен бар. Оны жалға алушылар сауда орталығы қайта қалпына келтірілгенге дейін төлем ақыдан босатылады. Айта кетейік, мұндағы дүкендердің барлығы бірдей бүлінбеген. Өрт салдарынан киім-кешектер мен заттардың біріне су тисе, енді бірі түтін астында қалған. Қазір тергеп тексеру жұмыстары жүруде. Бәрі жекелей қаралады», — деді ол. «Алдын-ала болжам бойынша өрт сауда орталығының екінші қабатында орналасқан «Детский мир» дүкенінің қоймасынан шыққан. Одан әрі 688 шаршы метр аумақтың шатырына жайылған. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт сағат…
CaspianLife, 29 қазан. Байқауға 16 жастан асқан барлық ерікті қатыса алады, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. Волонтерлар 10 номинация бойынша сайысқа түседі. Олар білім, денсаулық бала үйлеріндегі тәлімгерлік, тарихи-мұраларды сақтау, жануарларға қамқорлық, экология, төтенше жағдай, әлеуметтік қызмет, үздік волонтерлық ұйым және жыл волонтері. «Байқауға қатысу үшін еріктілер арнайы өтініш формасын толтырып, ұйымдастыру комитетіне тапсыруы кажет. Құжаттар 5-і қарашасына дейін oi_brend_11@mail.ru электронды поштасында қабылданады. Қазылар алқасы әр номинация бойынша үздіктерді анықтайды», — деді қалалық әкімдіктің баспасөз-хатшысы Ғасырбек Төлеген. Әр номинация бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сертификаттар табысталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құрайды.
CaspianLife, 29 қазан. Көлік министрлігі әуе және теміржол жолаушыларының жеке басын куәландыратын құжатты тексеру, жүк және қол жүгін алып жүру қағидалары мен талаптарына өзгерістер енгізді. Құжат жобасы «Ашық НҚА» ресурсында жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес әуежай және вокзалдағы тексеру қызметкерлері жолаушының жеке басын куәландыратын қағаз құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық жеке куәлігін тексеретін болады. Құжатта айтылғандай өзгерістер мен түзетулер қысқартылған немесе цифрлық форматқа көшірілген анықтама құжаттарды қағаз түрінде талап етпеу үшін енгізіліп отыр. «Бұйрық жобасын қабылдау көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын жолаушыларға жеке басын анықтаған кезде цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсетуге мүмкіндік береді», — делінген құжат жобасында. Жаңа жоба 11 қарашаға…
CaspianLife, 28 қазан. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Индер ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. Кездесуде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен ауданның одан әрі даму жоспары талқыланды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Серік Шапкенов өз баяндамасында ауданға жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, Атырау қаласы мен Индер ауданының орталығы арасындағы облыстық маңызы бар жол құрылысының көңіл көншітпейтінін атап өтті. «Ауданға келе жатқанда арнайы тоқтап, «Атырау-Индер» тас жолының жағдайын көріп келдім. Жүк көліктерінің кесірінен асфальт бұзылған. Бұл жолмен өзіміз қатынаймыз, сондықтан күтіп ұстау маңызды. Тас жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы бақылау камерасы бар полиция көліктерінің санын көбейтеміз. Бұдан бөлек, облыстық маңызы…
CaspianLife, 28 қазан. Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Исмаилияда өтіп жатқан (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде «алтын» еншіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ол 13 жас категориясында үздік деп танылды. 11 жастағы спортшы қыз жеті матч өткізіп, оның бәрінде жеңімпаз атанды. Айта кетелік, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен.
CaspianLife, 28 қазан. Маңғыстау облысында жүргізушілер сұйытылған газ үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Себебі, кейбір газ құю бекеттері жұмыс істемей жабық тұр. Жалпы Маңғыстау облысының жүргізушілері айына 18 мың тонна сұйытылған газ тұтынады. Оның ішінде 16 мың тонна автогазды Жаңаөзендегі «Қазақ газ өңдеу зауыты» беріп отырса, қалған 2 мың тоннасы Атыраудан жеткізіледі. Облыста 462 газ құю станциясы бар. Жергілікті билік мәселенің уақытша қиындық екенін, көп ұазамай шешілетінін айтады. «Қазан айында «Атырау мұнай өңдеу» зауытының жоспарлы тоқтауына байланысты бізге облысқа тек қана 17 мың тонна сұйытылған мұнай-газ жеткізілуде. Осыған байланысты кейбір әсіресе Ақтау және оған іргелес Мұнайлы ауданында кезектің пайда болуы…
